"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне азаматтардан 728 өтініш келіп түсті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысы Серікхан Нұртазин хабарлады.

Серікхан Нұртазиннің айтуынша, өтініштердің 419-ы жазбаша түрде қабылданып, оның 252-сі қанағаттандырылған. Сонымен қатар «жедел желі» арқылы 161 өтініш қабылданып, басшының жеке қабылдауында 42, департамент мамандарының қабылдауында 106 өтініш қаралған.

Департаменттің мәліметінше, тұтынушыларға қайтарылуы тиіс қаражаттың жалпы сомасы 36 млн теңгеден асқан. Оның ішінде 26,1 млн теңгесі қайтарылды.

— Өтініштердің басым бөлігі бөлшек сауда саласына қатысты болды. Бұл бағытта 481 өтініш түсіп, тұтынушыларға 16,9 млн теңге қайтарылды. Тұрмыстық қызмет көрсету саласы бойынша 76 өтініш түсіп, 7,1 млн теңге, ал электрондық саудаға қатысты 56 өтініш бойынша 1,5 млн теңге қайтарылды, — деді Серікхан Нұртазин.

Сонымен қатар есепті кезеңде департамент кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты 148 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында тұтынушыларды тауардың, жұмыстың немесе қызметтің сапасына қатысты жаңылыстыру, баға белгілерінің болмауы, тұтынушының шағымына жауап бермеу, тауарды немесе төленген ақшаны қайтарудан бас тарту, сондай-ақ мемлекеттік органның нұсқамасын орындамау фактілері анықталды.

Департамент тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау бойынша да жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, балкондарды жөндеу бойынша қызмет көрсету міндеттемелерін орындамауға байланысты тұтынушылардың құқықтары бұзылған жағдай бойынша сотқа талап арыз берілді.

Мәліметтерге сәйкес, жалпы сомасы 10 млн теңгеге жуық материалдық шығын келтірілген 10-нан астам тұтынушы зардап шеккен. Қазіргі уақытта азаматтық іс соттың қарауында.

Аталған қызмет көрсетушіге қатысты мемлекеттік органның нұсқамасын орындамағаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 735 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Брифинг барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қоғамдық ұйымның жұмысы да айтылды.

— Тұтынушы тауар сатып алған кезде міндетті түрде фискалды чек талап етуі керек. Ал қызметке немесе тауарға тапсырыс берген жағдайда шарт жасасып, онда екі тараптың міндеттері мен орындау мерзімдерін нақты көрсеткен жөн, — деді «Қорғаушы» қоғамдық ұйымының төрайымы Қалдыгүл Райымбекова.

Оның айтуынша, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қоғамдық ұйымға жүзден астам шағым түскен. Өтініштер негізінен бөлшек сауда, онлайн сауда, қызмет көрсету, ақылы білім беру және зергерлік бұйымдардың сапасына қатысты болған.

Қоғамдық бірлестіктің көмегімен алты ай ішінде тұтынушыларға шамамен 3,5 млн теңге қайтарылған. Оның ішінде сапасыз алтын бұйымдары, жиһаз, медициналық және басқа да қызметтерге қатысты даулар шешімін тапқан.

Сонымен қатар ол кәсіпкерлік нысандарда «Тұтынушы бұрышының» болуы, фискалды чек беру және витринадағы баға мен кассадағы бағаның сәйкестігі маңызды екенін еске салды.

— Үй жағдайында дайындалған азық-түлік өнімдерін сатып алар кезде заттаңбасына, дайындалу және жарамдылық мерзіміне, сапасын растайтын құжаттарына назар аудару қажет. Кәсіпкерлер де мұндай өнімдерді қабылдау кезінде қажетті құжаттары мен санитариялық талаптарға сәйкестігін тексеруі тиіс, — деді Қалдыгүл Райымбекова.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

26 минут бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

37 минут бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

50 минут бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

57 минут бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

2 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС