"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАБАЙЫ САУДАҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

29.05.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдің сәулетті келбетін қалыптастыруда жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Алайда қала келбетіне көлеңке түсірер жайттар да кездесіп жататыны бар. Біздің айтпағымыз — тұрғындар жүретін басты көшелерде жабайы саудамен айналысушылар.  Өздеріңізге белгілі, Семейдегі ірі сауда орталықтарының айналасында  бейберекет  сауда жасап отырғандардың қарасы көп. Осыған орай сәрсенбі күні ретсіз сауда жасаушыларға кезекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Айтулы шараға құқық қорғау органдары, санитарлық қызмет, қалалық кәсіпкерлік бөлімі және салық басқармасы мамандары қатысты.

 

{jcomments on}Семейде ретсіз сауда қызған орындардың бірі — Әуезов даңғылының бойы, Жаңа құрылыс (Новостройка) ықшам ауданы маңы. Бұл жерде саудагерлер тіпті жаяу жүргіншілерге арналған жолды басып алып, күнкөрістің қамына айналдырған. Дегенмен құзырлы орган көшедегі бейберекет сауданы жою және тәртіпке келтіру жөнінде мақсатты және жүйелі жұмыс жүргізуді бастап кетті. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Семей қаласының ІІБ, кәсіпкерлік бөлімінің, салық басқармасының қызметкерлері күн сайын рейдтер жүргізбек.

 

— Қазіргі таңда Әуезов даңғылы бойында орналас-қан «Южный» дүкенінің алдындағы белгіленбеген орында сауда жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осындай жолмен сауда жасаушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 204-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылуда. Оларға бастапқыда 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды, — дейді Семей қаласы ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің табиғатты қорғау бөлімшесінің инспекторы, полиция капитаны Мейірғазы Масалимов.

Оның айтуынша, бұған дейін жергілікті учаскелік полиция инспекторлары бұл жерлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Заң бұзғандарға әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл да салыныпты.

— Қазіргі уақытта көріп тұрғандарыңыздай, барлығы жаяу жүргіншілер жүретін жерлерде сауда жасауда. Атап өткенімдей, бұған дейін барлық сауда жасаушыларға әкімшілік хаттамалар толтырылған. Дегенмен айыппұлдарын төлеп, қайта саудаларын жасап жатыр. Енді қайталанған әрекеттері үшін бұл кісілерге әкімшілік кодекс бойынша 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады, — дейді табиғатты қорғау бөлімшесінің инспекторы.

Әрине, жолдың бойы сатушы үшін ыңғайлы. Өйткені  олар орындары мен салық үшін ешқандай ақы төлемейді. Айта кетуіміз керек, бұл жабайы сауда жасалатын шаһардағы жалғыз орын емес. Мұндай келеңсіздік қаладағы Чехов және Аймауытов көшелерінің бойларында да кездеседі. Сондықтан да арнайы топ алдағы уақыттарда бұл жұмыстарды, тәртіп орнамайынша, жалғастыра бермек.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

3 часа бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

3 часа бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

3 часа бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

3 часа бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

3 часа бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

3 часа бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

3 часа бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

3 часа бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

3 часа бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС