"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

12.08.2026
Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Колоректальды обыр – қазіргі онкологиядағы өзекті мәселелердің бірі. Жыл сайын Қазақстанда бұл ауру бойынша 4 мыңға жуық жаңа жағдай тіркеледі. Абай облысында колоректальды обыр қатерлі ісіктер құрылымында сүт безі, өкпе және тері обырынан кейінгі төртінші орында тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Абай облысының бас штаттан тыс онкологы, медицина ғылымдарының кандидаты Баян Бекетова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, колоректальды обырдың алдын алудағы негізгі құралдардың бірі – скринингтік бағдарлама. Қазақстанда бұл бағдарлама 2011 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және оның мақсаты – ауруды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде емдеуді бастау арқылы өлім-жітімді азайту.

— Алдыңғы жылы облыста колоректальды обырға қарсы скринингпен 40 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл жоспарланған көрсеткіштің 100 пайызын құрады. Скрининг нәтижесінде 778 адамда жасырын қанға арналған гемокульт-тест оң нәтиже көрсетті. Алайда олардың 49 пайызы ғана колоноскопиялық зерттеуден өтті. Бұл – скринингтің екінші кезеңін толық қамту бағытындағы өзекті мәселелердің бірі, — деді Баян Бекетова.

Спикердің мәліметінше, былтыр скрининг нәтижесінде төрт колоректальды обыр жағдайы анықталған. Ал өңір бойынша жыл қорытындысында 154 жаңа жағдай тіркелген.

Онкологиялық қызмет жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі – ауруды ерте кезеңде анықтау.

— Өткен жылы колоректальды обырдың 0–I сатысында анықталған пациенттердің үлесі 7,5 пайыздан 18,6 пайызға дейін өсті. Сонымен қатар IV сатыда анықталған жағдайлар 18,8 пайыздан 13,8 пайызға дейін төмендеді. Бұл ерте диагностикалау шараларының тиімділігін және алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейіндегі онкологиялық қырағылықтың артқанын көрсетеді, — деді спикер.

Сонымен қатар өңірде колоректальды обыр бойынша қолайлы динамика сақталуда. 2025 жылы сырқат салдарынан қайтыс болу көрсеткіші төмендеп, бұл бағыттағы көрсеткіштердің жақсарғаны байқалды.

Баян Бекетованың айтуынша, диспансерлік есепте тұрған пациенттер саны 723-тен 783 адамға дейін артқан. Бұл мамандандырылған медициналық көмек алып, тұрақты бақылауда жүрген науқастар санының көбейгенін білдіреді.

Сөз соңында спикер тұрғындарды скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге шақырып, колоректальды обырды ерте анықтау емнің тиімділігін арттырып, науқастың өмір сүру ұзақтығын едәуір жақсартатынын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

38 минут бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

49 минут бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 час бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 час бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

2 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС