"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді

21.08.2026
Абай облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына бақылау күшейтілді
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Абай облысында алкоголь өнімдері, темекі бұйымдары және мұнай өнімдерінің заңды айналымын қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік бақылау жүргізілуде. Негізгі мақсат – заңсыз өнімдердің таралуына жол бермеу, адал кәсіпкерлерді қорғау және тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Асем Тұрлыбекованың мәліметінше, алкоголь өнімдерін сақтау және бөлшек саудада өткізу үшін кәсіпкердің тиісті лицензиясы болуы қажет.

— Лицензиялық алымның мөлшері елді мекеннің мәртебесіне қарай белгіленеді: астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында – 100 АЕК, басқа қалалар мен кенттерде – 70 АЕК, ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК. Тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сақтау немесе өткізу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабына сәйкес, құқық бұзушылықтың субъектісіне қарай 15-тен 150 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, заңсыз өнім тәркіленеді, — деді Асем Тұрлыбекова.

Мемлекеттік бақылаудың тағы бір маңызды бағыты – темекі өнімдерінің айналымы.

Міндетті цифрлық таңбалауға жататын темекі өнімдерінде Data Matrix коды болуы тиіс. Цифрлық таңбалау тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап түпкілікті тұтынушыға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

— Кәсіпкерлер темекі өнімдерін сатып алу кезінде цифрлық таңбалаудың болуын тексеріп, тауарды тек заңды жеткізушілерден сатып алуы қажет. Қажетті таңбалауы жоқ өнімнің сауда нүктесінде болуы әкімшілік жауапкершілікке және тауардың тәркіленуіне әкеп соғуы мүмкін, — деп атап өтті спикер.

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Айдос Байсалбай мұнай өнімдерінің айналымына қатысты талаптарға да тоқталды.

Оның айтуынша, бензин, дизель отыны, авиациялық отын және мазут сияқты мұнай өнімдерін сақтау және өткізу кезінде салық есептілігін уақтылы ұсыну, өнімдердің қозғалысын есепке алу және қажетті құжаттарды ресімдеу талаптарын сақтау қажет.

— Мұнай өнімдерін Мемлекеттік кірістер органдарында тіркелмеген автожанармай құю станциясы арқылы өткізген жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Сондай-ақ акцизделетін өнімдерді, оның ішінде мұнай өнімдерін, алкоголь және темекі өнімдерін тауарларға ілеспе жүкқұжатсыз айналымға шығарғаны үшін де жауапкершілік қарастырылған, — деді Айдос Байсалбай.

ҚР ӘҚБтК-нің 283-1-бабына сәйкес, тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдемеу, сондай-ақ акцизделетін өнімдерді ТІЖ-сыз айналымға шығару 20-дан 200 АЕК-ке дейін айыппұл салуға және тауарды тәркілеуге әкеп соғуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10 минут бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

21 минута бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

34 минуты бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

41 минута бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

2 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

2 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС