"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАДАҒАЛАУ ЖАЛҒАСУДА

28.08.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Баға тұрақтылығын бақылау мақсатында «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері қаладағы бірқатар дүкендерге рейд жүргізді. Рейд барысында қалалық мәслихат депутаттары Бейсенғазы Тастекеев пен Динара Әбдрахманова және Достық үйіндегі орыс ұлттық әлеуметтік-мәдениет орталығының төрайымы Надежда Козырева әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын қадағалады.

Жұмыс тобы тексерісті ең алдымен сол жақ жағалаудағы «Южный» дүкенінен бастады. 26 тамыз күнгі бақылау жұмыстарының мәліметтеріне қанық болған халық қалаулылары мен партия өкілдері сөрелердегі азық-түлік бағаларын қолда бар ақпараттармен салыстырды. Бұл жерден кейін жұмыс тобы «Юбилейный» дүкеніне ат басын бұрды. Сонымен қатар баға тұрақтылығын бақылаушылар «Жаңа Көктем» және «Родина» сауда үйлерінде де болып, ондағы тауар бағаларының бағамымен танысты.

Барлық сауда орындарында жағдайды бірдей деп айтуға келмейді. Тексерушілердің келетінін білген кейбір саудагерлер бағаны әдейі төмендетіп қойған көрінеді. Бұдан бөлек сөрелерден бағасы көрсетілмеген тауарларды да кездестіруге болады. Мысалы, дүкендерде қанттың бағасы 180 теңгені құрайды екен. Алайда қанттың бағасы кейбір дүкендерде жазылып көрсетілмеген. Соған қарағанда, сатушылар тұтынушыларға өз ойларындағы бағаны айтып қалатын көрінеді. Дегенмен заңсыздықтар тиісті органдарға хабарланып, алдағы уақытта нақты шара қолданатындарын айтады мәслихат депутаттары.

— Дүкендердегі кейбір саудагерлердің тауар бағасын жазып көрсетпеулері, әрине, заң бұзушылық. Тұтынушылар бағаны сатушының аузынан естімеуі керек, сөреде тұрған бағаны өздері көруі қажет. Мұнымен енді тиісті органдар айналысады. Әзірге бағалардың көтеріліп кеткені байқалмады. Дегенмен баға тұрақтылығын әлі де бақылып отыру керек, — деген қалалық мәслихаттың депутаты Бейсенғазы Тастекеев, — доллар бағамының көтерілуі, әрине, кәсіпорындарға, жекелеген кәсіпкерлерге тиімді. Алайда кәсіпкерлер осы сәтті пайдаланып, бағаны қалауларынша көтермеуге тиіс. Үкімет тарапынан кәсіпкерлікке қаншалықты қолдау болса, кәсіпкерлер де халықтың жағдайын соншалықты ойлаулары керек, — дейді.

Бағаны бірқалыпты ұстап тұру өте маңызды екенін, алайда қаладағы барлық сауда нүктелерін тұрақты түрде бақылау мүмкін емес екенін, сондықтан бұл жұмыста сатып алушылардың да көмегі қажеттігін айтады депутаттар. Егер де тұтынушылар бағаның негізсіз көтерілуіне куә болып жатса, 56-83-94 телефон нөмірі арқылы «Нұр Отан» партиясының қабылдау бөліміне немесе баға тұрақтылығын қадағалайтын арнайы штабқа хабарласуларына болады.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

16 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

16 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

18 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

6 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС