"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЗИЯ БІРІНШІЛІГІНІҢ ҮЗДІКТЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

21.08.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда Үндістанда кикбоксингтен Азия чемпионаты өз мәресіне жеткен болатын. Сары құрлықтың кіл мықты спортшылары жиналған байрақты бәсекеде қазақ оғландары жалпыкомандалық есепте топ жарған еді. Аталмыш сында ұлттық құраманың сапында өнер көрсетіп, барлық қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтып, үздіктер қатарынан көрінген семейлік 3 саңлақты сәрсенбі күні қала әкімі Ермак Сәлімов жұмыс кабинетінде қабылдады.

 

{jcomments on}Тамыздың 1-9 күндері Үнді елінің Пуна қаласында өткен ел намысы сарапқа салынған тартысты додада жерлес спортшылар ең жоғары нәтижеге қол жеткізген екен. Атап айтқанда, кикбоксингтің лоу-кик түрінен 57 келіде әлемнің 4 дүркін чемпионы Бауыржан Құдайбергенов осы жолы да өзгелерге өзінің теңдессіз спортшы екендігін дәлелдей білген. Ал К-1 санатының 67 келісінде Қанағат Нұрғалиевқа тең келер қарсылас табылмапты. Сонымен қатар фулл-контакт дәрежесінде сынға түскен тағы бір жерлесіміз Саят Трусбековтің де айы оңынан туып, алтыннан алқа таққан. Кездесу барысында кикбоксингтен Қазақстан құрама командасының бас бапкері Қайрат Смағұлов шаһар басшысына жылы шыраймен қабылдағанына ризашылығын білдіріп, алда атқарылатын жоспарларымен бөлісті.

 

— Құрметті Ермак Бидахметұлы! Бізді осылай қарсы алғаныңызға зор алғысымызды білдіреміз. Үндістандағы жарысқа келер болсақ, 20-ға жуық мемлекеттен 300-ге тарта спортшы өзара бақ сынасты. Біздің командамыз намысты қолдан бермей, 24 алтын, 3 күміс және 5 қола медальмен елге олжалы оралды. Оның ішінде Семей кикбоксинг мектебінің 3 шәкірті жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Араларында Әлем біріншілігінде 4 рет атойлатқан Бауыржан Құдайбергенов сынды тәжірибелі спортшы бар. Бауыржанның осы жекпе-жек түрімен айналысып келе жатқанына 15 жыл уақыт болыпты. Дей тұрғанмен біз осы межемен тоқтап қалмақ емеспіз. Алдағы қыркүйек айында Сербияда жалауын көтеретін Әлем чемпионаты күтіп тұр. Ол жарыста да шәкірттеріміз аянып қалмай, барын салатын болады,- деді Қайрат Еркінжасұлы.

Спортшыларды кезекті жеңістерімен құттықтаған қала басшысы байрақты бәсекелерден жүлдемен оралып жүрген саңлақтарға үнемі қолдау білдіретінін жеткізді.

— Біз әрдайым қолдан келгенше спортшыларымызға көмек беруге әзірміз. Себебі Мемлекеттік Ту екі жағдайда ғана көтеріледі. Ол Мемлекет Басшысының шетелге сапары кезінде және спортшыларымыз жеңіске жеткен сәтте. Менің бір байқағаным — семейлік өрендердің бойында жеңіске деген ерекше жігер бар. Әрине, бапкерлердің де атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Ең бастысы, әрқашан жұртшылықты осындай жақсы нәтижелеріңізбен қуанта беріңіздер. Мерейлеріңіз үнемі үстем болсын,- деген тілегін жолдады Ермак Бидахметұлы кикбоксинг майталмандарына.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

18 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

18 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

20 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

2 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС