"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МІНСІЗДІГІ ҚАЖЕТ

31.07.2015
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей ақпарат орталығында ШҚО әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтің және қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен баспасөз  мәслихаты өтті. Жиын тақырыбы алдағы жылу маусымына даярлық, коммуналдық қызмет тарифі турасында өрбіді.

Басқосу барысында аймақ басшысының орынбасары ТМД елдері бойынша су және электр энергиясы тарифтері жайлы сөз қозғап, бірқатар мысалдар келтіріп өтті.      Мониторинг нәтижесі көрсеткендей, біздің елімізде коммуналдық қызмет үшін ең төмен баға қойылған. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ең аз төлемдер төлейді. Әйтсе де жыл өткен сайын, көрсетілетін қызметтің қымбатқа түсіп бара жатқаны байқалуда. Бір ғана мысал, ел Үкіметі аталмыш саланы қайта жаңғырту ісіне қомақты қаражат жұмсауда. Атап айтсақ, 2011-2014 жылдар аралығында ШҚО бойынша 9 нысан  күрделі жөндеуден өтіп, ел игілігіне беріліпті. Өскемен мен Семейдегі су құбырлары, кәріз жүйелері жаңартылған. Яғни, қорыта айтқанда, аталмыш сала қызметін сапалы етуде жұмсалатын шығын өте көп болып тұр. Ал 2015 жылы бұл тарапта 15 нысан жаңғыртылмақ. Аталмыш бағыт бойынша арнайы жобалар әзірленген.

 

{jcomments on}- Жалпы, Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында тың шаралар қолға алынатын болады. Осы кезеңге дейін жүзеге асырылып жатқан ТҮКШ саласын жаңғырту ісіне тың серпін берілмек. Жоспарлы бағдарламалар аясында тариф саясатын да оңтайлы жүргізу қолға алынуда. Төлемақы бағасының құбылмалылығы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға салмақ түсірмеуі тиіс. Бұл мәселе де тыңғылықты ойластырылуда, — деп атап өтті өз сөзінде Димитрий Гариков.

 

Облыс әкімінің орынбасары сонымен қатар Семейдегі жүргізіліп жатқан алдағы жылу маусымына даярлық шараларына да тоқталып өтті. Қазіргі күні бұл үдеріс кедергісіз жүзеге асырылуда. Сондай-ақ ТҮКШ саласында атқарылуы тиіс бірқатар шаралар бар. Атап айтсақ, тек Семей қаласында ғана емес, ШҚО көлемі бойынша су жүйелерінің ескіргені, құбырлардың жиі сыр беретіні осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу қажеттілігін тудыруда. Оның ішінде станциялардағы су соратын насостарды жаңартудан бастап осы салада еңбек ететін қызметкерлердің төмен саналатын жалақысын жоғарылатуға дейінгі аралықта ауқымды іс көзделуде. Бұл тарапта, әрине, алғашқы кезектегі мәселе қаражатқа да келіп тірелетіні белгілі. Сол себептен де дәл қазіргі күні тұтынылатын су үшін қойылған тарифтің өзгертілуі уақыт талабынан туындаған маңызды жайт болып тұр.

Баспасөз мәслихаты барысында облыс әкімінің орынбасарына журналистер тарапынан сауалдар да қойылды. Мәселен, «Теплокоммунэнерго» МКК алдында қомақты көлемде қарыз болып саналатын әрі оны төлеуден жалтарып жүрген тұрғындарға қандай да бір шара қолданыла ма деген сауалға Д. Гариков тұтынушылар қарызының қомақты болуы себепті алдағы уақытта түрлі шаралар қолға алынуы мүмкін екенін жеткізді. Бұл ретте өзінің Семей қаласы әкімінің орынбасары болып тұрған шағында құзырлы органдармен бірлесіп арнайы рейдтік шаралар жүргізіп, борышкерлерден берешек төлемақыны өндіру біршама нәтиже бергенін де айтып өтті.

Осыдан соң облыс әкімінің орынбасары қалалық әкімдікте қоғамдық ұйымдар мүшелерімен кездесу өткізді. Басқосуға қаламыздағы саяси партиялар жетекшілері, қоғамдық бірлестік өкілдері жиналды. Бұл жиында да елімізде, оның ішінде Шығыс өңірде қолға алынған тариф саясаты және одан түсер оң нәтиже туралы кең көлемді ақпарат беріп өтті. Жиынға қатысушылар да өз ой-пікірін білдіріп, ұсыныстарын жеткізді.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

21 час бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

21 час бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

23 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС