"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«СЕМАЗ» 7000-ШЫ «БЕЛАРУСЬ» ТРАКТОРЫН ШЫҒАРДЫ

21.07.2015

Семей автокөлік құрастыру зауыты – шығыс өңірі ғана емес, республикадағы ірі көлік концерндерінің көш басында келе жатқан кәсіпорын. «ҚазАгро» холдингі желісі бойынша қолдау көрсетіліп 1,3 млрд. теңгеге инвес-тицияланған  «СемАЗ» машина жасау зауыты жуырда «Беларусь» тракторының 7 000-шы санын шығарды. Осыған орай «ҚазАгро» холдингі республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне пресс-тур өткізді.

{jcomments on}«СемАЗ» ЖШС бас директоры Әсемхан Досқожановтың айтуынша, кәсіп-орында 300-ден астам адам жұмыспен қамтылған. «СемАЗ» ЖШС тракторлар өндірісінің тарихы 2009 жылы Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларын құрастыру өндірісін ұйымдастыру жөніндегі конкурстан басталған. «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ өткізген байқауға  Семейдің машина жасаушыларынан түскен өтінімге кейіннен 3000 бірлікке дейінгі  техниканың өндірісімен жылына 1000 тракторды құрастыру өндірісі енгізілген. Осылайша, өндіріс “Беларусь 80.1”, “Беларусь 82.1” және “Беларусь 1221.1” маркалы тракторлардың үш моделін құрастыруды бастады.

Аталмыш техникалар кездейсоқ таңдалып алынған жоқ. Өйткені сенімділігі, күй талғамайтындығы және функционалдық мүмкіндіктерінің ауқымдылығы жағынан бұл тракторлар бұрыннан ауыл шаруашылығында ғана емес, сондай-ақ коммуналдық шаруашылықтарда да кеңінен қолданылып келеді. Әртүрлі аграрлық шараларды жүргізуден өзге, көшелерді, жолдарды және жаяу жүргінші жолдарын тазарту үшін де аса ыңғайлы.

 

Бүгінгі таңда кәсіпорын тоғыз трактор моделін шығаруды меңгерді. Оның ішіндегі ең жетілдірілгені  “Беларусь 3522” болып табылады. Зауыттың техникалық сипаттамасына сәйкес, ол ауыл шаруашылығында аса көп энергияны қажет ететін жұмыстарды орындауға арналған, соның ішінде дәнді және басқа дақылдарды егу, жемшөп азықтарын дайындау, сондай-ақ жүк тасымалдарымен байланысты жұмыстарды орындауға бейімделген. Зауытта, атап өтілгендей, барлық «Беларусь» техникасы тұтынушының тілегі бойынша қазақстандық кәсіпорындармен шығарылған аспалы жабдықтардың кеңейтілген түрімен жабдықталады.

 

«ҚазАгро» холдингі өндірісті қаржыландырумен ғана шектелмейтінін атап өту қажет. Ұлттық холдинг бүгінде зауытқа шығарылған техникаларын өткізу кезінде де тиімді көмегін көрсетіп келеді. Атап айтсақ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның лизинг бағдарламаларының арқасында кәсіпорын республиканың шаруашылықтары мен агроқұрылымдарына барлық құрастырылған тракторлардың жартысынан көбін жөнелтеді. «СемАЗ»  ЖШС директоры Әсемхан Досқожановтың айтуы бойынша, тек «ҚазАгро» холдингінің инвестициялық бағдарламасының арқасында зауыт өндірісті жүргізіп және өнімдерін тоқтаусыз өткізуді жолға қойды және дағдарыс кезеңінде де құрастыру үрдісін тоқтатқан емес.

Тракторлардан басқа, “СемАЗ” ЖШС автобустар мен жүк автокөліктерін  шығару өндірісін жолға қойған. Құрастыру, дәнекерлеу және бояу жұмыстарынан тұратын толық цикл принципі бойынша зауыттың технологиялық желілерінде  «Daewoo» автобустары шығарылады, ал 2013 жылдан бастап Семейдің машина құрастырушылары 25 тоннаға дейінгі жүкті көтере алатын  «Урал» және «SHACMAN» автокөліктерін шығара бастады.

А. САМАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

4 часа бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

4 часа бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

4 часа бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

8 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

21 час бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС