"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰБТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ

12.06.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы шығарылды. Ағымдағы жылы ҰБТ шаһарымызда екі пунктте, атап айтқанда Семей қаласындағы Шәкәрім мемлекеттік университетінде және Қазақ инновациялық гуманитарлық—заң университетінде өткен болатын. Осыған орай қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Тегай және мекеменің жетекші мамандары баспасөз жиынын өткізіп, биылғы сынақтың қорытындыларын шығарды.

 

{jcomments on}Семей қалалық білім бөлімінің ақпаратына сәйкес, биылғы жылы қала мектептерін 1724 оқушы бітіріп, оның тек 1193-і ҰБТ – ға қатысқан. Бұл жалпы түлектердің 69,4 пайызын құрайды.

 

— Биылғы жылғы орташа бал 76 пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі балға төмен және облыстық көрсеткіштен төрт жарым балға аз. Ең жоғарғы көрсеткішке № 37 мектеп — гимназиясы мен №3, 9 орта мектептердің түлектері қол жеткізіп отыр. Ал өту деңгейі – 50 балдан 334 түлек аса алмаған. «Алтын белгі» белгісіне  үміткер 30 оқушының 10-ы өз білімін дәлелдесе, 8 оқушыға небәрі 1 балл жетпей қалды. Ал 15 оқушы үздік аттестатқа лайық екендігін дәлелдей алды, — дейді Наталья     Фесенко.

Айта кетуіміз керек, биылғы жылғы жалпы түлектердің ішінде 23 оқушы Халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері атанған. Сол себепті де ол оқушылар ҰБТ сынағынан өтуден босатылыпты. Өйткені бұл жастар Қазақстан мен шетелдердің жоғарғы оқу орындарының білім гранттарына ие болған. Сонымен қатар 193 түлек емтихандардан босатылған. Себебі олар Ресейдің жоғарғы оқу орындарына түсу үшін сынақ тапсырып қойыпты. Ал қалған оқушылар сынақты дүстүрлі жолмен тапсырған.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, ҰБТ қорытындысы бойынша биылғы сынақта ауылдық жерлердің оқушылары айтарлықтай жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген. Атап айтсақ, ауылдық жерлердегі мектептерден 92,6 балл көрсеткішті Жарқын ауылының орта мектебі көрсетіпті. Ал қала мектептерінің ішінде Экономикалық лицей, № № 37, 30, 6, 21, 27 және 47 мектептер жоғарғы көрсеткішке ие болған. Ең төмен көрсеткішпен № 25 орта мектебінің оқушылары шыққан.

Баспасөз мәслихатында сала мамандары ҰБТ-ға дайындық жұмыстары оқу жылы бойы жүргізілгенін, алдын ала болжам бойынша өткен жылғы көрсеткішті сақтап қалу көзделгенін атап өтті. Дегенмен нәтиже төмен болып отыр. Бүгінде білім бөлімімен көрсеткішті арттыру мақсатында арнайы бағдарлама әзірленіпті. Ол бойынша алдағы оқу жылында ұстаздар алдымен ата-аналар арасында үлкен жиын өткізуден бастамақ. Жиында ҰБТ нәтижелерін жақсарту жөнінде оқушылардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Баспасөз жиынында сонымен қатар түлектер кешінің өту барысы, мектептердегі жөндеу жұмыстары, алдағы оқу жылында оқулықпен қамтамасыз ету және балалардың жазғы демалыстары туралы сауалдар талқыланды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

4 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

6 дней бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

2 недели бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

2 недели бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

2 недели бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

2 недели бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

2 недели бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

2 недели бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС