"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДОСТЫҚҚА БОЛҒАН ДӘНЕКЕР САБАНТОЙ ӨТТІ СЕМЕЙДЕ

09.06.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жексенбі күні Семей қаласында Сабантой мерекесі тойланды. Түйемойнақ аралында өткен мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына, сондай-ақ татар қоғамдық орталығының құрылғанына 25 жыл толуына арналды.

Жалпы, татар халқының ұлттық мерекесі Сабантой қаламызда тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіретін дәстүрлі мейрамға айналған. Мереке татар халқының көп жылдық дәстүрлерімен таныстырып, ұлт достығын нығайта түсуде. Сабантой мерекесінің салтанатты ашылуында сөз сөйлеген Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов көп ұлтты елімізде ұлттардың достығы мен қарым-қатынасын сақтап, түрлі ұлт өкілдерінің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне барынша жағдай жасалып отырғанын атап өтті.

 

{jcomments on}- Қадірменді жерлестер, құрметті қаламыздың қонақтары. Біздің еліміз Қазақстандағы барлық ұлттардың, барлық ұлыстардың басын қосып, бүгінгі күні қазақ жерін өзінің ежелгі мекеніндей, туған еліндей көріп, әрқашан да өз тойларын бізбен бірге тойлап жатқаны — ол қазақ халқының кеңпейілділігі. Бұл — барлық ұлттарды бауырына тартқан көңілі көлдей қазақ халқының жеткен жетістігі. Бүгін ынтымағы жарас-   қан біздің өлкеміз Сабантой мерекесін кезекті рет атап өтуде. Халқымызды бейбітшілік пен достыққа, береке-бірлікке, салт-дәстүрін ұлықтауға шақыратын бұл мейрамның, барлық ұлттардың мерекелері сияқты, біз үшін алатын орны ерекше. Сондықтан да баршаларыңызды Сабантой мерекесінің ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер, — деді қала әкімі.

 

Екінші кезекте сөз алған Ресей Федерациясының Өскемен қаласындағы Бас Консулдығының атташесі Айрат Хамидулин Консулдық атынан барша татар халқын ұлттық мерекемен құттықтап, мерекені жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына  ризашылығын білдірді.

— Сабантой мерекесі татар қоғамдық орталығы құрылғаннан бастап дәстүрлі түрде жыл сайын аталып өтіп келе жатыр, — дейді Семей қаласының Құрметті азаматы, татар қоғамдық орталығын қалыптастырушы Ғабдулғазиз Ахмеров мейрамның ашылу салтанатында.                   — Сабантой — отбасылық мереке. Сабантой тек татар халқының ғана мерекесі емес. Ол барша ұлттардың  басын қосып, халыққа қуаныш сыйлайды. Ең бастысы, халықтар арасында достық пен өзара түсіністікті қалыптастырады.

Айтулы шарада татар халқынан өзге қала тұрғындарының да қарасы қалың болды. Сондай-ақ Татарстан Республикасынан арнайы қонақтар келді. Ал мерекелік бағдарлама  аясында Татарстан әртістері концерт қойып, облыс және қаланың шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етті. Сондай-ақ әншілер, бишілер және ұлттық киімдер сайыстары өткізілді. Мерекенің көркін кіргізетін татар халқының ұлттық ойындары — татар күресі, арқан тарту, гір көтеру, қол күрес және тағы да басқа көптеген спорттық ойындар ойналды.

Мереке аясында татар ұлтының тұрмысы мен дәстүрінен сыр шертетін көрме де  ұйымдастырылды. Сабантойға келген қалалықтар татар ұлтының ұлттық тағамдарынан дәм татып, көркемөнерпаздар концерті мен фотокөрмені тамашалап, ойындарға қатысты. Сабантой татар ұлттық өнерінің концертімен қорытындыланды.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

15 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

15 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС