"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

23.07.2026
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтіп жатыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтылды.

Биыл 1 шілдеден бастап «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» жаңа Заң күшіне енді. Құжат аясында қоғамдық көмекшілер институты енгізілді. Осы бағытта алғашқы қоғамдық көмекші ретінде «ЛУЧ» оңалту орталығы тартылып, лудоманияның алдын алу және ойынқұмарлыққа бейім азаматтарды ерте анықтау бойынша бірлескен жұмыс басталды.

— «Қоғамдық көмекшілер институты – құқық бұзушылықтардың алдын алуда қоғамның белсенді қатысуына мүмкіндік беретін жаңа тетік. Бүгінде лудоманияның алдын алу және азаматтарды заңсыз құмар ойындарға тартуға жол бермеу бағытында бірлескен жұмыстар жүргізілуде», – деді Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Сәкен Кондубаев.

Департамент интернет кеңістігіндегі заңсыз контентпен күреске де ерекше көңіл бөледі. Бүгінге дейін 2 700-ден астам заңсыз интернет-сілтеме бұғатталған. Сонымен қатар жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында жоғары оқу орындары, колледждер мен балалар лагерлерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

— «Біздің басты міндетіміз – құқық бұзушылық болғаннан кейін әрекет ету емес, оның алдын алу. Сондықтан азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтық, қаржылық пирамидалар мен заңсыз онлайн-казинолардың қаупін түсіндіруге ерекше мән беріп отырмыз», – деді Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Превенция және талдамалық әзірлемелер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Сейілханов.

Брифинг барысында құрылыс саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары да айтылды. Талдау нәтижесінде 84 құрылыс нысаны бойынша рұқсат құжаттарының жоқтығы немесе толық рәсімделмегені анықталған. 31 нысан бойынша сотқа талап-арыз жолданып, 11 тұрғын үй кешеніне қатысты бұзу туралы сот шешімі заңды күшіне енді.

Сонымен қатар мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстар саласындағы жүйелі тәуекелдерді жою бойынша ұсыныстар енгізілген. Қазіргі таңда балаларды қайталап тіркеуге жол бермеу және бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай цифрлық платформа пилоттық режимде бес өңірде енгізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 час бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 час бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 часа бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС