"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕМЕЛ КЕЛЕШЕККЕ ЖЕТКІЗЕТІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТ

28.07.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер  басқармасында «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 5 инс-титуционалды реформаны жүзеге асырудағы Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамы мен мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеті»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Семей қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Жұмағалиев, заңгерлік қызмет және салықтық құқықты түсіндіру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шырын Әмірханова мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадамды алдағы 10-15 жылда іс-жүзінде орындау барысында Мемлекет басшысы қазақстандықтарды бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып бірлесе күш салу керектігі туралы айтқан болатын. Аталмыш стратегиялық құжат    саяси-әлеуметтік маңызы мен мәні терең 5 басты тақырыпты қамтиды. Бірінші реформаның негізіне сәйкес, кәсіби мемлекеттік аппартты қалыптастыру көзделген. Ол үшін мемлекеттік қызметке үміткерлер төменгі сатыдан  бастап қабылдануы тиіс екені көрсетілген. Сонымен қатар жауапты қызметке алғашқы рет қабылданған азаматтарға сынақ мерзімінен өту міндеттелген. Дегенмен олардың жұмыстарының нәтижесі бойынша еңбекақыларын лайықты түрде көтеру де қарастырылған. Дөңгелек үстелде сөз алған Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Жұмағалиев:

— 5 институционалды реформаны жүзеге асырудағы 100 нақты қадамда сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мәселесі нақты көрсетілген. Ол үшін Үкіметке жаңа заңнамалық құжатты әзірлеу де тапсырылған. Сондай-ақ қоғамның кеселіне айналған бұл мәселені түп тамырымен жою мақсатында жемқорлыққа қарсы арнайы бөлімшені құру да жүктелген көрінеді. Бұдан бөлек «Индустрия-ландыру және экономикалық өсім» тарауында, 42-45-ші қадамдарда салықтық әкімшілік жөнінде айтылған. Соған сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен барлық азаматтар үшін кіріс пен шығысты жалпы жариялау кезең-кезеңімен енгізілетін болады, — дейді.

Сондай-ақ 43-ші қадам бойынша салық декларацияларын қабылдау мен өңдеудің орталық желісін құру көзделіп отырғанын, соның арқасында салық төлеушілер электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына кіру мүмкіндігіне ие болатынын, ал 44-ші қадамның негізінде жанама салық салу тетіктерін жетілдіру жолдары қарастырылғанын, яғни қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесі жан-жақты зерделенетінін, сонымен қатар, 45-ші қадамда жазылғандай, кіріс пен шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режімі оңтайлана түсуіне жол ашылатынын айтады мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары.

Ведомство қызметкерлері кел-тіргендей, ағымдағы жартыжылдықтың өзінде салық пен төлемдердің есебінен мемлекеттік қазынаға 15 771,8 млн. теңге түскен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 14 887,4 млн. теңгені құраған екен.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

21 час бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

21 час бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

24 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС