"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

11.08.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еңбек өтілін растайтын анықтаманы қалай алуға болады?

Еңбек өтілін растайтын архивтік анықтаманы келесі жолдармен алуға болады:

1. Еңбек өтілін растау:

• eGov.kz порталы арқылы («Құқықтық көмек» бөлімі);
• Жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе бұрынғы жұмыс берушіде);
• Мемлекеттік архив арқылы – егер ұйым жабылған болса;
• Халыққа қызмет көрсету орталығында (ЦОН).

​Архивтік анықтама алу үшін Egov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміндегі «Архивтік анықтамаларды беру» қызметібойынша «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет. Барлықміндетті өрістерді толтырып, құжаттарды тіркеу керек. Өтінішті ЭЦҚ(электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы немесе SMS-пароль арқылы қол қоюқажет (мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы міндетті). Жеке кабинетте(«Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) жасалған электрондық құжатпен жәнеөтініштің нәтижесі туралы хабарламамен танысуға болады.

Мемориалдық тақта орнату үшін қандай құжаттар қажет?

«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсетуқағидаларына сәйкес келесі құжаттар ұсынылады: архивтік және өзге дерастайтын құжаттардың электрондық көшірмелері; мемориалдық тақтаныңэскизі; ғимарат немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) жазбашакелісімі.

«Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін алуүшін өтініш беруші төмендегі құжаттарды ұсынуы қажет:

1. Аса көрнекті тұлғаның еңбегін немесе тарихи оқиғаның маңызынрастайтын құжаттардың электрондық көшірмелері және өзге де растайтынқұжаттар:

— архивтік анықтамалар;

— ғылыми зерттеулер;

— музей материалдары.

Аталған құжаттарды мемлекеттік архивтерден, музейлерден, ғылымиұйымдардан және басқа да тиісті мекемелерден алуға болады.

2. Мемориалдық тақтаның эскизі.

Эскизде тақтаның сыртқы көрінісі, мәтіні және орналастыру ерекшеліктерікөрсетілуі тиіс. Эскиз сәулетші, дизайнер немесе өзге де білікті мамантарапынан әзірленеді.

3. Ғимарат немесе құрылыс иесінің жазбаша келісімі.

Мемориалдық тақта орнатылатын нысанның меншік иесінің (иелерінің) немесеөзге де заңды иесінің жазбаша келісімі ұсынылуы қажет. Егер мемориалдықтақта көппәтерлі тұрғын үйге орнатылатын болса, келісім пәтер иелерікооперативінен немесе мүлік иелері бірлестігінен алынады.

Мысалы: Белгілі қазақ жазушысына мемориалдық тақта орнату ұсынылды. Мемориалдық тақта жазушы ұзақ жылдар тұрған үйдің қабырғасынаорналастырылмақ. Бұл жағдайда өтініш беруші алдымен жазушының осымекенжайда тұрғанын және оның қоғамға сіңірген еңбегін растайтын архивтіканықтамаларды, музей материалдарын немесе басқа да құжаттарды жинайды. Кейін мемориалдық тақтаның мәтіні мен сыртқы көрінісі көрсетілген эскизәзірленеді. Сондай—ақ мемориалдық тақта орнатылатын ғимараттың меншікиесінен немесе көппәтерлі тұрғын үй болса, мүлік иелері бірлестігінен не пәтериелері кооперативінен жазбаша келісім алынады. Осы құжаттардың барлығымемлекеттік қызмет көрсету үшін уәкілетті органға ұсынылады.

 

 

Бюст орнату бастамасын кім көтере алады?

Бюст орнату бастамасын төмендегі тұлғалар көтере алады:

1) Жеке тұлғалар – азаматтар, қоғам қайраткерлері, тарихи тұлғаның туыстары.

2) Қоғамдық бірлестіктер мен қорлар.

3) Мемлекеттік органдар (әкімдік, мәдениет бөлімі).

4) Ұйымдар мен мекемелер (мектептер, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар).

5) Демеушілер мен меценаттар.

Алайда бюст орнату жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) келісіміменжәне мәдениет, сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнама талаптарынасәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында бюст (ескерткіш) орнату мәселесі тарихи—мәденимұраны қорғау және монументтік өнер объектілерін орналастыру қағидаларынасәйкес реттеледі. Бұл бастама еркін түрде көтеріле алады, алайда шешімқабылдау белгілі бір рәсімдік тәртіп арқылы жүзеге асырылады.

1. Бастаманы кім көтере алады?

Бюст орнату бастамасын:

— жеке тұлғалар (азаматтар, бастамашыл топтар);
— қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер ұйымдары;
— ғылыми, білім беру және мәдени ұйымдар;
— шығармашылық одақтар;
— жергілікті атқарушы органдар (ауылдық округ, аудан, қала әкімдігі) көтереалады.

2. Қай орган қарайды?

Бастама ең алдымен тиісті аудан/қала әкімдігіне ұсынылады. Құжаттаржергілікті атқарушы орган арқылы қаралады.

Монументтік өнер объектілерін орнату мәселесі арнайы комиссиядаталқыланады. Комиссия құрамына тарихшылар, сәулетшілер, мәдениетсаласының мамандары және мемлекеттік органдар өкілдері кіреді.

Егер тұлға республикалық деңгейдегі маңызы бар қайраткер болса, мәселеҚазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігімен келісуді талапетуі мүмкін.

3. Қандай құжаттар ұсынылады?

Әдетте төмендегі құжаттар қажет:

— ресми ұсыныс хат (негіздемемен);
— тұлғаның өмірбаяны және тарихи еңбегі туралы ақпарат;
— орнатылатын жердің ұсынылған схемасы;
— қаржыландыру көзі туралы мәлімет (бюджеттен тыс немесе демеушілік);
— эскиздік жоба (сәулеттік шешім);

—    қоғамдық қолдау туралы материалдар (болған жағдайда).

4. Қаржыландыру

Бюст:

— жергілікті бюджет есебінен;
— демеушілік қаражат есебінен;
— қайырымдылық қаражат есебінен орнатылуы мүмкін.

Мемлекеттік бюджет есебінен орнату үшін тиісті мәслихат шешімі қажет.

5. Қарау тәртібі

Ұсыныс әкімдікке беріледі.

Әкімдік жанындағы комиссия қарайды.

Тарихи—мәдени сараптама жүргізіледі.

Жер учаскесі мен қала құрылысы талаптары тексеріледі.

Қорытынды шешім қабылданады.

Оң шешім қабылданған жағдайда жобалау және орнату жұмыстары заңнамағасәйкес жүзеге асырылады.

6. Қандай жағдайда бас тартылуы мүмкін?

— Тұлғаның тарихи рөлі жеткілікті негізделмесе;

— Ұсынылған орын қала құрылысы талаптарына сәйкес келмесе;

— Құжаттар толық ұсынылмаса;

— Қоғамдық пікір ескерілмесе.

 

 

Тарихи—мәдени мұраның жаңа объектілерін республикалық немесежергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерініңмемлекеттік тізімдеріне енгізу тәртібі қандай?

Тарихи—мәдени мұра объектілеріне мәртебе беруді уәкілетті орган ҚазақстанРеспубликасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (МАМ) жанындағыТарихи—мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынысы ментарихи—мәдени сараптама қорытындысы негізінде облыстардың, республикалықмаңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) ұсыныстарыбойынша жүзеге асырады.

Тарихи—мәдени объектінің маңыздылығын анықтау үшін ЖАОтарихи—мәдени сараптама қорытындысын әзірлеу жұмыстарын жүргізеді. Бұлжұмысқа тарихи—мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындақызмет ететін, тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми—реставрациялықжұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыруғалицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар, сондай—ақ ҚазақстанРеспубликасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми—техникалық қызмет субъектісінің аккредитациясы бар тұлғалартартылады (Қазақстан Республикасының «Тарихи—мәдени мұра объектілерінқорғау және пайдалану туралы» Заңының 36-бабы).

Ары қарай ЖАО мәдени—тарихи мұра объектісіне тарих және мәдениетескерткіші мәртебесін беру мәселесін МАМ жанындағы Мәдени—тарихи мұрамәселелері жөніндегі арнайы комиссияның қарауына енгізу туралы ұсынысбереді.

Егер ЖАО толық құжаттар пакетін ұсынса, оның ішінде:

—           тарихи—мәдени сараптама қорытындысы;

—           мәдени—тарихи мұра объектісінің төрт ракурстан түсірілгенфотосуреттері;

 

—           Мәдени—тарихи мұра объектісінің есептік карточкасы;

МАМ ЖАО ұсынысын Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.

Егер құжаттар пакеті толық болмаса, мәдени—тарихи мұра объектісіне тарихжәне мәдениет ескерткіші мәртебесін беру мәселесін қараудан бас тартуға негізболады және бұл жағдайда құжаттар түскен күннен бастап бес жұмыс күніішінде ЖАО—ға қараусыз қайтарылады.

Жергілікті атқарушы органдардың мәртебе беру туралы ұсыныстарынуәкілетті органның, оның ішінде арнайы комиссияның қарау мерзімі оларқарауға түскен күннен бастап 45 (қырық бес) күнтізбелік күнді құрайды.

Арнайы комиссия мәртебе беру туралы жергілікті атқарушы органдардыңұсынысын тарихи—мәдени сараптама қорытындысы негізінде қарайды.

Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларүшін комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілікдауысы берілсе, қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру осы Ереженіңқосымшасына сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру арқылыөткізіледі. Комиссия мүшелері ерекше пікір білдіруге құқылы, егер олбілдірілсе, жазбаша түрде баяндалуы және хаттамаға қоса тіркелуі тиіс. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешімқабылданған болып есептеледі. Комиссия отырыстарының нәтижелері бойыншахаттама жасалады, оған комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаорынбасары қол қояды.

ЖАО ұсынысын қарау қорытындысы бойынша арнайы комиссия объектігемәртебе беру немесе мәртебе беруден бас тарту туралы ұсыныстық сипаттағышешім шығарады.

Уәкілетті органның ұсыныстарды келісу туралы шешімі негізінде ЖАОтарихи—мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениетескерткіштері деп таниды және оларды жергілікті маңызы бар тарих жәнемәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізеді. Арнайы комиссияұсынған жаңа объектілерді республикалық маңызы бар тарих және мәдениетескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізуді мәдени—тарихи маңызы баробъектілерді қорғау және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган, яғни ҚРМәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.

 

Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын алуүшін өтінімдер қалай және қайда тапсырылады?

Көркемөнерпаздар ұжымдарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын берурәсімі – бұл мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.

Қабылдау тәсілдері:

—    Қағаз түрінде: жергілікті уәкілетті органға;

—    Электронды түрде: www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы.

Қызмет тегін көрсетіледі.

Қажетті құжаттар:

1.   ЭЦҚ арқылы куәландырылған өтінім;

2.   Ұжым жиналысының хаттамасы;

3.   Мінездеме, жетекшілер туралы мәліметтер, репертуар, жылдық жоспар, концерттік бағдарлама, қатысушылар тізімі;

4.   Марапаттар туралы құжаттардың көшірмелері;

5.   Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ұжымның қызметі жайындакемінде 3 мақала;

Маңызды:

Құжаттар толық жолданбаған жағдайда немесе мерзімі өткен жағдайда – өтінімкері қайтарылады.                                                    

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1 (бір) жұмыс күні.

Мысал (әрекет алгоритмі):

1. «Шабыт» халықтық би ансамбліне «Халықтық» атағын беру туралы шешімқабылданады.
2. Ұжым басшысы қажетті құжаттарды дайындайды:
• ЭЦҚ арқылы расталған өтініш;
• ұжым жиналысының хаттамасы;
• мінездеме, жетекшілер туралы мәліметтер, репертуар, жұмыс жоспары, концерттік бағдарлама, қатысушылар тізімі;
• марапаттарды растайтын құжаттардың көшірмелері;
• ұжым қызметі туралы БАҚ—та жарияланған кемінде 3 мақала.
1. Құжаттар жергілікті мемлекеттік органға қағаз түрінде немесе egov.kz порталы арқылы электронды түрде тапсырылады.
2. Уәкілетті орган құжаттардың толықтығын тексереді.
3. Егер құжаттар толық әрі жарамды болса, өтінім қарауға қабылданады.
4. Комиссия ұжымның шығармашылық деңгейін қарап, «Халықтық» немесе«Үлгілі» атағын беру туралы шешім шығарады.
5. Егер құжаттар толық болмаса немесе мерзімі өтіп кеткен анықтамаларболса, өтінім кері қайтарылады немесе қабылданбайды.

 

 

 

Балалар үшін музейлерге тегін бару қарастырылған ба?

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 19.05.2017 жылғы № 142 «Мәдени ұйымдарға тегін қолжетімділікті қамтамасыз етутуралы» бекітілген бұйрығына сәйкес азаматтардың мәдени құндылықтарға қолжеткізу құқығы қамтамасыз етіледі, соның ішінде балалар мен оқушылар үшінмузейлерге жеңілдік немесе тегін кіру ұйымдастырылады.

Атап айтқанда, Абай облысының музейлеріне жалпы білім беретін мектепоқушылары үшін оқу демалысы (соның ішінде жазғы демалыс кезеңінің толықуақытына) кезінде музейге кіру тегін. Сондай—ақ, әр айдың 3-ші жексенбісіндеазаматтардың барлық санаттары үшін музейге кіру тегін.

Мысалы: 2026 жылғы 10 маусым күні жазғы демалыс кезінде №15 мектептің 7-сынып оқушылары Абай облыстық тарихи—өлкетану музейінеэкскурсияға келді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы№142 бұйрығына сәйкес мектеп оқушылары үшін каникул уақытында музейгекіру тегін болғандықтан, оқушылар музейді ақысыз негізде тамашалады.

 

 

Әскери қызмет өткерген азаматтар үшін қолданылатын қаңдайжеңілдіктер бар?

Әскери қызмет өткерген азаматтар үшін жоғарғы оқу орындарына екі жылішінде жоғары оқу орындарында ақысыз оқу (грант) мүмкіндігі және ҰБТ(Ұлттық бірыңғай тестілеу) тапсырмай—ақ түсу мүмкіндігі, кредиттікдемалыстар, мемлекеттік органдарға және күштік құрылымдарға жұмысқаорналасу кезінде басымдықтар беріледі.

Мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарға берілетін бонустар менартықшылықтар (әсіресе Абай облысы үшін жастарды қызметке ынталандыруүшін маңызды):

Жоғарғы оқу орындарына түсу: Запастағы қызметтен шыққаннан кейін екіжыл ішінде жоғары оқу орындарында ақысыз оқу (грант) мүмкіндігі және ҰБТ(Ұлттық бірыңғай тестілеу) тапсырмай—ақ түсу мүмкіндігі.

Кредиттік демалыстар: Мерзімді әскери қызмет өту кезеңінде кредиттікдемалыстар алу мүмкіндігі.

Жұмысқа орналасу: Мемлекеттік органдарға және күштік құрылымдарғажұмысқа орналасу кезіндегі басымдықтар.

Толық ақпарат алу және жеке консультация үшін Абай облысыныңазаматтары Абай облысының Қорғаныс істері департаментіне хабарласуы қажет.

 

Жеңілдіктерді алу үшін шарттар

Білім беру

Шарттар:

•       Азамат мерзімді әскери қызметті толық өтіп, запасқа шығарылуы тиіс.

•       Жеңілдік запасқа шыққаннан кейінгі екі жыл ішінде қолданылады.

•       ҰБТ тапсырмай оқуға түсу құқығы тек алғашқы жоғары оқу орнына(бірінші деңгейдегі білімге) беріледі.

•       Запасқа шыққаны туралы анықтама және әскери қызметті өткергенінрастайтын құжаттар ұсынылуы қажет.

 Кредиттік каникулдар

Шарттар:

•       Кредиттік каникулдар тек нақты әскери қызмет мерзімінде беріледі.

•       Азамат банкке хабарлап, шақырылғаны туралы анықтама ұсынуы тиіс.

•       Қызмет аяқталғаннан кейін төлемдер қайта жалғасады.

 Жұмысқа орналасу

Шарттар:

•       Жұмысқа орналасудағы артықшылық мерзімді әскери қызметті толықөткерген және оны растайтын құжаттары бар азаматтарға беріледі.

•       Жеңілдік мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарынажұмысқа қабылдау конкурстарында қолданылады.

•       Әскери тәжірибе мен тәртіптілік іріктеу барысында артықшылықретінде есепке алынады.

Бұл жеңілдіктер Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскериқызметшілердің мәртебесі туралы» Заңында бекітілген және жастарды әскериқызметке ынталандыруға бағытталған.

 

«Жасыл ел» еңбек жасақтарына кімдер қатыса алады?

Жастардың еңбек лагерлері жастарды, уақытша жұмыссыз жастардыуақытша жұмысқа орналастыруға арналған. Қатысуға:

— уақытша жұмыссыз жастар
— уақытша жұмыссыз,
— білім беру ұйымдарында білім алмайтын немесе кәсіптік даярлықтан, қайтадаярлаудан өтпейтін және жұмыспен қамту және білім беру саласынан тысжастардың бір бөлігі.

Негізгі талаптар:

— Қазақстан Республикасының азаматы болу;
— 14 (он төрт) жастан 35 (отыз бес) жасқа дейінгі азаматтар тапсыра алады.

Жастар қала және аудандардың елді мекендерін абаттандыру және көгалдандыружұмыстарына тартылады.

«Жастар еңбек жасақтарына» қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) нысан бойынша өтініш;

2) сауалнама;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) кәмелетке толмаған азаматтар үшін ата—анасының не заңды өкілдерініңбірінің жазбаша келісімі;

5) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама.

Жастар еңбек жасақтары өз қызметін тиісті әкімшілік—аумақтық бірлікшегінде мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:

1) көшелерді, скверлер мен саябақтарды абаттандыру;

2) аумақтарды көгалдандыру;

3) бос уақытты ұйымдастыру бойынша жұмыс, мәдени—бұқаралықіс—шараларды өткізу және оған қатысу;

 

Жастар ресурстық орталықтары ұсынылған құжаттардың толықтығынтексереді және түскен кезде 10 (он) және одан да көп өтініштер жастардың еңбекжасақтарына енгізу үшін тізімдер қалыптастырады.

Жастар еңбек жасақтары кәмелетке толмағандар мен ересектерді бөлеотырып, бір жас қағидаты бойынша құрылады.

Жастар ресурстық орталықтары тізімдерді жастар еңбек жасақтарына енгізуүшін жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

Жергілікті атқарушы органдар тізімдер негізінде жастардың еңбекжасақтарына қосу үшін жастардың еңбек жасақтарын дербес қалыптастырады.

Мысалы, 19 жастағы колледж студенті Ержан жазғы демалыс кезіндеуақытша жұмыс істеп, тәжірибе жинақтағысы келеді. Ол аудандық жастарресурстық орталығына немесе «Жасыл ел» бағдарламасының штабына өтінішберіп, еңбек жасағына қабылданады. Қабылданғаннан кейін Ержан саябақтардыабаттандыру, ағаш отырғызу, көшелерді көгалдандыру және қоршаған ортанытазарту жұмыстарына қатысады. Атқарған еңбегі үшін белгіленген тәртіппенжалақы алады.

Тағы бір мысал, 16 жастағы мектеп оқушысы Аружан жазғы каникул кезінде«Жасыл ел» жасақтарының құрамында жұмыс істеп, гүлзарларды күтіп—баптаужәне елді мекенді көркейту шараларына қатыса алады.

Осылайша, «Жасыл ел» бағдарламасы жастарды еңбекке баулуға, қоршағанортаны қорғауға және уақытша жұмыспен қамтуға бағытталған.

  

«Дипломмен ауылға» жобасына қатысу үшін құжаттарды қалай тапсыруғаболады?

Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушыэлектрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен немесе бір реттік парольменкуәландырылған otbasybank.kz Баспана Маркет Порталда тіркеуді жүзегеасырады және көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадайқұжаттарды ұсынады:

 ​l) көтерме жәрдемақы алған кезде:

— өтініш;
— жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіненэлектрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
— білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат(сәйкестендіру үшін);
— көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттыңкөшiрмесi;

 

2) тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:

—  өтiнiш;

—  жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіненэлектрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

—  білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондыққұжат (сәйкестендіру үшін);

—  көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттыңкөшiрмесi;

— неке қию (ерлі—зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетінқызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат(сәйкестендіру үшін);

— Кредиттік бюродан есеп;

 

3) тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:

— өтiнiш;

— жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіненэлектрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

— білімі туралы диплом не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат(сәйкестендіру үшін);

— көрсетілетін қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттыңкөшiрмесi;

— неке қию (ерлі—зайыптылық) туралы куәлік не некеде тұрған көрсетілетінқызметті алушылар үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат(сәйкестендіру үшін);

— Кредиттік бюродан есеп.

 ​Көрсетілетін қызметті алушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынумемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және оны аудандар меноблыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының ауылдықаумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органдары көрсетеді (ауданныңэкономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі, ауданның экономика және қаржыбөлімі).

 

Сыртқы (көрнекі) жарнама дегеніміз не және оны орналастыру үшін неістеу қажет?

Сыртқы (көрнекі) жарнама – ғимараттардан тыс ашық кеңістіктеорналастырылатын жарнама (баннерлер, билбордтар, маңдайшалар, жарықтаблолары және басқа да жарнамалық конструкциялар). Оны орналастыру үшінҚазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабарламаберу немесе келісім алу қажет.

Сыртқы (көрнекі) жарнама арнайы жарнамалық конструкцияларда, ғимараттардың қасбеттерінде, құрылыстарда және өзге де объектілердеорналастырылады. Оны орналастыру тәртібі Қазақстан Республикасының«Жарнама туралы» Заңымен және сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруқағидаларымен реттеледі.

Елді мекендерде немесе ғимараттардан тыс ашық кеңістікте жарнамаорналастыру кезінде сәулет, қала құрылысы, абаттандыру талаптары мен өзге дезаңнамалық нормалар сақталуы тиіс. Кейбір жағдайларда жергілікті атқарушыорганмен немесе автомобиль жолдары саласындағы уәкілетті органмен келісуқажет.

Алгоритм:

1.Жарнаманы орналастыратын орынды анықтау.

2.Таңдалған орынның заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру.

3.Қажетті құжаттарды дайындау.

4.Уәкілетті органға хабарлама беру немесе келісім алу.

5.Белгіленген талаптарды сақтай отырып жарнаманы орналастыру.

6.Заңнамада көзделген жағдайда жарнаманы орналастырғаны үшін төлемжасау.

Мысал:

Кәсіпкер сауда нысанының жанында билборд орнатуды жоспарлады. Олсыртқы жарнаманы орналастыру туралы хабарлама беріп, белгіленгенталаптарды сақтай отырып жарнамалық конструкцияны орналастырды.

 

Қоғамдық кеңес деген не және оған қалай мүше болуға болады?

Қоғамдық кеңес – мемлекеттік органдардың қызметіне қоғамдық бақылаужүргізетін және ұсыныс беретін консультативтік орган. Мүшелікке конкурсарқылы қабылданады.

Оның қызметі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан РеспубликасыныңЗаңы негізінде реттеледі.

Негізгі міндеттері:

— мемлекеттік органдардың шешімдерін талқылау;
— бюджеттік бағдарламаларды қарау;
— халықтың пікірін жеткізу;
— мемлекеттік орган қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу.

Қоғамдық кеңеске мүше болу алгоритмі

1-қадам: Хабарландыруды қадағалау.

Қоғамдық кеңес құрамын қалыптастыру туралы хабарландыру:

— әкімдіктің ресми сайтында;
— әлеуметтік желілерде; бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

2-қадам: Құжаттарды дайындау.

Үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

— өтініш;
— өмірбаян (резюме);
— жеке куәлік көшірмесі;
— келісім (дербес деректерді өңдеуге);
— ұсыныс хат (бар болса).

3-қадам: Құжаттарды тапсыру.

Құжаттар: қағаз түрде немесе электронды форматта тапсырылады (кейдеeGov.kz арқылы немесе әкімдік поштасына).

4-қадам: Конкурстық іріктеу.

Арнайы жұмыс тобы немесе комиссия:

— кандидаттардың құжаттарын қарайды;
— олардың тәжірибесін,
— белсенділігін бағалайды;
— ашық іріктеу жүргізеді.

5-қадам: Құрамды бекіту.

Іріктеуден өткен үміткерлер:

— қоғамдық кеңес құрамына енгізіледі;
— тиісті мемлекеттік органның шешімімен бекітіледі.

6-қадам: Қызметті бастау.

Мүше ретінде:

— отырыстарға қатысады;
— ұсыныстар береді;
— қоғамдық бақылау жүргізеді.

Кімдер мүше бола алады?

Қоғамдық кеңес мүшесі болу үшін:

— ҚР азаматы болуы;
— 18 жастан асқан болуы;
— сотталмаған (кей жағдайларда талап етіледі);
— қоғамда белсенді азамат болуы қажет.

Маңызды ескерту

Қоғамдық кеңестің құрамы: мемлекеттік орган өкілдері; азаматтық қоғамөкілдері (ҮЕҰ, сарапшылар, белсенділер) арасынан қалыптастырылады.

 

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады?

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін алу үшін бизнес тіркеу, кемінде бір жыләлеуметтік бағыттағы қызмет жүргізу, әлеуметтік кәсіпкерліктің санаттарыныңбіріне сәйкес келу және мемлекеттік реестрге енгізу үшін әкімдікке құжаттартапсыру қажет.

Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін алу ережелері.

1. Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін мыналар ала алады:

• жеке кәсіпкерлер (ЖК)

• заңды тұлғалар (ЖШС)

• қоғамдық бірлестіктер мен қорлар

Алайда ірі бизнес мұндай мәртебені ала алмайды.

2. Негізгі шарт – бизнестің әлеуметтік бағыттылығы.

Кәсіпорын қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталып, әлеуметтік осал топтармен жұмыс істеуі керек.

Мұндай топтарға, мысалы, мыналар жатады:

• мүгедектігі бар адамдар

• көпбалалы және жалғызбасты аналар

• аз қамтылған отбасылар

• балалар үйлерінің түлектері

• бұрын сотталған адамдар

• зейнеткерлер және зейнеталды жастағы адамдар

• тұрақты тұрғылықты жері жоқ адамдар

• тәуелділіктен емделген адамдар

3. Әлеуметтік кәсіпкерлік санаттарының біріне сәйкес келу.

Мәртебе алу үшін бизнес кемінде бір талапқа сәйкес келуі керек.

1) Әлеуметтік осал топтарды жұмыспен қамту.

• қызметкерлердің кемінде 50%-ы әлеуметтік осал санаттарға жатуы керек;

• олардың жалақысына жұмсалатын шығын еңбекақы қорының кемінде25%-ын құрауы тиіс.

2) Әлеуметтік осал топтарға арналған тауарлар өндіру.

• кәсіпорын әлеуметтік осал топтарға арналған тауарлар өндіреді.

3) Әлеуметтік қызметтер көрсету.

Мысалы:

• білім беру

• денсаулық сақтау

• мәдениет

• спорт

• әлеуметтік көмек

4) Әлеуметтік жобаларды іске асыру.

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар.

4. Қызметке қойылатын талаптар.

Мәртебе алмас бұрын кәсіпкер:

• кемінде 1 жыл әлеуметтік қызмет жүргізуі керек;

• табыс пен қаржылық есептілікке ие болуы тиіс;

• өз жұмысының әлеуметтік әсерін дәлелдеуі қажет.

5. Өтінім беру.

Мәртебе алу үшін мыналар қажет:

1.   Құжаттар пакетін дайындау.

2.   Өтінішті әкімдік жанындағы кәсіпкерлік басқармасына тапсыру.

3.   Арнайы комиссияның қарауынан өту.

Комиссия жергілікті атқарушы органдар жанынан құрылады және кәсіпкердіреестрге енгізу туралы шешім қабылдайды.

6. Өтінім мақұлданғаннан кейін кәсіпкер әлеуметтік кәсіпкерліксубъектілерінің реестріне енгізіледі. Бұл –әлеуметтік кәсіпорындардыңмемлекеттік деректер базасы.

Кәсіпкер реестрге енгізілгеннен кейін ғана бизнес ресми түрде әлеуметтіккәсіпкер мәртебесін алады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

11.08.2026
Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

Абай күні сайлауалды күн тәртібіне мәдени мұра мен қоғамдық бірегейлікті қалыптастыратын құндылықтарға қатысты жаңа мазмұн қосты. Сонымен қатар партиялар тұрғындармен...

Толығырақ...Details

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

11.08.2026
2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бағыты...

Толығырақ...Details

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

11.08.2026
АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселесімен қатар радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де ерекше мән беріліп отыр. Бұл бағытта радиациялық...

Толығырақ...Details

Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

11.08.2026
Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

15-16 тамыз күндері Құрманғазы ауданының Теңіз ауылында «LOTUSFEST-2026» фестивалі өтеді. Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге 5 мыңға жуық турист келген....

Толығырақ...Details

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

10.08.2026

Демократия институты 2026 жылғы 20 шілде мен 6 тамыз аралығында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсынды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентіне...

Толығырақ...Details

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

10.08.2026
Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

Семейде Абай күніне орай жаңа қоғамдық-мәдени кеңістік – Рәміздер алаңы пайдалануға берілді. Нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

31 минута бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

2 часа бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

2 часа бұрын

АЭС және радиациялық қауіпсіздік: Қазақстан мамандарды қалай даярлап жатыр?

2 часа бұрын

Биыл «LOTUSFEST-2026» фестиваліне 10 мыңға жуық қонақ келеді деп күтілуде

2 часа бұрын

Елдің даму бағытын қолдау және Президентке жоғары сенім — әлеуметтанулық сауалнама нәтижелері

1 день бұрын

Семейде 35 метрлік Ту тұғыры орнатылған Рәміздер алаңы ашылды

1 день бұрын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

1 день бұрын

Қазақстанда Абай күні аталып өтіп жатыр: Ұлы ойшылдың туғанына 181 жыл толды

1 день бұрын

eGov Mobile мен Gov.kz-те сайлау учаскесін тексеретін сервис қосылды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС