"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫНДА

21.08.2015

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов ғасырға жуық тарихы бар, іргетасын Алаш арыстары қалаған «Семей таңы» — «Вести Семей» газеттерінің редакциясында болып, қалам ұстаған қауымның тыныс—тіршілігімен танысты.

Басылым редакциясында Ермак Бидахметұлы алдымен газеттің тарихымен танысып, қазақ баспасөзінің қара шаңырағында қызмет еткен тұлғалар жайында мағлұмат алды. «Семей таңы»- «Вести Семей» газеттерінің директор — бас редакторы Риза Молдашева басылымның негізін  Жүсіпбек Аймауытов, Мәннан Тұрғанбаев, Шаймардан Тоқжігітов сынды Алаш арыстары қалағаны жайлы айта келе,  осы ғасырға жуық уақытта газетте еңбек еткен редакторлар мен қаламгерлер туралы мәлімет берді.

 

{jcomments on}Газеттің алғашқы редакторларының бірі Мәннан Тұрғанбаев, Шаймардан Тоқжігітов болды. Одан кейін Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов сынды ұлт зиялылары да газеттің жарыққа шығып, халыққа таралуына заманында сүбелі үлестерін қосты. Сондай-ақ Жұмажан Тәттібаев, Сағат Жұмағазиев, Хасен Өзденбаев, Беген Байсақалов, Қарқабат Байкенов, Рысхан Мусин сияқты есімдері Қазақстанға белгілі адамдар газетке басшылық жасады. Жалпы, «Семей таңында» республикаға есімдері  белгілі қаламгерлер еңбек еткеніне қала әкімі редакция мұрағатымен танысу барысында көз жеткізді.

 

Сонымен қатар «Семей таңы» газетінің тарихы былтырғы жылы  желтоқсан айында өткен газеттің 95 жылдығында елімізге белгілі алаштанушы ғалымдардың дәйекті дәлелдері, пайымды пікірлері негізінде 1917 жылдан басталатыны дәлелденіп, тарихтың қалыпқа келгенінен де қала әкімі хабардар болды. Сонымен, 2017 жылы газеттің ғасыр тойы аталып өтіледі.

Редакция жұмысымен танысу мақсатында қала әкімі газет ұжымындағы журналистермен жүздесіп, пікір алмасты. Атап айтқанда, әкімдік пен редакция арасында тығыз әріптестік байланыс негізінде билік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жылдам әрі объективті түрде жеткізу, мемлекеттік бағдарламалардың Семей өңірінде орындалуы сияқты ауқымды мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

Ермак Бидахметұлы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың сарабдал саясатының халыққа шынайы жеткізу бағытында ақпарат құралдарының маңызды міндет атқаратынын айта келіп, алдағы уақытта қалам ұстаған қауымның тәуелсіз еліміздің тұрақтылығы жолында аянбай еңбек етіп, оқырмандарға шынайы ақпарат беруі тұрғысында табыс тіледі.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

3 часа бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

3 часа бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

3 часа бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

6 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

20 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

1 день бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС