"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ

03.07.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қаладағы Би Боранбай, Дулатов, Фрунзе, Уәлиханов, Гагарин сияқты бірқатар көшелер мен Әуезов даңғылының жекелеген аумағына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 62 млн. теңге қаржы бөлінген екен. Сейсенбі күні қала әкімі Ермак Сәлімов жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшелерге барып, ондағы жұмыс барысымен танысты.

 

{jcomments on}Қала басшысы алдымен Би Боранбай көшесіне аялдады. Ұзындығы 800 метрді құрайтын аталмыш көше жолының жөндеу жұмыстары «Семей жолдары» ЖШС-нің құзырында екен. Мұнда 15 бірлік техникасы мен 17 жұмысшы жұмылдырылған. Мердігер мекеме ағымдағы жөндеу жұмыстарын 15 күн ішінде аяқтауды жоспарлап отырған көрінеді. Одан кейін Ермак Бидахметұлы Терешкова көшесінде болып, жүргізіліп жат-қан жұмыстарды көрді. Бұл көшенің жөндеу жұмыстары «Гордорстрой» ЖШС-не жүктелген. Қала басшысына жұмыстары жайлы баяндаған мамандар мұндағы 875 метр ұзындықтағы жолдың үстіне 15 бірлік техникасы және 25 адамның жұмыс күшімен 700 тонна асфальт төселетінін жеткізді. Ал жөнделетін   жолға кепілдеме берілгендіктен аталмыш мердігер компания 2 жыл бойы техникалық қызметін ұсынады екен. Жөндеу жұмыстарымен танысу барысында қала әкімі      Ермак Сәлімов жөнделіп жатқан жолдардың сапасы қалалық мәслихат депутаттарының қадағалауымен ғана шектелмеуі керектігін айтып өтті.

 

— «Біткен іске сыншы көп» демекші, жөндеу жұмыстары аяқталған соң, жолдың сапасы туралы түрлі пікірлерін білдіріп, сын айтатын азаматтардың болатыны белгілі. Сондықтан тұрғындар да жүргізіліп жатқан жұмыстарды өз бақылауларында ұстаулары керек. Алайда қандай да бір олқылықтарды байқаса, айтар уәждері болса, оларға тиісті орындарға дер кезінде хабарласуларын сұраймыз, — дей келе, — облыс басшысы Семей қаласының қазынасына 500 млн. теңге көлеміндегі қаржыны қайтарып берген болатын. Оның 62 млн. теңгесі жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалуда. Сонымен қатар облыстық бюджеттен қосымша 420 млн. теңге қаржы бөлінбек. Оның 219 млн. теңгесі жолдардың жөнделуіне жұмсалады деп жоспарлануда. Бұл бірінші кезең болмақ,- деп атап өтті Ермак Бидахметұлы.

Айта кету керек, биыл ұзындығы отыз шақырымнан астам жолды ағымдағы жөндеу жұмыстарына 100 млн. теңге қаржы бөлінген екен.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026
Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

Облыс әкімі алдымен №1 Жылу электр орталығына барды. 1934 жылы пайдалануға берілген нысан жылу қуатын өндіру және берумен айналысады. Орталықтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын

2026 жылғы мүлік салығы: кім төлейді және қандай өзгерістер бар?

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС