"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰЛТ БОЛАШАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

04.08.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың 5 институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның бірінші бөлімінде кәсіби мемлекеттік аппарат құру жүктелген. Кәсіби аппарат құру арқылы мемлекеттік қызметті жетілдіре отырып, ықшам әрі тиімді жұмыс жүргізу қағидасы көзделген. Бұл ретте сала мамандарының жалақысы қызмет сапасы мен оң нәтижесіне қарай жоғары болуы керектігі ескеріледі. Жаңа заңнамаларды әзірлеу барысында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажеттілігі де қарастырылған.

{jcomments on}Осы ретте Семей қаласы әкімдігінде ШҚО әкімі аппаратының ШҚО аймақтық мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының директоры Жұлдызбек Тоштыбаевтың қатысуымен жиын өтіп, онда Ұлт Жоспарында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызметшілердің сапалық деңгейін арттыру жөнінде кеңінен айтылды.

Жаңа Ұлт Жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесіне баса мән берілген. Мемлекеттік қызметке байланысты реформалардың шешуші бағыттары туралы баяндаған Жұлдызбек Тоштыбаев мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды, оны кәсібилендіруді қарастырып, мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптардың күшейтілетіндігін атап өтті. Мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру 15 қадамнан тұрады.

— Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекеттік қызмет заңына өзгерістер енгізіліп келеді. Соңғы өзгеріс 2013 жылы орын алды. Бұл — тоқтамайтын үрдіс. Қазір оның үстіне жаһандық экономикалық дағдарыс кезінде әлемнің біраз елдерінде тұрақсыздық орын алуда. Осының барлығына уақытында жауап беретіндей, болашақта сенім үрдісінен шығатындай мемлекеттік аппарат болуы керек. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадамдағы» кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың және оны іске асырудың маңызы зор,- дейді мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының директоры Жұлдызбек Тоштыбаев.

 

Оның айтуынша, бұл бағытта алдағы жылдан бастап жаңа жалақы төлеу жүйесін енгізу көзделуде. Ендігі уақытта мемлекеттік қызметкерлердің жалақылары жұмыстар нәтижесіне қарай негізделетін болады. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметшілерді жүйелі түрде оқытып, біліктілігін арттыру заң жүзінде бекітіледі. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке үміткерлерді іріктеу орталықтандырылып, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің рөлін күшейту жоспарлануда.

 

Жұлдызбек Тоштыбаевтің айтуына қарағанда, алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің барлық деңгейін, соның ішінде құқық қорғау органдарын да қамтитын  «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң қабылдау жоспарланған.

Ұлт болашағының жоспарына баланған 100 нақты қадамда көрсетілген негізгі міндеттерді құқық қорғау қызметкерлері арасында түсіндіру бойынша Семей қалалық ІІБ  да ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім жетекшісі Гүлмира Сабырбалинова аталмыш стратегиялық құжаттың шешуші жақтары мен бағыттары туралы толыққанды ақпарат беріп өтті.

— «100 нақты қадам»  — бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бірге  жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына жақын арада кіру жөніндегі ұлттық  жоспар және тікелей қолданылатын нұсқау, — деді Гүлмира Сабырбалинова.

Іс-шараны қорытындылау кезінде Елбасының «100 нақты қадам» атты бағдарламалық құжаты еліміздің әрбір азаматына және Қазақстанның болашағына қатысты екендігіне, сонымен қатар егжей-тегжейлі зерделеу қажеттігіне баса назар аударылды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей  таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

20 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

21 час бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

23 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС