"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАРЫЗ ҚАЙТАРЫЛМАЙ, ЖЫЛУ ҚОСЫЛМАЙДЫ

04.09.2015
16
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жадыраған жаздың да аяқталып, қоңыр күздің де басталғанына, міне, бірнеше күн. Қыс та қыр астында. Қазір  қысқы маусымға дайындықтың қарбалас кезеңі. Қыстан қысылмай шығу үшін, жылу жүйелерінде жаңғырту, жаңалау жұмыстары уақтылы жүріп жатқанымен, жылуға қарызы барлардың қатары әлі де көп. Жылуға берешегі барлар өз кезегінде өзгенің сапалы жылу алуына кедергі келтіретіні тағы бар.

Семей қаласында бүгінгі күні дебиторлық қарыз 641миллион теңгені құрайды. Оның ішінде берешектің көп бөлігі тұрғындар енші-сінде. Олардың жылуға қарызы 439 миллион теңгеге жеткен. Оның ішінде 2 328 абонентпен сот орындаушылары айналысуда. Сондай-ақ бүгінгі күні 90 мың теңге қарызы бар 3 мыңға жуық тұрғынның ісі сотқа жіберілген.

«Теплокоммунэнерго» мекемесінің абоненттермен жұмыс бөлімінің бастығы Гауһар Жетпісбаеваның сөзіне сүйенсек, коммуналдық мекеме жылуға қарызы барларға қатаң шаралар қолдануға дейін барады. Өйткені жауапсыз тұтынушылар жылу маусымына кедергі келтіруі мүмкін. Осыны ескерген мамандар сот орындаушыларымен бірлесе қарызға батқан абоненттерді аралап, ескерту қағаздарын да таратуда.

— Рейд шаралары күнделікті учаскелік инспекторлармен және сот орындаушыларымен бірлесе жүргізіліп тұрады. Бүгінгі күнге дейін жеке тұрған шамамен 76 нысан жылудан ажыратылды. Олардың қарызы 30 млн. теңгеден астам. Пәтерлер бойынша әзірге жылудан ажырату жүргізілген жоқ. Ол, жылу маусымы басталғанда, арнайы мамандармен жүзеге асырылады. Өткен жылы пәтерлерді ажырату тәжірибемізде болған. Бұған қоса күн сайын әлеуметтік қызметкерлер қарызы бар үйлерге тұрғындардың тізімін іледі. Берешегі барларға ескерту жасайды. Өз күшімізбен де хабарласып, жиындар өткізіп, дебиторлық қарызды жабу керектігін айтамыз, — дейді Г.Жетпіспаева.

Гауһар Жетпісбаеваның айтуынша, қалада  600-ге жуық тұтынушы жүз мыңдап қарыз екен. Жылу    маусымы аяқталған уақыттан бері, олармен күшейтілген тәртіппен жұмыс жасалып жатыр. Нәтижесінде ай сайын олардың он шақтысы берешектерін төлеп те жатқан көрінеді.

Мекеме сонымен қатар жаз мезгілінде қарызы бар тұтынушыларды сотқа беру ісімен айналысу мақсатында қосымша 9 заңгер жалдаған. Мамыр айынан бүгінгі күнге дейін олармен 4 мыңға жуық іс рәсімделіпті. Бүгінгі күні олардың ішінде 1077 абонентке сот шешімі шығарылса, қалған істер сот қарауында.

Тәжірибеде қарызға батқандардың дүние-мүліктерін тәркілеу де бар. Ол қазір де жүзеге асып жатыр екен. Ал сот шешімін орындамай, қарызын қасақана қайтармай жүрген 15 абоненттің ісі сотта жатыр. Олардың алдағы уақытта дүние-мүліктері тәркіленіп, елден шығарылмай тасталуы мүмкін. Тіпті үш айға дейін бас бостандығынан айырылуы да ықтимал.

Осындай қарызға батып, жауапкершіліктен жалтарып жүргендердің бірі — семейлік Татьяна Тарасова. Гауһар Жетпісбаеваның айтуынша, азаматша өз иелігіндегі 10 пәтерін жалға беретін көрінеді. Алайда жарты миллион қарызы бар ол жылуға ешқандай төлем жасамай, қашып жүр екен. Сала мамандары бірнеше мәрте іздеп барғандарымен, үй иесін таба алмаған. Ал пәтер жалдап тұрып жатқандардың әрбірі ай сайын 50 мың теңгеден төлем жасайтындарын айтқан. Қазір ол азаматшаға іздеу де жарияланыпты.

Асан МЫРЗАХАНОВ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

10.07.2026
Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес еліміздің барлық өңірінде 18-27 жас аралығындағы азаматтарды 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны...

Толығырақ...Details

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

10.07.2026
Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

10.07.2026
Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық даму...

Толығырақ...Details

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

10.07.2026
Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

Абай облысында кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды шара өтті. Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында Абай облысының әкімдігі мен «Кітап...

Толығырақ...Details

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

10.07.2026
«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Абай облысының әкімдігі мен Абай облысы Полиция департаменті бірлесіп елді мекендердің тазалығы мен абаттандыру...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

09.07.2026
Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

Су – тіршіліктің көзі ғана емес, елдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуының басты кепілі. Сондықтан су ресурстарын тиімді пайдалану, оларды...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Әскерге көктемгі шақыру аяқталды, күзгі науқанға дайындық басталды

2 дня бұрын

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

2 дня бұрын

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

2 дня бұрын

Абай облысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасына қосылды

2 дня бұрын

«Таза Қазақстан»: Абай облысында тазалық талаптарының сақталуы бақылауға алынды

2 дня бұрын

Су ресурстарын қорғау – ортақ міндет

3 дня бұрын

Жеке тұлғалардың мүлік салығы қалай есептеледі?

4 дня бұрын

Ақпараттық хабарлама

4 дня бұрын

«Әділет» партиясында өңірлерді дамыту мен қала мен ауыл арасындағы теңгерім мәселесі талқыланды

4 дня бұрын

Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС