"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЗ ЖАНБАСАҚ ЛАПЫЛДАП…

29.05.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

XXI ғасыр – жаңа ғасыр, дамыған, жастары жетілген ғасыр. Мағжан сенген жастардың мағыналы өмір сүруі қоғам үшін қашан да маңызды. Осы ретте жастық күш – жігерін, білімін өз ортасында тиімді пайдаланып, қоғамның әр саласының дамуына титтей де болса үлес қосып жүрген жалынды жастар баршылық бізде. Ал осындай жастарды қолдауда мемлекет те аянып қалып отырған жоқ. Түрлі салада үздік шыққандарды бағалап, қатарластарына үлгі қылады. Бұл үрдіс бізде де қалыптасқан.  Қалалық Мәдениет сарайында өткен Жастар форумында  түрлі салада жемісті һәм жеңісті қызмет етіп жүрген жастардың 7 аталым бойынша марапатталуы осы сөзіміздің айғағындай.

Мұндай шараны ұйымдастыру Семейде дәстүрге айналған. Ондағы негізгі мақсат — жастарды өздері таңдаған бағытқа ынталандыру, жігерлендіру әрі абыройын арттыру, жастар арасында мемлекеттік жастар саясатын және патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру. Сондай-ақ кәсіби және қоғамдық жұмыста өзін-өзі көрсете білген, ғылым, өнер және қызметтің басқа да салаларында айтарлықтай жетістіктерге жеткен жас азаматтарды ынталандыру, жастар саясаты мен азаматтық қоғам қалыптастыруда өзіндік үлес қосқан көшбасшылар мен үкіметтік емес  ұйымдар жетекшілерінің қоғам алдында беделін көтеру мен абыройын арттыру. Жалпы, жыл санап бұл шараға қатысуға белсенділік танытқан жастардың қатары көбейіп келе жатқанын айта кетуіміз керек.

 

{jcomments on}Сайыс бойынша қазылар алқасының шешімімен, «Үздік студент көшбасшысы», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік ерікті» сынды түрлі саланы дамытуға атсалысқан белсенділерге арнайы  сыйлықтар табысталды.  Олардың арасында «Қазақстан-Семей» телеарнасының тілшісі, әріптесіміз Ермек Исабаев та бар. Жергілікті арнада қызмет ететін жас журналист өңірдің      дамуы мен әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптарды қозғаған. Бұған дейін де тілшінің авторлығымен жасалған түрлі телебағдарламалары көрермен көңілінен шығып, байқауларда  топ жарған.

 

— «Жас журналист» аталымы бойынша биыл жүлдеге ілігіп отырмын. Менің ойымша, жастарды қолдау әр кезде қажет. Өйткені, Елбасының өзі айтқандай, «келешек жастардың қолында». Енді бүгінгі жүлдеге іліккен жастарға қарап келешек өскелең ұрпақ үлгі алады деген ойдамын, — дейді журналист Ермек Исабаев.

Шыны керек, қазір үйлене салып, ажырасатын жастар көп. Байыбына бармай, тереңіне үңілмей, «теңімді таптым» деп той жасап, жыл салмай аралары суып жатады. Бұл, әлбетте, қоғам үшін қауіпті құбылыс. Бұл ретте түтіні түзу ұшқан, болашаққа жоспарлаған бағыты бір, таным – түсінігі бір арнаға тоғысатын жас отбасылардың өмірін үлгі етуіміз керек. Осындай үлгі аларлық, қызығарлық жас отбасылардың қатарына Кәрібжановтардың отбасын жатқызуға болады. «Жас отбасы» номинациясын иеленген Самат – Альмира Кәрібжановтар бүгінде Жанасыл есімді ұл тәрбиелеп отыр.

— Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен жауапкершілік жүктейді. Әділ қазылар үздік деп таныпты. Біздің отбасында ұрпақ тәрбиесіне мән беріледі. Отбасы деген ұғымның ауқымы кең. «Отан отбасынан басталады» деген қазақтың ұрпағымыз ғой. Еліміздің іргетастының мықты болуы жас отбасылардың тату – тәтті өмірімен етене байланысты деп ойлаймын,- дейді Самат Кәрібжанов.

Осылайша, үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқау комиссиясы ұсынысы бойынша, 7 жас өз салаларында «Үздік» деп танылды. Жеңімпаздарға қала әкімінің атынан диплом, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ерзат ЖАНАТҰЛЫ,«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

30.04.2026
Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

Semeytany.kz – Абай облысында фитосанитариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау бағытында кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Облыс...

Толығырақ...Details

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

30.04.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

Semeytany.kz – Семей қаласында бой көтеретін жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында алғашқы құрылыс нысандарының жұмысы басталды. Облыс әкімі Берік Уәли құрылыс...

Толығырақ...Details

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

30.04.2026
Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында аудан орталығында өткен баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты....

Толығырақ...Details

Облыс әкімі шалғайдағы Көксала ауылының тұрғындарымен кездесті

30.04.2026
Облыс әкімі шалғайдағы Көксала ауылының тұрғындарымен кездесті

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Аягөз ауданына жұмыс сапары барысында Айғыз ауылдық округіне қарасты Көксала ауылының тұрғындарымен кездесті....

Толығырақ...Details

Аягөзде жаңа мыс өндірісі іске қосылды: «Сарыбұлақ» кен орны жұмысын бастады

30.04.2026
Аягөзде жаңа мыс өндірісі іске қосылды: «Сарыбұлақ» кен орны жұмысын бастады

Semeytany.kz – Абай облысы Аягөз ауданында «Sarybulak Operating» ЖШС жүзеге асырып отырған «Сарыбұлақ» мыс кен орны ресми түрде іске қосылды....

Толығырақ...Details

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

30.04.2026
Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Air Products компаниясының (АҚШ) Еуропа және Африка өңірлері бойынша президенті Иво Болспен кездесу өткізді. Онда...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Шегірткеге қарсы күрес күшейтілді

13 часов бұрын

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың алғашқы құрылыстары басталды

14 часов бұрын

Аягөзде 31 отбасы жаңа пәтерге ие болды

14 часов бұрын

Облыс әкімі шалғайдағы Көксала ауылының тұрғындарымен кездесті

14 часов бұрын

Аягөзде жаңа мыс өндірісі іске қосылды: «Сарыбұлақ» кен орны жұмысын бастады

14 часов бұрын

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

14 часов бұрын

Олжас Бектенов фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Отандық кәсіпкерлер кеңесі отырысын өткізді

14 часов бұрын

Абай облысының жастары еліміздің жаңа сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын әзірлеуге атсалысуда

14 часов бұрын

Абай облысында есірткіге қарсы күрес күшейтілуде

1 день бұрын

Баланы діни қысымнан қалай қорғаймыз?

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС