"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТІЛ МӘРТЕБЕСІ — ЕЛ МӘРТЕБЕСІ

18.08.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сенбі, 15 тамыз күні Семей қалалық Мәдениет сарайында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімшелері арасында сайыс ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілдің маңызын арттыруға бағытталған байқауға Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов арнайы қатысты.

{jcomments on}

Сайыстың басты мақсаты ҚР Үкіметімен бекітілген тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілді жетік білетін қызметкерлер деңгейін тексеру, олардың тілді оқып-үйренуге қызығушылығын арттыру болып табылады. Байқауға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облысы аумақтық Департаменттері қатысуға ниет білдіріпті. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Нақтырақ айтқанда, әр өңірдің командалары таныстыру, департамент жұмысы туралы бейнеролик, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсету, патриоттық әндер жарысы немесе өлең оқу мен дебат өткізу кезеңдерінде өзара мықтыны анықтады. Көпшілік алдында сөз алған шаһар басшысы Ермак Бидахмет-ұлы осындай мәдени байқаудың қаламызда ұйымдастырылғанына алғысын білдіріп, ұлылар мекеніне келген сайыскерлерге сәттілік тіледі.

 

— Құрметті тіл жанашырлары, қадірлі қонақтар! Өнер байқауларына толы Семей жерінде тағы бір мәдени істің куәсі болып отырмыз. Кеше ғана ұлы Абайдың 170 жылдығын кең көлемде атап өткен едік. Бүгін, міне, үш облыс арасында «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты сайыс ұйымдастырылды. Осы орайда Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстаннан келген қонақтарға Ұлылар мекеніне қош келдіңіздер дейміз. Құрметті сайыскерлер осы ұйымдастырылып отырған тіл сайысында нағыз мықты топ дара шығады деп есептеймін.    Семей жеріндегі қадамдарыңызға тек сәттілік тілеймін,- деген ізгі ниетін жолдады қала әкімі.

Өз кезегінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасы Т. Жұмағұлов қалалық әкімдіктің аталмыш шараны өткізуде қолдау білдіргені үшін алғысын жеткізді.

— Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!  Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда атқарып жатқан еңбектеріңізге табыс тілеймін. Семейді мәдениеттің ордасы деп айтуға толық негіз бар. Мұндай үлкен сайыстың өтуіне ұйытқы болған Семей қаласының әкімдігіне алғысымды білдіремін. Ал қатысушыларға сәттілік жолдас болсын,- деді өз сөзінде Тоқтамыс Қадошұлы.

Өнер додасының қорытындысына келер болсақ, командалық есепте Павлодар құрамасы топ жарды. Өкінішке орай, жеңіс тұғырына шығысқазақстандықтар сәл жетпей, екінші орынды қанағат тұтты. Үшінші орында тиісінше Қарағанды командасы тұрақтады. Енді үздік шыққан топ қыркүйек айында Елордада өтетін ақтық сында өнер көрсетеді деп күтілуде.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,                                                                                                                                                            «Семей таңы»

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

18.09.2026
Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

Бала құқығы, білім, баспана, әлеуметтік қолдау – азаматтарды алаңдатқан мәселелердің қатарында. Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындардың өтініштері тиісті...

Толығырақ...Details

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

16.09.2026
1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Елімізде биылғы 1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

14.09.2026
Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

Өңірдегі туризмді дамыту және өлкеге келетін саяхатшылар тасқынын арттыру мақсатында бірқатар ауқымды іс-шаралар мен жаңа турмаршруттар іске асырылуда. Аудан басшысының...

Толығырақ...Details

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

14.09.2026
«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

14.09.2026
Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау және оларды заңсыз үстеме жұмысқа тартуға жол бермеу – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Толығырақ...Details

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

11.09.2026
«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

Бұл туралы Семей қаласы әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев мәлімдеді. Мерекелік апталықтың алғашқы күні, 14 қыркүйекте, қаланың тарихы мен мәдени мұрасын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

1 час бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 дня бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

4 дня бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызметшілердің құқығы қорғалды

4 дня бұрын

«Семейді сүю – тарихқа бас ию»: Семейде Қала күніне арналған мерекелік апталық өтеді

1 неделя бұрын

Облыс әкімі жылу беру нысандарының жұмысымен танысты

1 неделя бұрын

Тұмау мен ЖРВИ: Абай облысында эпидемиялық маусымға дайындық басталды

1 неделя бұрын

42-ші мектеп-интернаты жөндеуді қажет етеді

1 неделя бұрын

Семейде «Киберқауіпсіздікке қадам: Киберай» атты өңірлік форум өтті

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС