"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҮДЕМЕЛІ ДАМУҒА ҚОСАР ҮЛЕСІМІЗ БАР

30.06.2015
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласындағы «Семей асбест — цемент бұйымдары зауыты» ЖШС аумағында индустриялық — инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жоба іске қосылды.

Семейдегі асбест — цемент бұйымдары зауытында автоклавты газды бетон өндірісі іске қосылды. Зауыттың жылдық қуаттылығы 100 мың текше метр газды бетонды өндіруге жетеді. Бұл жүзге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

 

{jcomments on}Аталмыш өнім соңғы кезде қарқын алған тұрғын үй құрылысына пайдалануда өте тиімді болмақ. Өйткені қолжетімді тұрғын үй құрылысына қажетті материал сапалы және арзан болып отыр. Сөзіміз дәлелді болу үшін, тоқтала кетейік. Газды бетонның өлшемі 600х400х200 мм құрайды. Ал оның 200 мм қалыңдығы 75 см қалыңдықтағы кірпіштің орнын басады екен. Сондай-ақ аталмыш газды бетондар кірпіштің құнымен салыстырғанда үш есе арзан. Зауыт басшылығының айтуынша, егер кірпіштің бір текше метрі 46-48 мың теңгенің аралығында болса, газды бетон 16 мың 500 теңгені құрайды. Яғни, үш есе арзан материал алып, шығыныңызды әжептәуір азайта аласыз. Бұған қоса аталмыш газды бетондар жылуды жақсы сақтайды және экологиялық таза саналады. Бірегей жобаны жүзеге асыруға  «Даму» желісі бойынша 350 млн. теңге қаражат жұмсалған. Қосымша кәсіпорын басшылығы 100 млн. теңге жұмсаған.

 

— Жобаны іске асыруды өткен жылдан бері жоспарлап келдік. Бір жылдай инвестиция мәселесімен айналыстық. Осы ретте «Халық банкі» АҚ мен «Даму» қорына өнімнің қажетті екенін дәлелдедік және олардың тарапынан қолдауға ие болдық, — дейді зауыттың бас директоры Сейтқасым Тамбетов.

Бүгінде зауыттың жаңа өніміне Қазақстан бойынша тапсырыстар да түсіп жатқан көрінеді. Семей зауыты басшыларының айтуынша, автоклавты газды бетон өндірісін іске қосу арқылы құрылыс жүргізуді бұрынғыдан жылдамдатуға болады және қаржы мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік туады.

— Өнімдерімізге Өскемен, Семей, Павлодар, Талдықорған, Астана қалаларынан тапсырыстар түсуде. Бүгінгі күні сұраныс өте жақсы деп айта аламыз. Соңғы жылдары Семей қаласында да өте жақсы жобалар қолға алына бастады. Құрылыс қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ «Сәт құрылыс» фирмасы да біздің өнімге тапсырыс беріп отыр. Айта кетуіміз керек, бүгінгі күні көп қабатты үйлердің жобалары көбіне осындай газды бетонға арналып жасалады. Өйткені бұл құрылыс материалының өзіндік ерекшеліктері өте көп, — дейді Сейтқасым Тамбетов.

Семей асбест — цемент бұйымдары зауыты шаһарымыздағы көне кәсіпорындар қатарынан. Негізі, төбе жабындылары (шифер) шығаратын мекеме қазір заман талабына сай жұмыс жасап, қосымша әртүрлі жобаларды қолға алып отыр. Соған сай, зауыт қаланы көркейтуге арналған отызға жуық өнім түрлерін шығарып, ел экономикасының өркендеуіне өз үлестерін қосуда.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

13.08.2026
Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру және талантты әрі болашағы зор кадрларды...

Толығырақ...Details

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

13.08.2026
Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

Сайлауалды күн бірнеше форматта өтті. Еңбек ұжымдары және кәсіби қауымдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, экологиялық іс-шаралар өтіп, мобильді штабтар жұмыс істеді....

Толығырақ...Details

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

12.08.2026
Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

Абай облысында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық заңнама талаптарының сақталуы бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Экология департаментіне...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 часа бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

2 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

3 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

4 дня бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

4 дня бұрын

«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Науқанның бір күні – жеті түрлі бағыт: партиялар өңірлерден қолдау іздеді

5 дней бұрын

2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша Департамент жұмысының қорытындылары

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС