"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕЙТОЙЛЫҚ МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

28.08.2015
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні — еліміз бойынша жыл сайын жоғары деңгейде аталып өтілетін жалпыхалықтық мереке. Әсіресе  қабылданғанына 20 жыл толатын ағымдағы жылы бұл мерекенің мән-маңыздылығы тіптен арта түскен. Себебі егемендігіміздің осынау кезеңінде Ата Заң аясындағы атқарылған істер сарапталып, тәуелсіздігімізді тұрақты етуде елеулі үлесі бар төл Заңнамамыздың ел өмірінде жарқын көрініс табуына ықпал еткен азаматтар құрметтеледі.

Ата Заңның айбынын асқақтатуда әр салада жүріп, жемісті қызмет ету арқылы үлес қосқан семейліктердің қатары мол. Апта сейсенбісінде қалалық әкімдікте өткен басқосуда шаһар басшысы Ермак Сәлімов бұл жайында кеңірек тоқталып өтті. Іргелі жиынға өңірімізде еңбек ететін әртүрлі мамандық өкілдері – ғалымдар, дәрігерлер, құқық қорғау саласының өкілдері, ұстаздар, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер жиналған болатын.

 

{jcomments on}Басқосуда құттықтау сөз алған Ермак Бидахметұлы аталмыш мерекенің маңыздылығын, ел Конституциясының тәуелсіздігімізді тіктеп, байтақ Отанымыздың өркендеуі жолындағы ықпалын атап өтті.

 

— Қазақстан Республикасы Конституциясы — еліміздің басты мерекелерінің бірі. Осы орайда 5 тамыз күні ел Президенті «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Бұл құрметке біздің қаламыздың да азаматтары лайық. Сіздердің алдарыңызда сол адамдарға марапатты табыстауға рұқсат етіңіздер, — деді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құзыреттілігін қамтамасыз етуге, елдің Тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келсім мен тұрақтылықты нығайтуға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ Қазақстан Конституциясының 20 жылдығы құрметіне орай, салтанатты түрдегі марапаттау рәсіміне кезек берілді. Абыройға ие етер марапат алдымен осы кезеңге дейінгі сіңірген адал еңбегі үшін қалалық мәслихаттың хатшысы Бейсенбек Ақжаловқа және қала әкімінің орынбасары Нариман Ақылжановқа табыс етілді. Сонымен қатар ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаев та марапатталды. Бұдан өзге де бірқатар бөлім басшылары құрметке лайық деп танылыпты. Мереке қарсаңында мерейге кенелгендер арасында медицина саласының мамандары мол екен. Атап айтсақ, Семей қаласы медициналық жедел жәрдем станциясының директоры Николай Мантлер, балалардың туберкулезге қарсы күрес ауруханасының меңгерушісі Насира Жақсылықова, перинаталдық орталық директоры Архат Құдайбергенұлы мерекелік медаль иегерлері атанды. Ал ауыл әкімдері арасында Ертіс ауылдық округінің әкімі Зылиха Межекенова, Шүлбі кентінің әкімі Лилия Гребельная құрметке кенелді. Марапатталған жандар арасында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Доғалақов та сөз алып, барша жиналған қауым мен марапат иелерін құттықтап, ізгі тілек те білдіріп өтті.

Сонымен қатар Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Салтанатты жиын соңынан барша марапат иелері естелік фотосуретке түсті.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

19.08.2026
Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Құрылтайы депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы Қаулы қабылданды. —...

Толығырақ...Details

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

18.08.2026
Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

40 мың шақырымнан астам жол, 16 өңір және қарсыластарға жаңа үндеу – 15 және 16 тамыздағы сайлауалды науқан осындай көрсеткіштермен...

Толығырақ...Details

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

18.08.2026
Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың дауыс беруге дайындығы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр. Ал қай партияға дауыс беретінін әлі...

Толығырақ...Details

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Құрылтай сайлауын 777 халықаралық байқаушы бақылайды

7 минут бұрын

Ғылыми зертханалардан ауылдағы егістік алқаптарына дейін: сайлауалды демалыс күндері қалай өтті?

24 часа бұрын

Сайлау жақындаған сайын таңдауын жасамаған қазақстандықтар саны төрт еседен аса азайды

24 часа бұрын

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

2 дня бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

2 дня бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

2 дня бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

5 дней бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

5 дней бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС