"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

05.11.2026
ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше Абай облысының «Қоғамдық келісім» мекемесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған диалог алаңы өтті. Кездесуге этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері, «Әділет» саяси партиясы Семей қалалық филиалының төрағасы Айдос Төлеуханов және мекеме қызметкерлері қатысты.
Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылау, олардың өңірлік деңгейде жүзеге асырылу жолдарын қарастыру және азаматтық қоғам өкілдерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау.
Кездесу барысында жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту, жаңа технологиялардың қоғам өміріне ықпалы, сондай-ақ қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жастардың қоғамдық өмірдегі рөліне, олардың азаматтық белсенділігін арттыруға және отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыруға мән берілді. Жас ұрпақты қолдау, оның әлеуетін дамытуға жағдай жасау, бастамаларын ынталандыру және қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына мүмкіндік беру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттырып, оларды қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту ісіне тартудың маңыздылығы атап өтілді.
Этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері Жолдауда айқындалған басымдықтарды өңірде іске асыруға қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Бұдан бөлек, қоғамдық бастамаларды қолдау және мәдениетаралық байланысты дамыту мәселелері де сөз болды.
Абай облысындағы этномәдени бірлестіктер өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласып, ұлттық мәдениеттер мен дәстүрлерді дәріптеу, түрлі этнос өкілдері арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Олардың қызметі ортақ азаматтық құндылықтарды қалыптастыруға және ел бірлігін бекемдеуге бағытталған.
Диалог алаңы ашық әрі сындарлы пікір алмасу форматында өтіп, өзекті мәселелерді талқылауға және алдағы ынтымақтастық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Кездесу қорытындысында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді. Өйткені ел бірлігі – тұрақты дамудың берік негізі, ал оны нығайту – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Ұқсас жаңалықтар

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

05.11.2026
МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

Біздің бойымызда бір қызық дерт бар. Біреуге атақ берілсе, екіншісі оған риясыз қуана қоймайды. Керісінше, «Неге оған берілді?», «Менің одан...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

04.11.2026
Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

Бүгін Семейде дарынды балаларға арналған жаңа облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Берік Уәли,...

Толығырақ...Details

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

04.11.2026
Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

Астанада Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

04.11.2026
КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

Көкпекті ауданында елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Биыл Ақой ауылындағы су құбыры желілерінің құрылысы толық аяқталып,...

Толығырақ...Details

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

04.11.2026
Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

Көкпекті ауданында 2026 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму, ауыл шаруашылығын қолдау, инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытында...

Толығырақ...Details

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

04.11.2026
Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

QS Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігі Азияның үздік университеттерінің QS Asia University Rankings 2027 рейтингін жариялады. Аталған рейтингке Азияның 26...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

12 секунд бұрын

МЕДАЛЬ МЕН МАҚТАН. БІЗГЕ АТАҚ НЕ ҮШІН КЕРЕК?

5 минут бұрын

Абай облысында «Білім-Инновация» лицейінің құрылысы басталды

15 часов бұрын

Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады

16 часов бұрын

КӨКПЕКТІ АУДАНЫНДА БЕС АУЫЛДЫҢ СУ ҚҰБЫРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ

16 часов бұрын

Көкпекті ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда

16 часов бұрын

Азияның академиялық кеңістігіндегі жаңа көрсеткіш

19 часов бұрын

Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

19 часов бұрын

Су – стратегиялық ресурс: Президент оны үнемді пайдаланудың маңызын атап өтті

20 часов бұрын

Денсаулық сақтау құқығы Конституцияда қалай бекітілген?

20 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС