"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДЕПУТАТТАР БЕС МӘСЕЛЕГЕ НАЗАР АУДАРДЫ

17.07.2015
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше Семей қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық үшінші сессиясы болып өтті. Сессияның күн тәртібінде бес мәселе қаралды.

{jcomments on}Алдымен Семей қаласының 2015 — 2017 жылдарға арналған бюджетіне Семей қаласы мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекованың баяндамасы тыңдалды.

Гүлжан Қайырханқызының айтуынша, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес, 2015 жылға арналған жалпы бюджет көлемін облыстық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен ұлғайтуды көздеп отыр. Соның ішінде трансферттер есебінен мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмекке, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға, қала жолдарын орташа жөндеуге, сондай-ақ инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамытуға қаражат қарастырылған. Оның ішінде тұрғын үйлерге инженерлік желілер құрылысына арнайы қаржы қарастырылып отыр. Ал қаланы абаттандыруды дамытуға қосымша 160 млн. теңгеге ұлғайтылды. Сонымен қатар Байсалықов көшесінде көп қабатты тұрғын үй құрылысын жобалау және салуға 47 млн. 065 мың  теңгеге кредиттер есебінен ұлғайтылады.

Сондай-ақ экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлжан Алтынбекова бюджеттің шығындарына функционалды топтың бөлінісінде облыстық бюджеттен трансферттер мен кредиттер есебінен ұлғайтуды және ішкі түзетулерді ескерумен бірқатар өзгерістер енгізілгені жайлы ақпараттардан құлағдар етіп, халық қалаулыларының сауалдарына жауап берді.

Сессияда қаралған келесі сұрақтың бірі «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамы туралы болды. Аталмыш мәселе бойынша қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жанат Никушев жауап берді. Өз кезегінде халық қалаулылары комиссияның құрамына қалалық мәслихат депутаттары мен кәсіподақ ұйымдарынан өкілдерін кіргізуді ұсынды.

 

Сонымен қатар сессияда аукционға шығарылатын жер телімін жалдау құқығын бекіту қарастырылды. Атап айтқанда, аукционға шығару үшін көп қабатты және көп пәтерлі тұрғын үйлер салу үшін Қарағайлы ауданынан бастапқы алаңы 1 гектар жер телімін бес жыл мерзімге жалдау құқығы бекітілді.

 

— Қарағайлы аумағында үш көп қабатты тұрғын үйлер салынатын болады. Бұл жерде айта кетуіміз керек, қазіргі күні барлық жер телімдері тек қана аукцион арқылы берілетін болды. Бұл өз кезегінде ашық және бәсекелестік жағдайда өткізуге үлкен мүмкіндік беріп отыр, — деді жер қатынастары бөлімінің басшысы Сүлеймен Медеуов.

Осы тұста сөз алған қала әкімінің орынбасары Асхат Хосчанов қаладағы магистральдық желілер бойынша атқарылып жатқан жалпы жұмыстарға тоқталып өтті.

— Бүгінгі күні қала бойынша барлық магистральдық желілер мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Ал Қарағайлы ауданындағы магистральдық желінің құны 2,8 млрд. теңгені құрайды. Бұл жердегі құрылыстың алғашқы жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Алдағы уақытта мемлекеттік тапсырыс бойынша байқау өткізіліп, мердігер анықталатын болады, — дейді А.Хосчанов.

Жиында бұған қоса, сайлау комиссияларынан шығып кеткен мүшелерінің орнына мүшелер сайлау туралы және Семей қаласы мәслихатының регламентін бекіту туралы шешіміне өзгеріс енгізу жөнінде мәселелер қаралды. Сессияда көтерілген сұрақтарды қалалық мәслихат депутаттары бір ауыздан қолдап, дауыс берді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

20 часов бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

20 часов бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС