"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады

19.08.2026
«Әділет» партиясы ел өңірлерінен жиналған МИБ, ПИК төрағалары мен сарапшылармен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін талқылады
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша алғашқы республикалық диалог алаңы өтті. Оған еліміздің әр өңірінен тұрғын үй қорын басқаратын шамамен екі мың мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және пәтер иелері кооперативінің (ПИК) төрағасы, басқарушы ұйымдардың өкілдері, салалық сарапшылар мен белсенді мүлік иелері қатысты.

Күннің бірінші жартысында қатысушылар үшін секциялық панельдер ұйымдастырылып, онда «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттармен бірге көппәтерлі үйлерді басқарудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, инженерлік желілерді жаңғырту, күрделі жөндеу, қымбат жұмыстарды қаржыландыру, құрылыс ақаулары, МИБ, құрылыс салушылар мен коммуналдық ұйымдар арасындағы жауапкершілікті бөлу, сондай-ақ тұрғын үйді басқаруды цифрландыру және оның ашықтығын арттыру мәселелері қаралды. Панельдік сессияға «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай қатысты.

Партия төрағасы коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мемлекет, басқарушы ұйымдар және тұрғындардың бірлескен жауапкершілігін талап ететінін айтты. Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтына айналуы қажет деген сөзін еске салып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін одан әрі дамыту бойынша партияның жеті басымдығын таныстырды.

«Президент коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртып, осы саладағы барлық тараптың жауапкершілігін арттыру міндетін де қойып отыр. «Әділет» партиясы бұл бағытты толық қолдайды. Тұрғындар, төрағалар, басқарушы және сервистік ұйымдар арасындағы қолайлы өзара байланыс қамтамасыз етілуі керек. Бұл ретте мүлік иелерінің дауыс беруі сияқты негізгі цифрлық құралдар тегін әрі әрбір үйге қолжетімді болуы қажет. Сіздермен бірге оларды пысықтап, мүлік иелері үшін барынша түсінікті, ашық әрі қолайлы етуге тиіспіз. Біздің бағдарламамызда жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға ерекше көңіл бөлінген», — деді Айбек Дәдебай.

Партия төрағасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы тараптар арасындағы жауапкершілікті әділ бөлуге және тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасын кеңейту қажеттігіне, соның ішінде үйлерді күрделі жөндеу мен инженерлік жүйелерді жаңартуды ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктеріне жеке тоқталды. Тағы бір бағыт ретінде сала мамандарын даярлау мәселесі де сөз болды. Партия МИБ төрағалары мен тұрғын үй қорын басқарушыларды кәсіби даярлау және сертификаттау бағдарламалары бойынша оқытуды жалғастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту жұмыстары жүргізіледі.

«Бүгінде елімізде 61 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үй және 2,5 миллионға жуық пәтер бар. Олардың едәуір бөлігіндегі инженерлік желілерді жаңарту қажет. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңарту және салу көзделген. Соның нәтижесінде желілердің тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендету міндеті қойылған», — деді Айбек Дәдебай.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту тақырыбын Құрылтай депутаттығына кандидат Ренат Бектұров жалғастырды. Ол партия бағдарламасында энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру жоспарланғанын жеткізді. Үйлерді басқару үдерістерін цифрландыруға және тұрғындардың ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Ал Құрылтай депутаттығына кандидат Екатерина Смышляева тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамалық және цифрлық шешімдерге тоқталды.

«Біз магистральдық және үйішілік желілер үшін жауапкершілікті нақты бөлуді, сондай-ақ «Smart Тұрмыс» бірыңғай цифрлық платформасын енгізуді ұсынамыз. Бұл техникалық тексеруді автоматтандыруға, үйлердің тозуын есепке алуға және қағазбастылықтан аралып, тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді», — деді Екатерина Смышляева.

Жиынның практикалық бөлігі сала өкілдерінің ұсыныстарына арналды. Елордадағы «Тұрсын Астана-2» МИБ төрағасы Қуаныш Оспанов «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша ауланы абаттандыруға 60 млн теңге және үйді жаңғыртуға 236 млн теңге тарту тәжірибесін бөлісті. Ол сондай-ақ «Әділет» партиясының OSI Skills оқыту бағдарламасының пайдасын атап өтті.

Павлодар облысындағы «Шаңырақ» қауымдастығының басшысы Нұр-Сәуле Байболатова инженерлік желілерді пайдалану жауапкершілігінің шекарасын заңнамалық тұрғыдан бекітуді ұсынды. Сол кезде тұрғындар өздерінің кондоминиум аумағынан тыс орналасқан инфрақұрылымға ақша төлеуге міндетті болмайды. Тренер-кеңесші Шынар Мәмбетәлиева ғимараттарды кәсіби басқарудың бірыңғай стандарттарын енгізуді және өңірлік құзырет орталықтарын құруды қолдады.

«Сарыарқа» МИБ төрағасы Айгүл Арынова жасырын құрылыс ақаулары үшін жауапкершілік мәселесін қозғады. Оның пікірінше, МИБ төрағалары құрылыс салушылар жіберген кемшіліктер үшін жауап бермеуі тиіс. Ол сондай-ақ мүлік иелері мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы деректерді біріктіруге мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа құру керегін айтты.

«SERVIS 9 REGION» басқарушы директоры Ирина Юртанова жаңа үйлер пайдалануға берілгеннен кейін туындайтын мәселелерге, соның ішінде коммуникациялардың жасырын жүргізілуіне және құрылыс салушылармен байланысы бар басқарушы компаниялардың үйді басқаруға тартылу мәселесін көтерді.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында алғашқы қадам, бірыңғай цифрлық платформа қазірдің өзінде қарастырылған. Бірақ бұл шешімдердің жұмыс істеуі үшін біздің таңдауымыз маңызды. 23 тамызда мен абоненттеріммен бірге «Әділет» партиясына дауыс беремін», — деді Ирина Юртанова.

Елордалық «Отау» тұрғын үй кешенінің белсендісі Жарбол Сүлейменов ортақ мүлікті күтіп ұстауға тұрғындардың да жауапкершілікпен қарауы маңызды екенін айтты. Ал «Павлодарэнерго» АҚ-ның 22 жастағы электр монтері Іңкәр Кәрібай қалалық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі үшін жұмысшы мамандықтар мен техникалық мамандардың маңызына назар аударды.

Диалог алаңының қорытындысы бойынша Айбек Дәдебай мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп тұруды және партия жанынан тұрғын үй қорын басқару мәселелері бойынша сараптамалық алаң құруды ұсынды.

 «Бүгінгі Форумның қорытындысы бойынша тұрғын үй қорын басқару мәселелері жөніндегі партияның тұрақты сараптамалық алаңын құруды ұсынамын. Оның құрамына осы салада тәжірибесі бар мамандар, өңірлердің өкілдері және тиісті сарапшылар кіруі керек. Қолданыстағы нормалардың орындалуына қатысты мәселелерді уәкілетті мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге жолдаймыз. Ал заңнамаға өзгеріс енгізуді қажет ететін мәселелерді Құрылтай депутаттығына кандидаттарымыздың алдағы жұмысына енгіземіз. Осы жұмыстың нәтижесі туралы партия халыққа ашық түрде есеп беріп отырады», — деп түйіндеді Айбек Дәдебай.

Ашық диалог барысында түскен барлық ұсыныс «Біздің қала» жобасының тізіміне енгізілді. Форум «Әділет» партиясына мүше болған МИБ және ПИК төрағаларына партия билеттерін табыстау рәсімімен аяқталды.

Партияның қызметі туралы басқа да жаңалықтарды ресми Telegram-арнамыздан оқи аласыздар: https://t.me/adilet_partiyasy

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

16 минут бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

27 минут бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

40 минут бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

47 минут бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

2 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС