"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҢА ӘКІМ ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

24.06.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Аптаның алғашқы жұмыс күні Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, жұмыс барысымен танысты. Атап айтсақ, денсаулық сақтау мекемелері, жылу қазандықтары мен жеке кәсіпкерлердің өндіріс орындарын аралады.

 

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов алдымен Жедел медициналық жәрдем ауруханасымен танысты. Жаңа медициналық мекеменің жұмысымен таныстыр-ған мекеме басшысы Қайноллан Мусин нысанда орын алып отырған бірқатар кемшіліктерден құлағдар етті. Оның айтуынша, іргелі мекеме бүгінде орталықтандырылған су жүйесінен ажыратылған. Есесіне өздерінің ұңғымаларынан (скважина) тіршілік көзін пайдаланып отыр. Бұл — су желісін дұрыс жүргізбеген мердігер мекеменің салғырттығы. Бұдан өзге құрылысшылар сапасыз жұмыстары үшін ғимарат ішін толықтай қайтара әрлеп те шығыпты. Нысанда электр жарығы да мәселе тудырып отырған көрінеді. Мамандардың айтуынша, электр жарығын жеткізетін қос кабельге түсетін салмақ талапқа сай. Алайда жарықтың неліктен сөніп қалатынын не мердігер, не «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ мамандары анықтай алмай отыр. Бұл ретте мекеме басшысы алдағы уақытта мердігер мекеме мен энергетиктер мәселенің мән-жайын бірлесе анықтайтынын атап өтті. Бүгінде осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылыпты.

 

{jcomments on}Айта кетуіміз керек, аймақ басшысы Даниал Ахметов атылмыш нысанда бұған дейін де бірнеше мәрте болып, бірқатар ескертулер жасаған. Олқылықтардың орнын толтыруды да қатаң тапсырған болатын. Солардың бірі — ғимаратқа жаңа жылу жүйесін тұрғызу мәселесі. Бүгінде мекеме электр қуатымен жылытылады. Ал бұл бюджет қаражатына қомақты шығын алып келіп отыр. Мәселен, қыстың қақаған қатты аязында айына 70 млн. теңге қаражат жұмсалады екен. Сондықтан алдағы уақытта қатты отынмен жылытатын жеке қазандық салу көзделуде. Бүгінде ол үшін арнайы жер телімі қарастырылып отыр.

 

Осыдан соң қала әкімі Ермак Бидахметұлы өткен жылы ғана пайдалануға берілген туберкулезге қарсы балалар ауруханасының жұмысымен танысты. Аурухана құрылысы  Сауд Арабиясы корольдігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасындағы меморандум аясында жүргізілді. Бүгінде медициналық мекеме, ем жүргізумен қатар, білім берудің заманауи жабдықтарымен жарақталған. Ал сексен орындық ауруханада Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағынан келген балалар мен жасөспірімдерге амбулаториялық — емханалық, стационарлық нысанда жоғары білікті көмек көрсетіледі. Жаңа аурухана Италия мен Ресейде шыққан аппараттармен жабдықталған. Емдеуге қолайлы жағдай жасалған, сонымен бірге балаларды оқыту үрдісі қолға алынған. Мектеп мультимедиялық кабинетпен жабдықталған. Бұған қоса компьютерлер, интерактивті тақта, кітапхана да бар.

Мекеменің бас дәрігері Насира Жақсылықованың айтуынша, ауруханада бір ғана мәселе орын алып отыр. Ол — ғимаратқа тікелей қатынайтын жолдың жоқтығы. Алдағы уақытта екі шақырым жол жөнделсе, емделушілердің қатынауына қолайлы жағдай қалыптасар еді.

Ермак Сәлімов құрылысы жүріп жатқан Жедел медициналық көмек көрсету станциясына да арнайы барды. Мұнда қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Медициналық жедел жәрдем станциясының жаңа ғимаратында әр бригадаға арналған бөлмелер, көліктерге арналған орындар мен диспетчерлік қызмет орталығы болады. Сонымен қатар мекемеде орталықтандырылған жылу және су жүйесі де қарастырылған. Семей қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының директоры Николай Мантлер де нысанға қатынайтын жолдың жөнделуі қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ мекемеге апаратын жолда жер асты суларының мәселесі де барын жеткізді.

Осыдан кейін қала әкімі Энергетик кентіндегі «№5 интернат жылу қазандығы»  жұмысымен танысты. «Теплокоммунэнерго» МКК техникалық директоры Асхат Букатов атап өткендей, жылу қазандығында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық қазандық пен жылу желілері алдағы маусымға толықтай дайын.  Қазандықтағы жылу қуаты да жеткілікті. Өткен жылы жаңадан жеті тұрғын үй аталмыш қазандыққа қосылған. Сапар барысында қала әкімі кредиторлық қарыздың көлемін де сұрап, бұл бағытта жұмыстарды осы бастан жандандыруды тапсырды. Айта кетейік, бүгінде қала тұрғындарының жылуға берешегі 600 млн. теңге көлемінде. Бұдан өзге бюджеттік ұйымдар берешектері бар.

Жұмыс күні қала әкімі сондай-ақ Энергетик кентіндегі «Солтүстік» көлік-логистикалық орталығының жұмысымен және қоқыс өңдеумен айналысатын «Спецтранс Семей» ЖШС-не ат басын тіреді. Соңғы мекеме құрылыс материалдары мен тұрмыс қалдықтарын өңдеумен айналысса, «Солтүстік» көлік-логистикалық орталығында құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталған. Алдағы уақытта жер мәселесі шешілсе, орталық құрылысының келесі кезеңдерін бастауды жоспарлап отыр.

Шаһар басшысы жұмыс сапарын Қаржаубайұлы көшесі, 249/1 мекенжайында  бой көтерген «Родина» сауда үйін аралаумен тәмамдады. Бүгінде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға үлесін қосып отырған сауда орнына кез келген шаруа келіп өз өнімін ұсынуына болады. Оның үстіне саудагерлерге барлық жағдай жасалған. Алғаш болып аудандарға қарасты сауда үйін Бородулиха ауданы шаруа қожалығының иесі Александр Майер өткен жылы ашқан болатын. Қала басшысы Ермак Сәлімов осындай орталықтардың қала тұрғындары үшін маңызды екенін, ең бастысы, бағаны тұрақтандыру үшін шаруалар мен тұтынушыларға тікелей байланыс жасалғанын құптады.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

23 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

23 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

1 день бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС