"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СЕМЕЙДІ СӘУЛЕТТЕНДІРУДЕ СЕРПІЛІС БАР

26.05.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыс әкімі Даниал Ахметов өткен аптаның сенбісінде Семейге кезекті жұмыс сапарымен келді. Алдымен шаһардың абаттандырылуына көңіл бөлген аймақ басшысы қала әкімі Айбек Кәрімовпен, қалалық мәслихат депутаттары және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерімен бірге Семейдегі көрікті орындардың бірі Ертістің оң жағалауындағы жалпықалалық сенбілікке қатысты.

Көрікті орынға

айналмақ

Семей қаласын көріктендіру жобасы аясында облыс әкімінің бастамасымен ескі көпір аумағынан бастап Полковничий аралына апаратын өткелге дейінгі аралықты  жаңғырту, абаттандыру шарасы қолға алынған болатын. Осы орайда жаппай сенбілікке шыққан мәслихат депутаттары, әкімдік қызметкерлері жұмыла кірісіп, аумаққа тазалық жүргізді.

Ал мұндағы реконструкциялық жұмыстарды облыс әкімі өзі бастап берді. Жағалаудағы жаяу жүргіншілер жолына тақтатас төсеу  осылайша қызу басталып кетті. Даниал Ахметов қалалық мәслихаттағы халық қалаулыларымен бірге белгіленген жерді тегістеп, құм жаю шарасына қатысты. Кәсіби құрылысшы мамандығы бар облыс әкімі мұндағы жұмыс барысына қаныққан соң, іс басындағы мамандарға қажетті кеңес те берді.

 

{jcomments on}Биыл жаз бойы ұзындығы бір жарым шақырымға жуық жағалаудағы жалпы көлемі 3 мың шаршы метр жерде жұмыс жүргізілмек. Ағаш көшеттері мен гүлзарлар егіліп, каскадты бұрқақ жөнделініп, жартылай дөңгелек пішінді сахна салынбақ.

 

Даниал Ахметов мұндағы атқарылып   жатқан сенбілікке көңілі толатынын білдіргенімен, абаттандыру жұмыстарын әлі де ширата түсу қажеттігін жеткізді.

— Жағалауды көркейту шараларын жылдамдатып, қарқын алдыру міндет. Қажет болса, таңертең ертерек бастап, кешке кешірек қайту керек. Қалалықтар бұл арадағы жұмыстардың  аяқталуын ұзақ тосып қалмауы тиіс. Әдемі жарық шамдар қойыңыздар, ыңғайлы әрі жағалауға көрік беретін орындықтар қойылып, айнала гүлзармен көмкерілсін. Бұл мақсатта тиісті қаражат бөлінді, — деген облыс әкімі қала басшылығы мен коммуналдық мекемелер өкілдеріне аталмыш бағыттағы істі бір жарым, екі ай ішінде аяқтауды міндеттеді.

Д. Кенжетайұлы сенбілік барысында жергілікті мәслихат депутаттары мен қаланың белді кәсіпкерлерімен де Семейді абаттандыру жайлы пікір алысты. Сондай-ақ қалада жаңадан құрылыс нысандарын салу туралы да айтып өтті. Мәселен,           «СемАЗ» ЖШС бас директоры Әсемхан Досқожановқа «Мерей» спорт кешені жанынан облысымыздың барлық аудандарының дарынды балаларына арналған 100 орындық пансионат жобасын әзірлеумен айналысуды тапсырды.

Облыс әкімі сонымен қатар, семейліктерді сенбілік жұмыстарына қалалық мәслихат депутаттарының бастап шық-қаны құптарлық іс екенін айтты. Қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер шаһарда жүргізіліп жатқан барлық жұмыстардың барысын, сапасын қадағалап, қажет кезінде абаттандыру ісіне өздері де атсалысулары керектігін жеткізе кетті. Ал Семейді жақсы көретінін әркім сөзбен немесе атқарушы билікті сынаумен емес, нақты іспен дәлелдеуі керек.

 

Делдалсыз сауда —

тиімділік кепілі

Осыдан соң облыс әкімі Семейдің орталығындағы жаңадан бой көтерген «Ай» сауда үйінің ашылу салтанатына келді. Қос қабатты, сәулеті келіскен ғимарат «Зайтенов» шаруа қожалығының иелігінде екен.

Лента қию рәсімінен соң Даниал Кенжетайұлы сауда үйіндегі бөлімдерді аралап, танысып шықты. Бірден көзге түсетіні — мұнда, негізінен, отандық азық-түлік сөреге қойылған. Оның ішінде, әлбетте, аталмыш шаруа қожалығының өнімдері басым үлеске ие. Сауда үйінің жұмысымен таныстырған облыстық мәслихаттың депутаты, аймағымыздағы белді кәсіпкер Ерлан Зайтенов семейлік тұтынушыға өнімді делдалсыз, тікелей жеткізу мақсатында осындай жеке сауда нүктелерін ашудың тиімділігін жеткізді. Алғаш қала әкімі Айбек Кәрімов көтерген бұл істің қалалықтарға да, өнім өндірушіге де берері мол.

Сауда бөлімдерін аралаған аймақ басшысы әсіресе сүт өнімдері қойылған сөрелер жанында ұзағырақ аялдады. Мұнда майлылық деңгейі әртүрлі қаймақ, айран, ірімшік, балқытылған ірімшік пен сүзбелер қойылыпты. Шығыстың брендіне айналған «Гауда» ірімшігі де қалта көтерімді бағада. Өнімдердің сапасы, өндірілу технологиясы жайлы сұраған Д.Кенжетайұлы ендігі аралықта тауар ассортиментін кеңейтіп, сүттен әзірленген балалар тағамдарын өндіруге де баса көңіл бөлу қажеттігін айтты. Сауда үйінің директоры Ерлан Әмірбекұлы бұл тарапта мүмкіндіктерінің мол екенін жеткізе кетті.

Биыл аталмыш шаруа қожалығының тауарлы — сүт фермасын роботтандыру жобасы сәтімен аяқталған. Демек, өндірісті кеңейтіп, өнімді ұлғайтуға әлеуеті жетеді.

Ал осы сәттері сауда үйінің ашылуына келген қалалықтар арзан бағадағы жергілікті азық-түлік өнімдерінің саудасын қыздырып үлгерді. Әсіресе шұжық өнімдері қойылған павильонда жұртшылық қарасы көбірек еді. «Зайтенов» шаруа қожалығы ет өндіру мен өңдеу бағытында да айтарлықтай жетістікке ие. Мәселен, тұтынушы сұранысына ие шұжықтың пісірілген, ысталған, жартылай ысталған бірнеше түрлерін шығарған. Сатушылар жұртшылық үшін дегустация-лық дастарқан да жайыпты.

Сауда үйінің тағы бір бөлімі нан-тоқаш өнімдеріне арналған. Жоғары және бірінші сортты бидай ұнынан әзірленген ас атасы- аталмыш шаруа қожалығының төл өнімі. Жайқалған астықты алқабы, заманауи диірмендері, соңғы технологиямен жабдықталған наубайханасы бар серіктестіктің бұл өніміне де сұраныс мол.

Сауда үйімен, жеткізілетін өнім сапасымен танысқан облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстарға көңілі толатынын, шаруа қожалығының басшысына әлі де сұранысы жоғары, табиғи азық-түлік түрлерін арттырып, кәсіпкерлікті өрістете беруіне тілектестік білдірді.

Олқылықтардың орны толтырылған

Жұмыс сапары аясында облыс әкімі жаңадан салынып жатқан Жедел медициналық көмек көрсету станциясында да болды. Ағымдағы жылдың ақпан айында аталмыш нысанда болып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлер тарапынан жіберілген кемшіліктерді жоюды тапсырған аймақ басшысы бұл жолы да сын көзбен қарады. Ғимараттың ішкі жұмыстары аяқталуға жақын. Аймақ басшысы, дәлізге төселген кафельдің сапасынан бастап қабырғадағы бояу түсіне дейін мән берді. Ішкі жұмыстарға байланысты жылу батареяларынан бастап ішкі құрылымының әрленуіне баса назар аудару қажеттігін жеткізді. Ғимараттың кең дәлізі сұрланып тұрмауы тиіс.

Медициналық жедел жәрдем станциясының жаңа ғимаратында әр бригадаға арналған бөлмелер, көліктерге арналған орындар мен диспетчерлік қызмет орталығы талапқа сай етілуде. Сонымен қатар   мекемеде орталықтандырылған жылу және су жүйесі де қарастырылған. Семей қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының директоры Николай Мантлердің айтуынша, жаңа ғимарат құрылысы білікті мамандардың жоғары дәрежеде жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттыра бермек.

Облыс әкімі аялдаған келесі нысан «Жедел медициналық жәрдем ауруханасы» болды. Бұл ғимаратта да аймақ басшысы алдыңғы сапарында бірқатар ескертпелер жасап кеткен болатын. Осы жолы өзі атап көрсеткен олқылықтардың орнын толтыру шараларын тыңғылықты қарап шықты. Үш ай бұрын келген сапарында нысанның іші сын көтермейтінін айтқан Д. Кенжетайұлы кемшіліктердің жойылғанына көз жеткізді. Осыған дейін нысанның төбесінен су сорғалап, тіпті қабырғаларының кейір жерлерінің сылақтары да түсе бастаған болатын. Ал қазіргі келбеті тап-тұйнақтай.

Аурухананың қалпына келтірілген жұмыстарымен таныстырған іргелі мекеменің басшысы Қайноллан Мусин жертөлеге де назар аудартты.

Аурухананың жалпы аумағы 51 мың шаршы метр болса, соның 12 мыңы — пайдаланылатын аумақ. Осыған дейін ғимарат орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмағандықтан электр қуатымен жылытылып келген болатын. Ал бұған бюджет қоржынынан қомақты қаражат жұмсалатыны белгілі. Сол себепті облыс әкімі қатты немесе сұйық отынға негізделген дербес қазандық салу қажеттігін тағы бір мәрте қадап айтты. Осы ретте облыстық денсаулық сақтау саласы басшылары мен мекеме басшысына және құрылыс компаниясының өкілдеріне бір ай мерзім ішінде аталмыш мәселе бойынша арнайы жоба қабылдауды міндеттеді.

Құрылыс материалдарының 94 пайызы

Семейде өндірілген

Осыдан соң Даниал Ахметов қаланың Цементшілер кентіндегі жаңадан салынып жатқан 9 қабатты нысанға барды. Бұл сәттері Народная мен Қашаубаев көшелерінің қиылысындағы ғимараттың құрылысы қызып жатқан болатын. Жалға беру үлгісіндегі 32 пәтерлік үйді мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік әріптестік негізінде мердігер фирма «Азия» ЖШС салып жатыр. Тапсырыс беруші «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ екен.

Облыс әкімін жұмыс барысымен жан-жақты таныстырған компания басшысы Әсемхан Досқожанов санаулы күндер бұрын ғана басталған құрылыстың жоғары қарқынмен жүргізіліп жатқанын жеткізді. Тұрғын үйді толықтай  аяқтау уақыты не бары 6 ай ғана. Бір ерекшелігі — пайдаланылып жатқан материалдардың 94 пайызы Семейде өндірілген. Сондықтан да үдерісте іркіліс жоқ. Қазіргі қалыппен межелі мерзімде аяқталатыны анық.

Компания директоры Әсемхан Досқожановтың айтуынша, бұл үй 240 млн. теңгеге салынып жатыр. Алдағы желтоқсан айында толық аяқталып, семейліктер  игілігіне берілмек. Мемлекет және жеке серіктестік аясында жүзеге асқан жоба аз қамтылған және жас отбасыларды, бюджеттік мекеме қызметкерлерін жалдамалы баспанамен қамтымақ. Мердігер тағы да екі үй құрылысын жүргізуді межелеуде.

Өз кезегінде Семейдегі тұрғынүй құрылыстарының барысы жайлы пікір білдірген Даниал Ахметов бұл шаралардың дұрыс қолға алынып, оң бағытта жүргізіліп жатқанын жеткізе кетті.

— Ендігі аралықта Семейдің Қарағайлы ауданында инфрақұрылым жүргізу шарасы тұр. Бұл — біздің тікелей айналысатын жұмысымыз. Қажетті мөлшерде қаржы да бөлетін боламыз. Ол жерде де дәл осындай тұрғын үйлер салсақ, тіптен тамаша болады. Ал Әсемханның қолға алған шарасы көңілден шығады, типтік жобасы ұнады. Цемент пен кірпіш те Семейдегі өндіріс орындарынан алыныпты. Мұның тиімділігі зор. Біз осы компанияға құрылыс жұмыстарын жүргізуге 275 млн. теңге бердік. Қажет жағдайда тағы да қосымша қаржы бөлетін боламыз. Себебі бізге  қалалықтар игілігі үшін әлі де көп үй салуымыз қажет, — деді өз сөзінде облыс әкімі.

Аталмыш құрылыс жобасына жоғары баға берген Д. Кенжетайұлы сонымен қатар алдағы уақытта Семейден «Мерей» спорт кешені жанынан арнайы пансионат салу қажеттілігі жайлы тағы да еске салып өтті.

Осылайша, Семейге жасаған кезекті  сапарын қорытындылаған облыс әкімі  ескертулерден нәтиже шыға бастағанын айтып, тұрғын үй құрылысының дұрыс  бағытта дамып келе жатқанын жеткізді.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

27.03.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мемлекет...

Толығырақ...Details

Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

27.03.2026
Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Абай облысының прокуратурасы мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарымен, әлеуметтік қорғау департаментімен, сондай-ақ облыстық кәсіподақтар...

Толығырақ...Details

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

27.03.2026
Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

Semeytany.kz - Абай облысында Алакөл жағалауын дамыту және 2026 жылдың жазғы маусымына дайындық мәселелері арнайы жиында қаралды. Облыс әкімі Берік...

Толығырақ...Details

Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

27.03.2026
Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Абай облысында пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды экономикалық айналымға тарту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. 2022...

Толығырақ...Details

Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

27.03.2026
Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

Қазақстанда электр энергетикасы саласы стратегиялық маңызға ие. Оның тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі ел экономикасының дамуына тікелей әсер етеді. Осыған...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

23.03.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

Қымбатты отандастар! Бүгін «Тазару күніне» орай еліміздің әр түкпірінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңіне жол ашатын ауқымды экологиялық акция...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

2 дня бұрын

Абай облысының прокуратурасы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын күшейтуде

2 дня бұрын

Ақсуатта туған блогер әлемдік марапаттан кейін облыс әкімімен кездесті

2 дня бұрын

Алакөл жағалауын дамытуға арналған 2026-2028 жылдардың жоспары бекітілді

2 дня бұрын

Абай облысында 2022 жылдан бері 645 мың гектардан астам пайдаланылмаған жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2 дня бұрын

Электрмен жабдықтау: не білу қажет?

2 дня бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуі

6 дней бұрын

Абай жастары Тазару күнінде игі бастамаларды іске асырды

6 дней бұрын

Наурыз мейрамы Абай облысында кең көлемде атап өтіліп жатыр

1 неделя бұрын

Семейде елдің таңдаулы дзюдошылары «ABAI OPEN» турнирінде күш сынасып жатыр

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС