"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БИЗНЕС РЕЙДТІҢ БЕРЕРІ МОЛ

28.08.2015

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту» АҚ және “Parasat Consulting” ЖШС-нің өкілдері Семейде кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және «Бизнестің жол картасы — 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде бизнес рейд өткізді.

 

{jcomments on}Кәсіпкерлік салада мол тәжірибесі бар менеджерлерден жасақталған топ құрамы алдымен «Ақшың» сауда орталығына барды. Мұнда білікті мамандар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне шаруаларын дөңгелетуге септігін тигізетін мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін түсіндіріп өтті. Арнайы топтың жетекшісі, кәсіпкер Саят Есенгужанов келтіргендей, бүгінде елімізде кәсіпкерлердің белсенділік көрсеткіші төмен деңгейде екен. Ал мұндай шаралар олардың бизнеске деген құлшынысын оятып, кәсібінің нәсібін көруге сеп болмақ. Әрі осындай басқосулар нәтижесінде шағын бизнес өкілдері жұмыс орнынан алыстамай-ақ, өздерінің көкейінде жүрген түйткілді сауалдарын қоюға мүмкіндік ала алады. Бұдан бөлек сауда орталығында кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілетін жеңілдетілген несие жөнінде ақпараттық кітапшалар таратылды.

 

Сонымен қатар азаматтарға маркетинг, бизнесті жоспарлау, салық салу мен құқықтық сұрақтар төңірегінде кеңестік қызметтер де көрсетілген екен. Рейд барысында саудагерлер осындай пайдалы шараның өткізілуіне ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да осы бағыттағы оңды істер жалғасын тапса екен деген тілектерін жеткізді.

— Сауда саласында жүргеніме 20 жылдан артық уақыт болды. Бұрындары мұндай акциялар өткізілмейтін. Көптеген мәліметке қанықтым. Әсіресе ісін енді бастап жатқан тұлғаларға бизнес жоспар құру шаруаларын өркендетуге көп пайдасын тигізетіні сөзсіз. Бұдан өзге тиімді мемлекеттік бағдарламалар да бар екен. Мысалы, осындай білікті жастар келіп ол туралы айтпаса, біз ол жөнінде мүлде білмес едік. Пайыздық мөлшері аз, жеңілдетілген несие алуға болатыны тіпті қуантты. Көбіне жұмыста жүргендіктен, біздің арнайы мекемелерге барып кеңес алуға уақытымыз жетпей жатады. Кезінде біз жоғары пайыздық мөлшермен несие алған едік. Ол жылдары дәл осындай шарапаты мол бағдарламалар болған емес. Сондықтан да бұл- кәсіпкерліктің алға басуына сеп болатын таптырмас мүмкіндік. Мұндай тиімді сәтті жіберіп алмаған ләзім, — дейді шағын кәсіпкер Елена Янцен.

Бизнес рейдтің соңында ұйымдастырушылар аталмыш бағыттағы жұмыстарды өзге де сауда нысандарында өткізу көзделіп отырғанын жеткізді.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

2 часа бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

2 часа бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

2 часа бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

6 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

20 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

24 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

1 день бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

1 день бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

1 день бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС