"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ОТАНДЫҚ ФАРМАЦЕВТИКА КӨШБАСШЫСЫ

14.07.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Ұлт денсаулығы мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Осы орайда әрдайым мемлекет отандық дәрі—дәрмек өндірісіне мән беріп, дәрілік заттар өндірісінің дамуына көңіл бөлуде. Ал бұл фармацевтика саласының ілгерлеуіне оң ықпалын тигізді. Әрине, бұл бірінші кезекте қарапайым халықтың дертіне шипа болатын отандық өнімді пайдалануға мүмкіндік туғызуда. Осындай дәрі—дәрмек өндірісін қолға алған кәсіп—орындардың бірі Семейде орналасқан.

Қазақстандағы ең беделді компаниялардың бірі саналатын — «РОМАТ» фармацевтикалық кәсіпорыны Семейде 1992 жылдан бері қарай әлемдік талаптарға сай өнім шығарып келеді. Компания қазіргі заманға сай құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етіл-ген. Таблетка және капсула түріндегі дәрі — дәрмектермен қатар, шөптен жасалған препараттарды да өндірумен айналысады.

 

{jcomments on}Алғашқы жылдары көтерме — бөлшек фирма ретінде іргесін көтерген компания қазіргі уақытта өзінің сауда маркасына дәрі — дәрмектер, биопрепараттар мен полимерлі медициналық бұйымдарды өндіріп, ұлттық дистрибьютерлік желі мен дәріханалардың бөлшектік желісін біріктіретін ірі фармацевтикалық холдингке айналды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – отандық нарықты жоғары сапалы фармацевтикалық дәрі-дәрмектермен және осындай тауарлардың кең түрімен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету.

 

— Әлемдік сапа стандартына сәйкес келетін өнім шығаратын компания дәрі-дәрмектерді таблетка және капсула, инфузиялық ерітінділер, галеналық — бөлшектеп өлшеу өнімдері және ферменттік препараттар түрінде шығарады. «Ромат» компаниясының медициналық бұйымдар зауыты — Қазақстандағы бір жолғы пайдаланатын үш құрамды шприцтер шығаратын жалғыз зауыт. Өнімінің құрамына көпшілігі өмірге қажетті және әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 100-ден астам түрі бар, — дейді «Ромат» фармацевтикалық кәсіпорынының өндіріс бойынша директоры Зәуре Әбеуова.

«Ромат» компаниясы – өз қызметін Қазақстанның барлық аумағында жүзеге асыратын ұлттық деңгейдегі дистрибьютор. Компанияның өңірлік желісінде еліміздің барлық ірі қалаларында филиалдары және Бейжіңде (Қытай) өкілдігі ашылған екен. Медициналық препараттар шығаратын зауыт бүгінгі таңда 100 шақты фармацевтикалық өнім түрін шығаратыны аталып өтілді. Соның ішінде «Ромат» гемотагені – зауыттың брендтік маркасы. Өндірістің қуаты жылына 9 млн. гемотаген плиткаларын жасауға мүмкіндік туғызуда. Ал гемотагенге қажетті дәрілік шөптер Шығыс Қазақстанның Алтай аймағынан алынады екен. Семей қаласында орналасқан бұл медициналық орталық — «Ромат» компаниясының ең ірі емдік сипаттағы орны. Алдағы уақытта жоғарғы технология құрылғыларын меңгеріп, аталмыш өнім түрін екі есеге арттыру көзделуде. Оған сәйкес өнім түрлері де арта түспек.

Өндіріс орнының жеткен жетістігі де аз емес. Кәсіпорынның өндіріс бойынша директоры Зәуре Әбеуованың айтуынша, «Ромат» компаниясы «Қазақстандағы № 1 дәрі-дәрмек заттарын өндіруші» номинациясы бойынша «жыл таңдауы» конкурсының алтыншы рет жеңімпазы болып табылады. Осы марапаттаулар жоғары сапалы марка ретінде «Роматтың» жоғары мәртебесін растайды. 2002 жылдың сәуірінде Еуропалық Парламентте (Брюссель) «Ромат» компаниясына жоғары дәрежелі марапат ұсынылыпты. Бұл марапатқа өз саласында үлкен жетістіктерге жеткен, экономиканың дамуына және бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтер шығаруға үлес қосқан жетекші фирмалар ғана ұсынылаатынын айта кетуіміз керек. Ал 2006 жылдың қазанында компания тағы да бір жоғары дәрежелі марапат алуға ұсынылды. Ол — «2006 жылғы Ұлттық Экономика Көшбасшысы» Құрмет белгісі. Бұл компанияның беделін арттырып, өнімнің сапасын растады және кәсіпорынның белсенді өсуіне оң ықпал ететін инновацияларды меңгеруге күш берді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

10 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

10 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

1 день бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС