"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды
27
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан «Абайға құрмет» акциясы аясында салынған алғашқы нысан болды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Абай облысының әкімі Берік Уәли, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов және қала тұрғындары қатысты.

Берік Уәли өз сөзінде жаңа алаңның ашылуы өңіраралық ынтымақтастық пен ел бірлігінің маңызды белгісі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Рәміздер алаңын салуға қолдау көрсеткен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары мен өңір басшылығына алғыс білдірді.

«Бұл – акция аясында пайдалануға беріліп отырған алғашқы нысан. Рәміздер алаңы небары алты айға жетпейтін уақытта Бейбітшілік аралында бой көтерді. Енді мұнда мемлекеттік ту көтеру секілді ресми әрі мәртебелі шаралар тұрақты түрде өтетін болады», – деді облыс әкімі.

Жаңа алаң Бейбітшілік (Түйемойнақ) аралында орналасқан. Оның жалпы аумағы 2 гектарды құрайды. Дөңгелек пішінде жобаланған нысанның диаметрі – 28 метр.

Алаң композициясының негізгі бөлігі – биіктігі 35 метрлік Мемлекеттік Ту тұғыры. Ал Мемлекеттік Елтаңба мен Әнұран мәтіні 10 метр биіктікте орналасқан. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік, демалыс орындары, орындықтар мен көгалдандырылған гүлзарлар қарастырылған.

Бейбітшілік аралының тарихы да ерекше. Мұнда ядролық сынақтардың тоқтатылуына орай биіктігі 20 метрлік «Өлімнен де күшті» монументі және полигонның жабылғанына 20 жыл толуына байланысты 25 метрлік Бейбітшілік стэлласы тұрғызылған. Биыл аталған нысандарға күрделі жөндеу жүргізіліп, аумағы абаттандырылды.

Алдағы уақытта аралда Президенттің тапсырмасына сәйкес тұрғындарға арналған 56 гектарлық Экологиялық саябақ салу жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің құттықтауын жеткізді. Оның айтуынша, Рәміздер алаңы – екі өңір арасындағы достық пен бүкіл елдің бірлігін білдіретін нысан.

Шара барысында алаңның құрылысына үлес қосқан азаматтарға Абай облысы және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің Алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар әншілер Ибрагим Ескендір мен Қуандық Рахым патриоттық әндер орындады.

«Абайға құрмет» акциясы аясында Семейде басқа да ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықта Маңғыстау облысының сыйлығы – Достық үйі, Шымкенттің тартуы – шығармашылық орталық, Алматының сыйлығы – медиаорталық және Павлодар облысының тартуы – үстел теннисі орталығы салынып жатыр.

Сонымен бірге қаланың сол жағалауында Ақтөбе облысының сыйлығы – Жекпе-жек сарайының құрылысы басталды. Түркістан облысы көрме орталығын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» ғимаратын, Атырау облысы «Абай әлемі» орталығын, Жетісу облысы қала қақпасын, Батыс Қазақстан облысы спорт кешенін, Қостанай облысы руханият орталығын салуды жоспарлап отыр.

Астана қаласы Семейде 1500 орындық «Келешек» мектебін салуға ниетті болса, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандырмақ.

Акцияға ірі компаниялар мен қоғамдық қорлар да атсалысуда. «KAZ Minerals» жаңа шағын ауданда үлкен стадионның құрылысын бастап кетті. Жеке қоғамдық қор қаражатына 5 мың адамға арналған мешіттің іргетасы қаланды. «Самұрық-Қазына» Мирный кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салып жатыр.

Алдағы уақытта Семейде «Қазақстан халқына» қорының Инклюзивті спорт орталығы мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Болашақ сарайы бой көтермек.

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

38 минут бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

49 минут бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 час бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 час бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

2 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС