"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒА МЕН ШАМА АРАСЫ АЛШАҚТАМАЙДЫ

04.09.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Теңге бағамының еркін айналымға жіберілуі ішкі нарықты реттеп, әсіресе күнделікті тұтынылатын тауар бағасын қадағалауды күшейтуді талап еткені белгілі. Мемлекет басшысының ел Үкіметіне қойған бұл тапсырмасы бүгінде жер-жерлерде нақты іс жүзінде көрініс табуда. Негізгі мақсат – бағаны негізсіз қымбаттатуға жол бермеу. Бұл орайда Семейдегі сауда орындарына да күнделікті мониторинг жүргізіліп, кәсіпкерлермен жұмыс күшейтілуде.

Қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Бауыржан Юсуповтың айтуынша, жалпы, сауда орындары үшке бөлініп қарастырылады екен. Атап айтсақ, қазіргі нарықта, базарларды есептемегенде, ірі, орта және шағын сауда нысандары жергілікті тұрғындарды бірінші қажеттіліктегі тауар түрлерімен қамтамасыз етеді. Оған азық-түлік өнімдері мен түрлі тұрмыстық бұйымдар жатады. Ал қаладағы баға райына, негізінен, осы жоғары және орта сауда нүктелері ықпал жасайды екен. Сол себепті де әкімдік қызметкерлері бірінші кезекте осындай ірі сауда кәсіпкерлік нысандарына қадағалау жүргізуде.

 

{jcomments on}Сонымен, бүгінде Семейдегі тауар бағамы қандай деңгейде? Олармен қалалық кәсіпкерлік бөлімі қалай жұмыс жүргізуде? Бұл бағыттағы шараларға аптаның сәрсенбісінде аталмыш бөлім басшысының орынбасары Бауыржан Юсуповпен бірге шаһардың бірқатар сауда орындарына жасаған рейд барысында айқын көз жеткіздік.

 

Алғашқы кезекте семейлік тұтынушылар жиі бас сұғатын «Адал» желілік супермаркетіне ат шалдырдық. Ең алдымен әлеуметтік маңыздағы өнімдерге назар салдық. Мұндағы бірінші сортты ұнның келісі 70 теңгеден. Ал кәсіпкерлік бөлімі рұқсат еткен шекті баға 85 теңгеден деп бекітіліпті. Сондай-ақ жарма өнімдері түрлерінен қарақұмықтың орташа бағасы 195 теңгеден саудаланып жатқанына көз жеткіздік. Бұл өнімнің қаламыз бойынша босатылу бағасы 200 теңгеден.

Келесі кезекте сүт өнімдері саудаланатын бөлімге көз жүгірттік. Шаһар бойынша майлылығы 2,5 пайыздық бір литр сүт 200-ден сатылса, мұнда 170-180 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ өсімдік майы да шекті бағадан 20 теңгеге арзан екен. Ал жұмыртқа 90 мен 125 теңге аралығында саудалануда. Негізгі бағасы 160 теңге. Мұндағы көкөніс бағасының да қарапайым тұрғындар үшін қалта көтерімді екенін аңдадық. Сәбіз бен пияз 65 теңге болса, қарбыз 35 теңгеден сатылуда.

Аталмыш супермаркеттен шыққан соң қаланың 343 ықшам ауданында орын тепкен «Квартал» дүкеніне келдік. Мұнда сауда өтімділігі төмен екені бірден байқалды. Ал сөрелердегі баға ала-құла екен. Мәселен, макарон өнімдерінің келісі 140-160 теңге болса, сүт 180, жұмыртқа 130, күріш 220 теңгеден босатылуда.

Алайда қаламыздағы ең ірі сауда нысандарының бірі «Апрель» гипермаркетіндегі баға ахуалы басқашалау екен. Нан өнімдері 50-55 теңге болса, қарақұмық 184 теңгеден, тұз 40 теңге, картоп пен пияз 58, сүттің литрі 135 теңге, ал жұмыртқа 105 — 115 теңге аралығында сатылуда. Аталмыш сауда үйінің әкімшісі Ирина Жукова әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері нарқын жоғарылатпай отырғанын, әйтсе де көп мәселе тауарды жеткізушіге байланысты екенін айтты.

— Біз бағаны тұрақты ұстауға күш салудамыз. Алайда кейбір тауар тасымалдаушылар қазірдің өзінде үстеме баға қосу туралы әңгіменің шетін шығаруда. Біз ондай фирмаларға, егер де тауарды қымбаттатар болса, әріптестік байланысты үзетінімізді айтқандықтан әзірге жағдай бірқалыпты сақталуда. Дегенмен бұл ретте бізге қалалық кәсіпкерлік бөлімінің қолдауы қажет екені сезілуде, — дейді Ирина Жукова.

Мониторинг барысында қаламыз      бойынша шамалы тапшылық сезілген қант бағасына ерекше назар аудардық. Аңдағанымыздай, саудадағы шекер бағасы 170-тен 190 теңге аралығын құрайды екен. Әсіресе дүкендерден гөрі, супермаркеттерде азық-түлік анағұрлым арзанырақ екеніне көз жеткіздік.

Бауыржан Юсуповтың айтуынша, өңіріміздегі қант тапшылығы облыстық деңгейге дейін көтеріліп, бүгінде нақты шешімін тауыпты. Қазіргі күні семейліктерге қант жеткізуші екі компания «Спутник» ЖШС мен «Қант орталығы» ЖШС әрқайсысы  20 тоннадан өнім бөлуде. Арнайы шекті баға тағайындалған. Яғни  сауда орындарындағы тәтті ұнтақ құны 190 теңгеден аспауы тиіс.

Бір бұл емес, тұрақтандыру қорынан бөлінетін көкөніс өнімдері де қатаң бақылауға алынатын болады. Бауыржан Юсуповтың айтуынша, әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы ерекше назарда тұр. Рас, Семей қаласында сауда жақсы дамығандықтан, бүкіл өңірді толық қамту қиындық тудыруда.

— Мәселен, қала бойынша 1400 дүкен жұмыс жасауда. Сондай-ақ 70 ірі сауда орындары мен супермаркеттер бар. Ондағы тауар айналымы орасан. Және дәл осындай ауқымды нысандардағы бағалар бүкіл қаладағы нарыққа тікелей әсер етеді. Сол себептен де, негізінен, мұндай орындар ұдайы назарымызда болады. Яғни тығыз қарым-қатынас орнатамыз. Сауда үйлері басшыларынан тауар бағасын негізсіз көтерген жеткізушілер жайлы бізді ақпараттандырып отыруларын сұраймыз. Ендігі аралықта бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді көздеп отырмыз. Атап айтсақ, «Сауда іскерлігін реттеу» туралы Заңнама аясында жеткізушілер әлеуметтік маңызы бар тауарларды өткізу үшін арнайы келісімшарт жасауы тиіс. Ал мұндай құжат болмаған жағдайда, сауда нысандары ондай фирмалармен жұмыс істеуден бас тартуы тиіс, — дейді бөлім басшысы.

Қалай десек те, бүгінгі таңда Семей қаласы бойынша баға қатаң бақылауға алынған. Мемлекеттік деңгейде қолға алынған бұл тапсырманы орындауда жергілікті атқарушы билік пәрменді шаралар жүргізуде. Әрине, оның нәтижесі елдің игілігіне айналатыны анық. Дегенмен нарықты ырықтандыруда тек әкімдік қызметкерлері ғана емес, кәсіпкерлер, сауда нысандары иелері мен қалалықтар да ынта танытқандары абзал.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ,

«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

14 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

14 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС