"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА АЗАМАТТЫҚ КУӘЛІК АЛДЫ

01.09.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, анығырақ айтқанда, аталмыш мерекенің 20 жылдық мерейтойы аясындағы бірқатар шаралар семейлік жұртшылық үшін тосын тартуларға толы болғаны анық. Сондай соны сипаттағы оқиғалардың бірі аптаның соңғы жұмыс күнінде Семей қаласының   № 2 ХҚКО-да өтті.

Дәл осы күні аталмыш орталықтан кәмелеттік жасқа толып, ересектік өмірге қадам басқан үш бірдей қалалық бойжеткен қолдарына жеке бас куәліктерін алды. Айта кетер ерекшелік сол- үшеуі де дәл ҚР Конституциясы күнінде, яғни 1999 жылдың 30-шы тамызында, өмірге келгендер екен. Жүздері бал-бұл жанған Әнел Нұрмұхаметова, Дарина Қазыкенова мен Айжан Адишеваларға дәл осы күні Семей қалалық ішкі істер басқармасының көші-қон полициясының бастығы С.Көпесовтің салтанатты түрде жеке  басты куәландыратын құжаттарын табыс етті.

— Бұл мереке барша қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие. Тәуелсіз еліміздің ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, оның әр азаматының құқықтық өмірін де қамтамасыз етуде ерекше орны бар төл Конституциямыздың күнімен баршаларыңызды құттықтаймын, — деп атап өткен құзырлы орын басшысы бойжеткендерге куәліктерін табыс етті.

Өз кезектерінде бойжеткендер де жылы лебіз білдірді. Атап айтсақ, Дарина Мұратқызы төл куәлікке қол жеткізу әр адамның өміріндегі басты маңыздағы оқиғалардың бірі деп санайтынын айтады. Ол жоғары оқу орнына түсіп, болашақта журналист болуды армандауда.

Құжат алушы қыздармен бірге салтанатты шараға олардың туыс-тары мен ата-аналары да  келген екен. Мереке күніне орай ұйым-дастырылған шара үшін алғысын білдірген Даринаның анасы перзентін өмірге әкелген күнді де есіне алды. Дәл ҚР Конституциясы күні сәбиіне өмір сыйлаған ананы перзентханадағы дәрігерлер мен өзге аналар да құттықтаған екен.

— Еліміздің ерекше маңыздағы мейрамдарының бірі болғандықтан да, бұл күн әр қазақстандық үшін қымбат. Сол тәрізді семейліктер үшін де ерекше мәнге ие. Ал осы күні қала тұрғындарын, әсіресе үлкен өмірге енді қадам басып жатқан жас буын үшін тәрбиелік маңызы бар шараны ұйымдастырғандарға аналық алғысымды білдіремін, — дейді қуаныштан толқып тұрған Даринаның анасы.

Расында, бұл күн үшеуінің де жадында жарқын сәттердің бірі болып мәңгілікке сақталатыны анық.

Қ.ӘЛІМБЕК,

Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

5 дней бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

6 дней бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

2 недели бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

2 недели бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

2 недели бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

2 недели бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

2 недели бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

2 недели бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС