"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СӘУЛЕТ ТАЛАПТАРЫНА САЙ БОЛУЫ ТИІС

16.06.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала аумағына қарасты Ақсай ауданында 320 гектар жер тұрғын үй салу мақсатында тұрғындарға пайдаланылуға берілген еді. Алайда, 2007 жылы мораторий жарияланғандықтан, құжаттарды рәсімдеу уақытша тоқтатылған-ды. Ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік жер актілерін дайындау жұмыстары қайтадан қолға алынды. Бұл туралы сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандары мәлім етті. Осыған орай өткен аптада Айбек Кәрімов іргесі жаңадан қаланып жатқан ауданға арнайы барып, болашақ елдімекеннің құрылыс жұмыстарымен танысты.

Аталмыш ауданды жарықпен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдың желтоқсан айынан электр трансформаторларының құрылысы басталған еді. Қазіргі таңда 9 қосалқы және 3 кешенді трансформатор станцияларын орнату бойынша жұмыстар жасалуда. Ал электр жүйесі толығымен келер жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Бұл жұмыстармен «Семейпластком» ЖШС айналысуда. Бүгінгі күні мердігер компания жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген 936 млн. теңгенің 126 млн. теңгесін игеріп үлгерген. Жарық көзінің жалпы қуаты 4819 кВт болмақ.

 

{jcomments on}Нысан аумағына келген Айбек Мүталапханұлы мердігерлермен кездесіп іс барысымен танысты. Ұсыныс та білдірді.

 

— Бұл аумақта мектеп пен балабақша міндетті түрде бой көтеруі тиіс. Себебі мыңнан аса тұрғын үйді салу жоспарланып отыр. Келешекте мұнда 3 мыңнан аса шаңырақ түтін  түтетуі ықтимал. Сондықтан да сіздерден жұмыс қарқынын үдете түсулеріңізді сұраймыз. Өйткені қолдарында жерге меншік құқығын беретін құжаттары бар азаматтарға тұрғын үйлер құрылысын жүргізуге рұқсат беру басталады. Ал оларда «электр қуатын қайдан аламын?» деген сұрақ туындамауы керек. Трансформаторларыңыз қазақстандық үлгіде болғаны абзал. Қаражат жағынан сіздерге қолдау көрсетеміз. Мейлінше күш жұмылдыруға тырысыңыздар, — деді Айбек Кәрімов.

Сондай-ақ А.Мүталапханұлы сәулет және қала құрылысы бөлімінің мамандарына Ақсай аумағында тұрғызылатын баспаналардың бірқалыпты, жүйелі түрде салынуын қадағалауды тапсырды.

— Болашақ тұрғын үйлер белгілі бір тәртіппен салынғаны ләзім. Мысалы, Волгоград көшесінің бойындағы баспаналар жоспарға сәйкес орналасқан. Дегенмен ол аумақта да жекелеген тұрғындардың үйлерінің құрылыстарын сәулет нормаларына кереғар жүргізгені анықталды. Бұл орайда сіздер мұндай олқылықтарға жол бермес үшін, осы ауданның жұртшылығына түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіздер. Сәулет жоспарына қайшы нысандар салынбасын. Соны бақылауда ұстаңыздар. Оларға БАҚ арқылы біз ұсынып отырған жобаларды көрсетіңіздер. Қалалықтардың құрылыс жүргізу  мәдениетін қалыптастыру керек,- деді Айбек Кәрімов.

Ал сәулет және қала құрылысы бөлім басшысының міндетін атқарушы Тілек Төлендинов аталмыш ауданнан жер алып, оны 2007 жылға дейін заңдастырып үлгермеген шаһар тұрғындары болса, қалалық әкімдіктің жер қатынастары немесе сәулет бөліміне келіп, қайтадан тіркеуден өтулерін сұрайды. Себебі бүгінде жер алу үшін 8 мыңнан астам халық кезекте тұрған көрінеді. Келмеген жағдайда жер телімдері тізімдегі тұрғындарға үлестіріліп берілуі бек мүмкін. Сондықтан да құжат рәсімдеуде немқұрайлық танытпаған жөн, — дейді Тілек Айтқазыұлы.

Жақсылық СҮЛЕЙМЕН, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

23 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

23 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

1 день бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС