"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БІЗ ӨСКЕН АУЫЛ

02.06.2015
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу


1. Туып-өскен ауылыңыз Сіз үшін несімен ыстық?

2. Туған жерде жиі боласыз ба, кешегі ауыл мен бүгінгі ауылдың айырмашылығы қандай деп ойлайсыз?

3. Балаларыңыз ауылыңызға қаншалықты жақын?

4. Ауылыңыздың алдындағы перзенттік парызыңызды қаншалықты өтей алдыңыз?

5. Ауылды өркендету жайлы қандай ұсыныс қосар едіңіз?

Ермұрат БАПИ, тәуелсіз журналист.

1. Адам баласы үшін өзінің туып-өскен жері қашан болсын  ыстық болады. Мейлі ол жер орман-тоғайлы болсын, мейлі ми жазық немесе құмдауыт шөл дала болсын, адамды тартып тұратын керемет бір сиқыры, баурап, тартып тұрар күші бар. Сондықтан ата-анам өмір берген, бұғанамды бекітіп, қанатымды қомдап үлкен өмірге аяқ басқан туған жерім білім нәрімен сусындатқан, қазақ һәм әлем әдебиетінің бетін ашып, ел мен жерді сүюге үйреткен алтын орда ретінде ыстық.

2. Шыны керек, ауылға жиі баруға уақыт шіркін тапшы. Десе де жылына бір рет міндетті түрде баруға тырысамын. Мүмкіндік болып, қарбалас тірліктен қол басап жатса, екі ауылға ат шалдырамын: бірі  — аруақтар ауылы, марқұм болған әке-шешемнің, әжем мен  о дүниелік ағайын-туғандардың басына барып, құран оқытамын, екіншісі — өз туған ауылым, бірлі-жарым нағашыларымның, жақын-жұрағаттың аман-саулығын білемін.

 

{jcomments on}Ал  қазіргі ауыл мен бұрынғы ауылдың арасындағы айырмашылық көп қой. Бұрынғы ауыл балалықтың, жастық шақтың ауылы болғаннан кейін, біз үшін қашан да қазіргі ауылдан артық болып тұрады. Бұл  — заңды құбылыс. Бүгінгі ауыл қалай құлпырып тұрса да, бәрібір әр теректің түбі, әр көшенің қиылысында қызықты күндерің қалғандықтан, бұрынғы ауылдың «магниті» қатты тартады. Бұрынғы мен бүгінгі ауылды салыстыра қарасақ, 90-шы жылдардың тоқырауында күйзеліп кеткені болмаса, соңғы 5 — 6 жылда көшелері түзеліп, еңсесі көтеріліп, заманауи келбет кіріп келе жатқандай. Өткен жылы Қарабұлаққа барғанымда келбеті, әлеуметтік жағдайы, тұрмысының түзеліп қалғанына көзім жетті. Жақсы мен жаманы бірге жарысып, жақсысы бірте-бірте озып бара жатқан ауылымды көріп, ішім жылып қалады.

 

3.Балаларымның барлығы қалада туғандықтан ауылға жиі барады деп айта алмаймын. Бірақ атасы мен әжесінің басына  2-3 жылда бір барып тұрады. Балаларымның үлкен өмірге жасайтын қадамдары алдында міндетті түрде әке-шешемнің басына апарамын. Тіпті мүмкіндік болмай жатқан кездерде, ағайындар қол ұшын созып, арнайы апарып келеді.  Балаларымның бойында ауылға деген құрмет бар. Соны өз басым дәтке қуат деймін.

4. Ауылға деген перзенттік парыз мешіт салып бергенмен, әлеуметтік жағдайдың бір жақ шетіне шығумен өлшенбейтін шығар деп ойлаймын. Өз басым ауылыма айтарлықтай материалдық тұрғыдан қолғабыс ете алдым деп айта алмаймын. Біріншіден, мен өз басым үйіп-төгіп тастайтындай бизнесмен немесе қалталы қазақ емеспін.

Екіншіден, перзенттік парыз дегенде менің таным-түсінігім өзгешелеу. Менің перзенттік парызым ауылым я болмаса ауданымның төңірегенде емес, мемлекеттік, ұлттық, елдік деңгеймен өлшенеді. Қазақстанның барлық ауылы — менің ауылым. Сондықтан соның бәріне деген менің қазақтың ұлы ретіндегі перзенттік парызым бірдей. Осы тұрғыдан өзіме тиесілі парызымды азаматтың міндеттермен астастырып атқаруға тырысып жүрген жайым бар.

5. Негізі, ауылды өркендету мәселесі — үлкен сауал, оған берілетін жауап та ауқымды. Ауылға жол салып, су тартып, жарығын жағып қана мәселесін шешіп тастау мүмкін емес. Менің ойымша, ауылды өркендету оның өз ішіндегі халықтың психологиясымен бірге қалыптасу керек. Ауылда өндіріске, бизнеске және осы заманға қалыптасқан, бәсекеге төтеп бере алатындай жағдай жасалуы керек. Ауыл бұдан былай жай ғана ауыл емес, индустрия-лы-коммуникациялық өркениетке ұмтылған ауыл болуы керек. Себебі сырттан әкеліп, жағдайдың барлығын жасағанымен, ол жердің халқы бергенге масыл болса, ауыл ешқашан өркендеп кетпейді. Жоғарыға қарап алақан жайып отырған ауылдың болашағы жоқ. Сондықтан ауыл өзін-өзі қамтамасыз етуге бейімделуі керек. Ол үшін ауылда шағын және орта бизнес өркендеуі тиіс. Мәселен, мен мал өсірсем, мен қала-далаға сабылмай-ақ, малымның терісін немесе жүнін әкеліп өткізе алатын мекеменің бір бөлшегі ауылда болуы тиіс. Өз кезегінде ол мекеме аудан орталығымен, үлкен қалалардағы өңдеуші кәсіпорындармен жалғасып жатуы керек. Міне, мемлекет осылайша бір-бірімен тығыз байланысы бар өндірістік тізбектің бір ұшын ауылдан өрбітіп шығаруға жағдай жасаса, ауыл халқы ол тізбекке өзі-ақ ілігіп кете алады. Сонда ғана тұрақты дамудың өркениеттік көші ауылдың «үстімен» өтеді, сонда ғана оның рухын көтеретін жағдай қалыптастыра аламыз.

Тоқтар СЕРІК, әнші – сазгер.

1. Атамыз қазақ «Әркімнің туған жері  — Мысыр шаһары» дейді ғой. Туған жерің несімен ыстық деп кез  келген азаматтан сұрасаң, ерекше тебіреніспен жауап береді. Мен өз басым туған жер туралы таң асырып айтуға бармын. Менің туған жерімде ата-  бабамның, әке-шешемнің, қала берді менің кіндік қаным тамды. Туған жерде қайтып келмес балалық шағымның естеліктері бар. Ауылымның әр шыбығы, тал-терегі, тау-тасы менің көз алдымда. Қаланың қарабайыр тірлігінен қажығанда, сағыныш деген сезім еріксіз аттың басын ауылға бұрғызады. Кіндігім кесілген, ат жалын тартып мінген туған жерім мен үшін жұмақ деп айтуыма болады.

2. Ауылда өте жиі боламын. Ат байлайтын қазығым сол ауылда қадалған. Тіпті ауылсыз өмірімді  елестете де алмаймын. Кең-байтақ Қазақ елінің қай түкпірінде жүрсем де, аядай ғана ауылым көз алдымда тұрады. Мұнда менің әкемнің көзін көрген елім, жұртым, туған-туыстарым, ағайыным, бауырларым, аяулы ақ жаулықты анам бар. Өзімді ауылдың баласымын деп есептеймін. Жеңістің 70 жылдығында туған ауылымда үлкен концерт бердім.                                                                                                                                  Ауылда жеке шаруашылығым бар. Әр келген сайын аунап-қунап, атқа мініп, балалық шақты бір еске аламын. Балалық демекші, әлі күнге дейін қыста барып тай үйретемін. Ал бұрынғы ауыл мен қазіргі ауылдың арасы жер мен көктей. Бұрын бізде жөн білетін қариялар көп еді. Керемет әңгімелер тыңдайтынбыз. Бүгінгінің қариясымен бұрынғының қариясын салыстыра алмайсың қазір. Енді он жылдан кейін тіпті өзгеше болатын шығар. Қазір, әйтеу, соңғы тұяқтарына қарап отырып, көзімізге жас келеді мөлдіреп. Ауылдағы ағайынның да мейірімі түгесіліп бара жатқандай. Баяғы көл-көсір көңіл жоқ. Кейде осыны көріп көңілің құлазып қалады. Жалпы, бұл — менің ғана емес, бар ауылдағы көрініс.

3. Беколжас ауылға өте жиі барады. Міне, жазғы демалысқа шықты. Әжесі екеуі ауылға жиналып жатыр. Ауылдың құртын жеп, ауыл баласымен бірге ойнап, балық аулап, өзінің біраз жылқыларына ен салады. Өскен сайын ауылды аңсап тұрады. Үнемі: «Әке, ауылға барайықшы», — деп жүреді. Кейде маған: «Мына сіздің үйіңізді бұзып, ауылға апарып салайық», —  дейді. Бұл маған ұлымның тарапынан қойылып отырған жауабы жоқ сұрақ. Осы сұраққа жа-уап бере алмай қаламын. Беколжасты ауылға жиі жіберіп тұрамын. Өздеріңіз де естіп жатқан боларсыздар, жақында қос құлыным Әлинұр мен Сағинұр дүниеге келді. Есімдерін әжесі қойды. Құдай қаласа, олар да ауылдың топырағында әлі-ақ ойнап жүрер. Ұлдарым менің емес, әкемнің атын шығарса екен деймін. Қазақ деген халықтың керегіне жарап, туын жерге жықпай жүрсе екен деп армандаймын.

4. Өте ауыр сауал екен. Мен мынаны айтқым келеді. Өле-өлгенімше ауылға деген қызметімді аямаймын. Бірақ еліме жасаған қызметім мен қолымнан келген жақсылығымның еңбегін болмаса маңдай терімнің құнын сұрамаймын. Бұл — менің перзенттік парызым, міндетім. Менің еліме жасаған жақсылығым — аядай ғана Көксала деген ауылымды әнге қостым. Осы әнді дү-ниежүзі қазақтарының алдында орындадым.  Шамам жеткенше кішкене ауылды танытуға тырыстым. Әлі күнге дейін ауылымның бір кішкентай жыртығына жамау болып жабыса қалғым келеді.

5. Ауылдың өркендеуіне менің ешқандай айтып — қосарым жоқ. Шүкір, ауылға қазір бұрынғыдай емес, көңіл бөлініп жатыр. Бірақ бөліп қана қоймай , сол ауылға барып, аралай жүріп, ауылдағы ағайынның мұң-мұқтажын тыңдау керек. Шыны керек, ауыл кей кезде назардан тысқары қалып қояды.  Біз ауылды жоғалтып алмауымыз керек. Ауыл —  қазақтың тамыры.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан жастары қытай тілін меңгеруі тиіс – Тоқаев

11.11.2025
Қазақстан жастары қытай тілін меңгеруі тиіс – Тоқаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жастар қандай тілдерді білуі тиіс екенін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы "Российская газета" басылымында жарияланған...

Толығырақ...Details

Абай облысында 11 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр

11.11.2025
Абай облысында жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли баяндады. Абай облысында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір...

Толығырақ...Details

Абайдың 180 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілді

11.11.2025
Семей қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағы 96 гектардан 186 гектарға дейін кеңейтіліп жатыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли атап өтті. Биыл өңірде ұлттық өнер мен руханиятты дәріптейтін...

Толығырақ...Details

Абай облысында денсаулық сақтау саласы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда

11.11.2025
Облыс әкімі: Алакөлді дамытудың бас жоспары әзірленіп жатыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли мәлім етті. Абай облысында медициналық инфрақұрылымды дамыту және халыққа...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп ашылды

11.11.2025
Семей қаласындағы «Өндіріс» индустриялық аймағы 96 гектардан 186 гектарға дейін кеңейтіліп жатыр

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли айтты. Оқушы орындарының тапшылығын азайту және білім беру инфрақұрылымын...

Толығырақ...Details

Абай облысының әкімі: «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында еліміздің әр өңірі облысымызға бір нысаннан салады

11.11.2025
Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Абай облысының әкімі Берік Уәли баяндады. Абайдың 180 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысының қолдауымен...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Қазақстан жастары қытай тілін меңгеруі тиіс – Тоқаев

18 часов бұрын

Абай облысында 11 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр

19 часов бұрын

Абайдың 180 жылдығы жоғары деңгейде атап өтілді

19 часов бұрын

Абай облысында денсаулық сақтау саласы кезең-кезеңімен жаңғыртылуда

19 часов бұрын

Абай облысында биыл «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 4 мектеп ашылды

19 часов бұрын

Абай облысының әкімі: «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында еліміздің әр өңірі облысымызға бір нысаннан салады

19 часов бұрын

Семей қаласында жаңа ықшам аудан салынады

19 часов бұрын

Абай облысында жол инфрақұрылымы мен көпірлерді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

19 часов бұрын

Абай облысында халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін 33 жоба іске асырылуда

19 часов бұрын

Семей қаласында жаңа жылу электр орталығы салынады

19 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС