"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

04.09.2015
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов шаһардағы жолаушылар тасымалымен айналысатын мекеме басшыларымен арнайы кездесті. Кездесуде қозғалған негізгі тақырып  көптен бері қоғамның талқысында жүрген жолақы  мәселесі жайында өрбіді.

Қоғамдық көліктер қала тұрғындарына қаншалықты қалтқысыз қызмет етуде? Олардың қызмет көрсету сапасы мен жүру уақыты қандай? Міне, осы төңіректегі туындаған сауалдар негізінде Ермак Бидахметұлы Орталық алаң аялдамасында бір сағаттан аса аялдап, № 35 бағыттағы автобуспен Юбилейныйдан Восходқа дейін жүріп, тұрғындарымен тілдесті, мәселенің мән – жайына қанықты. Осы ретте қала басшысы жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелер жұмысына көңілі толмайтыны  туралы пікірін де ашық білдіріп, кіріс көлемін көрсетпей тұрып, жолақыны қымбаттатуға ешқандай негіз жоқ екенін де мәлім еткен болатын.

 

{jcomments on}Жергілікті билік тарапынан жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелердің жұмысын жіті қадағалауға алып, жүгенсіздікке жол бермеу мақсатындағы шаралар осылайша басталған еді. Ал апта сәрсен-бісіндегі кездесу болса жолаушы тасымалдаушы мекеме басшыларын ашық конструктивті диалогке шақырумен ерекшеленді. Бұған дейін Семей қаласының ақпараттық орталығында өткен баспасөз мәслихатына бір ғана тасымалдаушы мекеме басшысының орынбасарынан басқасы төбе көрсетпеген болса, бұл жиыннан ешқайсысы да шет қалмады. Алдымен Ермак Бидахмет-ұлы бұл мәселені мұқият әрі жан – жақты зерделей отырып шешу керектігін айтып, қаладағы 50 бағыт бойынша қоғамдық көліктердің қозғалысы бақылауға алынғанын жеткізді.

 

— Қандай да бір бизнес субъектісі өз қызметінде бағаны көтерместен бұрын, экономикалық жағынан тұшымды дәйек келті-руі тиіс. Ал қоғамдық көліктерде жолақыны көтеру мәселесінде, тағы да қайталап айтқым келеді, көп жағы бізге беймәлім әрі түсініксіз күйінде. Сол себепті құрамында 18 адамнан тұратын жұмыс тобын құруға тура келді. Оның құрамына қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері және осы процеске қатысы бар мекемелердің мамандары кіріп отыр. Алдағы уақытта олар арнайы кешенді жұмыс атқа-ратын болады. Ол үшін ең алдымен күнтізбелік жоспар бекітуіміз керек. Сондай-ақ тасымалдаушы мекемелердің өткен жылғы шығын көлеміне сараптама жасалуы қажет. Бұл орайда олар әр бағыттың шығын мөлшерін нақты көрсетуі тиіс. Әр жұмыс күнінің соңында хаттама толтырылатын болады. 13 қазанда атқарған шараның қорытындысын шығаруды көздеп отырмыз. Мұндай қадам айналып келгенде, нақты жолақы бағасын орнату мақсатында керек. Егер де жұмыла кіріссек, жоспарымызды мерзімінен бұрын аяқтауымыз ықтимал. Оның барлығы сіздер мен біздің ауызбіршілігімізге байланысты болмақ,- деді Ермак Бидахметұлы.

Сонымен қатар жиында қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесін қадағалауда студент жастардың көмекке келетіні мәлім болды. Мұндай бастама шаһардағы жоғары оқу орындары мен колледж басшыларынан да қолдау тауыпты. Осы ретте кейбір тасымалдаушы мекемелер өкілдері студенттердің мұндай шараға қатысуына өз қарсылықтарын білдірген сыңай танытты. Ермак Бидахметұлы, керісінше, жастардың жүктелген міндеттің жедел орындалуына ықпалын тигізетінін тілге тиек етті. Сондай –ақ жолаушы тасымалдаушы мекемелердің басшыларына кіріс пен шығыстың нақты мөлшерін айқындайтын құжаттарды жеделдетіп әзірлеуді тапсырды.

— Әлбетте, кіріс және шығыс мөлшерлері көрсетілген құжаттарды біздің білікті мамандарымыз зерделейтін болады. Сіздер жолақыны көтерер сәтте үнемі шығын жағын ғана көрсетесіздер. Ал кіріс көзі жайында нақты мағлұмат жоқ. Сіздерден өздеріңіздің мекемелеріңіздегі өткен жылдың кіріс және шығыс көлемін нақтыланған құжаттарыңызды әзірлеп қоюларыңызды сұраймын, — деді Е.Сәлімов.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

14 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

14 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС