"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі

17.07.2026
Жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, ғылыми зерттеулер және жаңа Конституция – Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын трансформациялаудың негізі
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

2026 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасы түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты рәсіміне қатысты.

Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, Astana IT University, Ұлттыққорғаныс университеті және Ішкі істер министрлігінің Академиясы сияқты жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Соңғы он жылда Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша құқық қорғау органдарының 534 қызметкері білім алды. Оның ішінде 459-ы магистратураны, 75-і докторантураны тәмамдады.

Академияның басты ерекшелігі – әртүрлі ведомстволардың өкілдері бір аудиторияда білім алады. Бұл құқық қорғау қызметіндегі түрлі тәжірибелерді біріктіріп, Заң және Тәртіпті қамтамасыз етуге негізделген бірыңғай кәсіби ынтымақтастық мәдениетімен ортақ экожүйені қалыптастырады.

Салтанатты рәсімді аша отырып, Бас Прокурор бүгінгі түлектер ел дамуының тарихи кезеңінде білімалып шыққанын атап өтті.

Жаңа Конституция адам құқықтарын қорғаудың сапалық жаңа деңгейін бекітіп, алғаш рет адам капиталын дамыту, ғылым, білім беру, азаматтардың цифрлық құқықтары, сондай-ақ прогресстің, инновациялардың және білім құндылықтарын жауапты отансүйгіштіктің конституциялық негізі ретінде айқындады.

Берік Асыловтың айтуынша, дәл осы өзгерістер құқық қорғау жүйесінің одан әрі эволюциясының бағытын айқындайды.

«Бүгінде Академия ғылымды, білімді, IT-технологияларды және практиканы біріктіретін құқық қорғау жүйесінің интеллектуалдық әрі технологиялық өзегіне айналуда. Біз цифрлық ортада тиімді жұмыс істейтін, қатерлерді жаппай сипат алмай тұрып алдын ала болжай алатын жаңа буын мамандарын даярлап жатырмыз.

XXI ғасырда қылмысқа жылдам әрекет ететін емес, оны алдын ала болжай алатын ғана жеңіске жетеді. Сондықтан құқық қорғау жүйесінің болашағы бүгіннен – ғылыми зертханаларда, Академия аудиторияларында және жаңа технологияларды әзірлеу орталықтарында басталады», – деді Берік Асылов.

Бас Прокурор цифрландыруды дамыту елдің жаңа конституциялық моделіне және Мемлекет басшысының азаматтарға мінсіз қызмет етуге, Заң үстемдігін қамтамасыз етуге әрі технологиялық тұрғыдан егемен, икемді Қазақстан құру жөніндегі стратегиялық бағытына толық сәйкес келетінін атап өтті.

Президенттің білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Академия цифрлық криминалистика, киберқылмыстарды тергеу, электрондық дәлелдемелерді, ашық дереккөздерді талдау және құқық қорғау қызметінде жасанды интеллектіні қолдану салаларында мамандар даярлаудың кешенді экожүйесін қалыптастыруда.

Осы мақсатта Цифрлық технологиялар және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл институты құрылып, онда цифрлық криминалистика мен киберқылмыстарды, оның ішінде криптоактивтерді пайдалана отырып жасалған қылмыстарды тергеуге арналған бірегей білім беру бағдарламалары әзірленді.

Тағы бір стратегиялық бағыт – құқық қорғау жүйесінің бірыңғай ғылыми кеңістігін қалыптастыру. Бүгінгі таңда Академияның бастамасымен 60-тан астам ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізілді.

Келесі кезеңде Ғылыми-әдістемелік кеңес азаматтық жоғары оқу орындарының қатысуымен Ведомствоаралық кеңес болып қайта құрылады.

Бұл формат құқық қорғау жүйесін дамытудың бірыңғай шешімдерін әзірлеу үшін ғылыми әлеуетті, практикалық тәжірибені және заманауи білім беру тәсілдерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта Академия зерттеу университеті мәртебесін алуды, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді, қос диплом бағдарламалары мен академиялық ұтқырлықты дамытуды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 час бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 часа бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС