"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды

27.07.2026
Мақаншы ауданында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің құрылысы басталды
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу
Бүгін Мақаншы ауданының Бақты ауылында мультимодальды құрғақ порт пен логистикалық парктің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли, «Port Baqty» ЖШС құрылтайшысы Қайрат Итемгенов қатысты.
Аймақ басшысы құттықтау сөзінде жаңа нысанның маңызына тоқталып, жобаның облыс үшін ғана емес, еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту бағытында стратегиялық мәнге ие екенін атап өтті.
«Бүгін біз Абай облысының ғана емес, бүкіл еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған маңызды жобаның басталуына куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі жетекші транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейтуді және еліміздің транзиттік әлеуетін арттыруды стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде айқындады. «Біз жаңа теміржол желілерін тартып, Транскаспий көлік бағыты, яғни, Орта дәліз арқылы жүк тасымалдау мүмкіндігін арттырып жатырмыз», – деп айрықша атап өткен болатын.
Бақтыдағы бұл жоба – аталған міндеттерді іске асыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Бақты құрғақ порты – жай ғана инфрақұрылымдық жоба емес. Бұл – халықаралық сауда, көлік және логистика салаларын тоғыстыратын, өңірдің экономикалық өсіміне серпін беретін жаңа даму нүктесі. Біз бұл жобаның жаңа инвестицияларды тартуға, кәсіпкерліктің дамуына, экспорттық әлеуеттің артуына және шекара маңы аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосатынына нық сенімдіміз. Облыс әкімдігі өз тарапынан жобаны жан-жақты сүйемелдеуді жалғастырып, оның табысты іске асырылуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға дайын. Бұл жоба Абай облысының ғана емес, тұтас Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін», – деді Берік Уәли.
Бақты мультимодальды құрғақ порты Достық және Қорғас өткелдерінен кейін Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол шекара өткелі болады. Жаңа логистикалық торап Қазақстан–Қытай шекарасының өткізу қабілетін жылына қосымша 20–25 млн тоннаға арттырып, қолданыстағы өткелдердің жүктемесін азайтады.
Терминалдың жобалық қуаты – жылына 1 млн контейнер. 2032 жылға қарай оның 700 мың контейнерге дейінгі көлемін игеру жоспарланған. Жобаның бірінші кезеңінде 210 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынып, 200 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Қаржыландыру жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.
Кешен құрамында контейнерлік және астық терминалдары, қойма кешендері, кедендік және логистикалық инфрақұрылым, автокөлік терминалы мен сервистік нысандар салынады. Сонымен қатар жалпы ауданы 50 мың шаршы метрге дейін жететін бондтық қоймалар қарастырылған.
Құрылыс кезеңінде 800–1200 адам жұмыспен қамтылады. Терминал толық іске қосылғаннан кейін 500–1000 тұрақты жұмыс орны құрылып, сервистік салалардың дамуы есебінен ауданда тағы 1500–2000 жаңа жұмыс орны пайда болады.
Жоба құрамында вахталық және шақырылған қызметкерлерге арналған 200 орындық қонақүй кешені салынады. Оның құрамында асхана, кір жуу орны, спорт залы және тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық пункт қарастырылған.
Инвестициялық бастаманы іске асыру 2026-2028 жылдарға жоспарланған. Жаңа кешеннің іске қосылуы өңірдің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, халықаралық транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар экспорт көлемін ұлғайтып, Мақаншы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына және жаңа инвестициялардың тартылуына оң ықпал етеді.
Қазіргі уақытта нысанды орналастыру үшін Мақаншы ауданы Бақты ауылдық округі аумағынан 150 гектар жер учаскесі белгіленді. Бастаманы жүзеге асыру бойынша жобалау, ұйымдастыру және дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Айта кетейік, Абай облысында 2026 жылы жалпы құны 131,2 млрд теңгені құрайтын 41 инвестициялық жобаны іске асыру және 3263 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жалпы құны 34,62 млрд теңгені құрайтын 14 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 598 жаңа жұмыс орны құрылды. 22 шілдеде Аягөз ауданында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Aйдарлы» тау-кен байыту комбинатының іргетасын қалау рәсімі өтті. Кәсіпорын толық қуатына шыққан соң жылына 75 млн тонна кен, 226 мың тонна концентраттағы мыс және 3,55 мың тонна концентраттағы молибден өндіреді деп жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру кезеңінде үш мыңнан астам жұмыс орны ашылады.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

52 минуты бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 час бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 час бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 час бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

2 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС