"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕР ӨНДІРУДЕ КӨШ ІЛГЕРІ

04.08.2015
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық кәсіпорындарды қолдау қажеттігін атап көрсеткені баршамызға мәлім. Осы ретте «Қазақстанда жасалған» акциясы бастау алып, шығысқазақстандық тауар өндірушілер үшін акцияның айтарлықтай қолдауы болды.

{jcomments on}Семей қаласындағы «ШығысАжарТорг» ЖШС кондитер цехы — бүгінде мемлекеттік бағдарлама қолдауын сезініп отырған кәсіпорын. Заман талабына сай келетін кәсіпорынның құрылып, қалтқысыз жұмыс жасап келе жатқанына биыл тоғыз жыл. Қазір цех өнімдері ішкі нарықта ғана емес, көршілес Ресейге де экспортталуда.

«ШығысАжарТорг» ЖШС директоры Жанаргүл Жұмағалиеваның айтуынша, цехтың өнім өндіру мүмкіндіктері жағынан өңірдегі кәсіпорындардың ішінде өзіндік алар орны бар. Жанаргүл Жұмағалиева 90-шы жылдардың тоқырауы кезінде негізгі мамандығы мұғалімдікті тоқтатып, нарық заманына қарай сауда саласына бет бұрады. Алғашқыда тәттілерді алып-сатумен айналысады. Алматы мен Шымкент қалаларынан кондитерлік өнімдер әкеліп сата бастаған ол алыс жолда  кейбір өнімдердің бұзылып кететінін байқайды. Осы тұста кәсіпкерге кондитер өнімдерін алыстан тасымалдамай-ақ өзімізде өндіріп, халыққа жаңа шыққан өнімдер ұсыну туралы ой келеді. Осылайша, кәсіпкер жеке ісін ашуды ұйғарады және қажетті құрылғылар сатып алады.

 

Шағын цехта біртіндеп жұмысшылар саны артып, өнім түрлері көбейеді. Осылайша, жеке кәсіпкер «Жұмағалиева» болып құрылған кондитерлік өнім өндіретін цех, 2012 жылы «ШығысАжарТорг» ЖШС болып қайта құрылады. Жалға үлкен ғимарат алып, бірнеше жыл жұмыс жасайды. Уақыт өте жұмысы жүріп жатқан цех заман талабына сай арнайы құрылғыларды қажетсіне бастайды. Осы тұста кәсіпкер «Даму» қоры арқылы 20 млн. теңге субсидия алып, заманауи құрылғылар сатып алады. Бұл қаражатқа арнайы екі өндірістік пеш пен өнімдерді жаз маусымында тасымалдауға тоңазтқышы бар техника сатып алады. Енді мәселе ғимаратта болады. Кәсіпкерге бұл тұста да мемлекеттік бағдарламаның қолдауы тиеді. Ұсыныс жасап, 2014 жылы «Даму» қорының «Өндіріс-2» мемлекеттік бағдарламасы арқылы төмен пайызбен 20 млн. теңге несие алып, цехқа қажетті ғимаратты сатып алады.

 

— Қазір нарықта бәсеке өте күшті. Тіпті көрші Ресейдің өнімдері өте көп болып кетті. Өткен жылы Ресей рублінің бағамы өзгергеннен кейін, аздаған қиыншылықтарды бастан өткердік. Дегенменен алдымызға қойған мақсатымыз бар. Алдағы уақыттада  халыққа қажетті сапалы отандық өнімнің жаңа түрлерін ұсынуды көздеп отырмыз. Ең бастысы, бәсекеге қабілетті бола білуіміз керек, — дейді Жанаргүл Жұмағалиева.

Бүгінгі күні 35 адам жұмыспен қамтылған кондитер цехында жүзден астам өнім түрлері шығарылады. Сондай-ақ көпке танылып үлгерген мармелад өндіріледі. Кондитер өнімдерін шығару да аса талғампаздықты қажет ететіндігін айтады  мұндағы мамандар. Сондықтан ұжым әр кез жаңа өнім түрлерін ойлап табумен де айналысады екен. Бір сөзбен айтқанда, бұл іс те үнемі ізденісті қажет етеді. Айта кетуіміз керек, кондитер цехы тапсырыспен пісіретін бауырсақ, шелпек, тоқаш өнімдері де семейліктердің сұранысына ие болған. Ал «ШығысАжарТорг» ЖШС-нің өнімдері Шығыс Қазақстан облысы, Астана, Павлодар, Қарағанды қалаларына , Ресейдің Рубцовск қаласына жіберіледі.

А. САМАТҰЛЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

20 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

21 час бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

23 часа бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС