"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

14.07.2015
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биыл көктем келісімен Семейде маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады. Алдымен аса қажет, көліктер нөпірі көп болып табылатын жолдар жөнделіп, қозғалыс қауіпсіздігі қанағаттандырылған болатын. Бұл жұмыстар жаздың екінші айында жанданып, шаһардағы маңызы бар сегіз көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды.

Семей қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Серғазиновтің айтуынша, орташа жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражатқа 1 шілдеден бастап байқау жүргізіліп, жеңімпаз болған «Гордорстрой» ЖШС-мен келісім шарт жасалған. Ол бойынша сегіз көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде олардың бірқатарында жұмыстар аяқталып та қойыпты.

 

{jcomments on}Мәселен, Би Боранбай көшесінде орташа жөндеу жұмыстары атқарылған. Сол сияқты Фрунзе көшесінде (Қабанбай батыр көшесінен Найманбаев көшесіне дейін) жұмыстар атқарылыпты. Ал Терешкова көшесі мен           Дулатов көшесінде (Жансая базары аумағындағы темір-жол өткелінен Елемесов көшесіне дейін) жөндеу жұ- мыстары аяқталған. Сонымен қатар Гагарин көшесінде екі участок (Интернационал және Қозбағаров аралығы және Шәкәрім даңғылынан Герцен көшесіне дейін) жөндеуден өткен.

 

— Мұның барлығы орташа жөндеу жұмыстары. Аталған жұмыстарға 62 млн. теңге қаражат бөлінді. Ал жөндеу жұмыстарына тозығы жетіп, қатынауы қиындық туғызған көшелер алынып отыр. Бүгінгі күні Би Боранбай көшесін күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жоба жасалуда. Жоба әзірленгенше жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, — дейді Семей қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Серғазинов.

Жолдардың барлығы келісім шарт бойынша тамыз айының соңына дейін аяқталуы тиіс. Алайда мердігер бұл жұмыстарды келісілген мерзімнен ерте аяқтауды жоспарлап отыр. Айта кетуіміз керек, шаһарда тозығы жеткен жолдарды жөндеу үшін қосымша қаражат қарастырылып отыр. Егер қаражат қарастырылатын болса, тағы да 14-17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Дегенмен ол уақыт еншісінде.

— Нақты қандай көшелердің жөнелетінін айта алмаймын. Өйткені барлығы бөлінетін қаражатқа байланысты болып отыр. Бұл жұмыстарға 200 млн. теңге қажет. Бұл облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылмақ, — дейді бөлім меңгерушісі.

Естеріңізге сала кетейік, көктем шыға қаламызда жол жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Ағымдағы жұмыс-тармен ол кезде қаланың 32 көшесі қамтамасыз етіліп, барлығы 32 мың шаршы метр болатын аумақ қалыпқа келтірілген еді.  Ал бұл жұмыстарға барлығы 100 млн. теңге қаражат бөлінген болатын.

Ал күрделі жөндеу жұмыстары өткен жылы қалада екі көшеде Дальняя көшесі мен Мичурин көшелерінде басталған болатын. Екі жылға жоспарланған бұл жұмыстар биыл аяқталуы тиіс. Дегенмен қаражат мәселесі алдағы сессия мәслихатында шешімін таппақ. Бүгінде Мичурин көшесіндегі жұмыстарды аяқтау үшін  700 млн. теңге, Дальняя көшесіне 155 млн. теңге қосымша қаражат керек. Өткен жылғы жұмыстардың барлығы жергілікті  бюджет есебінен жүргізілген еді.

А. САМАТҰЛЫ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

22 часа бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

22 часа бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

1 день бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС