"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖАЛҒАСУДА

24.07.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Семей қаласындағы жылу қазандықтары жөндеуден өтетін болады. Жылу қазандықтарының жөндеу жұмыстарына Үкіметтен 1 млрд. 724 млн. теңге қаражат қарастырылыпты. Бұл туралы Семей ақпараттық орталығында Семей қаласы тұрғын үй — коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Александар Генрихтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

Қазір алдағы қысқы маусымға дайындық қызу жүріп жатыр. «Нұрлы жол» бағдарламасы негізінде бөлінген қаражатты мақсатты жұмыстарға жаратуға байқау жарияланған. Байқауға он компания қатысуға ниет білдірген. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін, шаһардағы бірнеше қазандық пен жылу жүйелеріне жөндеу жұмыстары басталатын болады. Жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен қосымша 186 млн. теңге бөлінеді деп күтілуде. Сонымен қатар РК – 1 қазандығының іске қосу жүйесін ретке келтіру мәселесіне облыс қазынасынан жобалық – сметалық құжатқа қосымша 20 млн. теңге бөлініпті. Қазір РК -1 қазандығында биылғы жылға жоспарланған құрылыс – монтаж жұмыстары аяқталуға жақын.

 

{jcomments on}- Ағымдағы жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. РК – 1қазандығына Германияда шығарыл-ған заманауи генератор орнатылатын болады. Бұл өз кезегінде электр қуатын үнемдеуге септігін тигізе отырып, қала тұрғындарын қуат көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал коммуналдық тариф жөнінде облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков арнайы баспасөз мәслихаты барысында толыққанды ақпаратпен қамтамасыз ететін болады, — деп атап өтті бөлім басшысы Александар Генрих.

 

Биылғы қысқы маусымға тұрғын үйлердің техникалық төлқұжаттарының дайындығы 12 — 13%-ды құрап отыр. Жылу маусымына санаулы айлар қалғандықтан, тұрғын үй инспекциясы мамандары бұл мәселені назарына ұстауда. Сонымен қатар заңды және жеке тұлғалар коммуналдық қарыздарын да төлеуге асығар емес. Александар Генрихтың айтуынша, қалалықтардың жылу мекемесі алдындағы жалпы қарызы 600 млн. теңгені құрап отыр.

Баспасөз мәслихатында коммуналдық мекемелердің өздерінің де жарық үшін қомақты берешегі бар екені айтылды. Мәселен, «Теплокоммунэнерго» МКК 800 млн. теңге, «Семей-Водоканал» МКК 270 млн. теңгеге жуық қарыздары бар. Қордаланған қарыздарды жабу мақсатында облыс әкімдігімен бірлесе кешенді жоспар қабылданған екен. Жоспар негізінде «Семей-Водоканал» мекемесінің 25 млн. теңге қарызы өтеліпті. Ағымдағы жылы қаладағы қазандықтарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі де өз шешімін тапқан. Оған республикалық бюджеттен 1 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінеді деп жоспарланып отыр.

Жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 219 млн. теңге бөлінген. Аталған қаражат Семейдегі 17 көшені орташа жөндеуге жұмсалуда. Жолдарды жөндеу қыркүйек айының басында аяқталады деп күтілуде.

Айтпақшы, № 6 мектеп — гимназия маңындағы жаяу жүргіншілерге арналған жерүсті жолының құрылысы келер жылы аяқталады екен. Сонымен қатар семейліктердің жиі серуендеп, тынығатын Ертіс өзенінің жағалау аймағын көркейту жұ-мыстары да аяқталуға жақын. Келешекте жағалауда орналасқан субұрқақ қайта жөндеуден өткізілмек.

 

 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

21 час бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

21 час бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

24 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС