"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДА КЕҢЕС БЕРДІ

26.06.2015

«Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында қала тұрғындары үшін қоғамдық қабылдау болып өтті. Бұл жолғы шараға қалалық Әділет басқармасының басшысы Бейсенбек Әл-Сейіт келіп, қабылдауға жазыл-ған көпшіліктің сауалдарына жауап қайырып, заң қағидалары негізінде  тиісті кеңестер берді.

 

{jcomments on}«Әділет кеңес береді» атты мұндай берері мол шара қаламыз бойынша әр тоқсан сайын өткізіледі. Себебі қазіргі күнгі қолданыстағы заңнамалық өзгерістерге сәйкес жұртшылық арасында ақпараттандыру ісін жүргізудің маңыздылығы зор болып тұр. Атап айтсақ, жылжымайтын мүлікті тіркеу мен заңдастыру, меншік құқығына аудару сынды әрекеттерге байланысты толықтырулар көп. Бұдан өзге кәсіпкерлік ашу, оның құжаттарын рәсімдеу сынды бірқатар күрделі сауалдар жетерлік. Ал осы ретте заң талаптарын білмеудің соңы көп жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылуға алып келеді екен. Қалалық Әділет басқармасы басшысының айтуынша, мәселен, 2007 жылдан бастап жеке адам немесе заңды тұлға сатып алған жылжымайтын мүлкін 6 айдың ішінде мемлекеттік әділет департаментіне тіркеуден өткізуі міндеттелген. Бұл тарапта жеке тұлғаға,  егер ол жылжымайтын мүлкін тіркеуден өткізбесе, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынса, заңды тұлғадан 20 айлық көрсеткіш көлемінде айып өндіріледі. Ал дәл осы тәрізді акциялар аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығы біршама артып келеді. Яғни, заң талаптарына жауапкершілікпен қарай бастаған. Атап айтсақ, 2013 жылы жылжымайтын мүлкін тіркетуге салғырттықпен қараған 172 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 2014 жылы 121 адам, ал биылғы жылдың алты айы ішінде не бары 38 ғана болып отыр. Демек, үш есеге дейін азайған.

 

Бұл жолғы қоғамдық қабылдауға жазылған жандардың басым көпшілігі жеке бас құжаттарын рәсімдеу, тұрғын үй кезегіне тұру мәселелерімен келіпті. Өтінішпен келген қала тұрғындарының барлығына Бейсенбек Әл-Сейіт кәсіби тұрғыдан кеңестер беріп, тіпті өз тарапынан да тиісті көмектер көрсетуге әзір екендігін жеткізді.

Жалпы, бұл күні қоғамдық қабылдауға жазылған азаматтардың барлығы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, құжаттарды рәсімдеу, нотариаттық іс-жүргізу салалары бойынша және басқа да әлеуметтік тақырыптағы сауалдар қойып, өз сұрақтарына тиісті жауап пен заң көмегін ала алды.

Сондай-ақ, қалалық Әділет басқармасының басшысы Бейсенбек Әл-Сейіт өз кабинетінде де тұрғындарды қабылдайтынын айтады.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

5 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

5 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

5 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

9 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

22 часа бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС