"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЗАЙСАН ӨРКЕНДЕУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ

04.09.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қыркүйектің екінші жұлдызында, апта сәрсенбісінде, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Зайсан ауданына келді. Аймақ басшысы өңірімізде орын тепкен бірқатар кәсіпорындар мен мекемелерді аралап, ауданның тыныс — тіршілігімен танысты. Шығыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін еселеуде еселі үлесі бар, жаңа инновациялық технологиялар аясында қарқынды дамып жатқан зайсандық зауыттардың қызмет барысына қанықты. Ұжымдармен жүздесіп, аудан еңбеккерлеріне, жергілікті атқарушы билік пен кәсіпкерлік сала өкілдеріне тың тапсырмалар да жүктеді.

Облыс әкімі Даниал Ахметов бұл сапары барысында ең алдымен күллі аймағымыз бойынша әлеуеті жоғары іргелі кәсіпорын «Тарбағатай — Мұнай» ЖШС-де болды. Бүгінде тіпті республика көлемінде алдыңғы қатарлы саналатын іргелі компания менеджері Артур Галустов аймақ басшысын газ өндіру жұмысы туралы ақпараттандырып, соңғы кезеңдерде қолға алынған шаралар барысы жайлы тұшымды мағлұмат берді. Ал зауыт жұмысын, өндіріс орнындағы еңбек қауіпсіздігімен қатар, өнімділікті арттыру бағытындағы ілкімді істерді оң бағалаған өңір басшысы вахталық кентке де ат басын бұрды. Бұл жерде жұмысшылардың еңбек және тұрмыс жағдайымен танысты.

Кез келген өңірді қуатты етуде жеңіл өнеркәсіп саласы жетекші орын алатыны белгілі. Бұл ретте Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты балық зауытында болған аймақ басшысы кәсіпорынды жалға алып отырған қытайлық «Таңба Ху» компаниясының жұмысымен танысты. Әлеуеті зор мекеме бүгінде өз өнімдерімен аймақты толық қамтып қана қоймай, сыртқы нарыққа жол салуда. Осы ретте зайсандықтар өнеркәсіп салалары бойынша сыртқы экспортта еселі үлес алуға ынта танытып отыр. Бұл мәселеге тереңірек қаныққан Даниал Кенжетайұлы аталмыш кәсіпорынға еңбек нәтижесіне қарай мемлекет тарапынан көмек көрсетілетінін айтты.

Облыс әкімі бұл сапары барысында әсіресе жергілікті өнім өндірушілерге баса назар аударды. Мәселен, «Зайсан — ТЗ» ЖШС-нің басшысы Ван Чансан 15 қыркүйекте ашылатын ауыл шаруашылығы құралдарын шығарып, трактор құрастыратын шағын зауыт туралы мағлұматпен таныстырды. Оның айтуынша, бұл болашақта ауыл шаруашылығы саласына елеулі түрде көмегін тигізбек.

Осыдан соң аймақ басшысы Кеңсай ауылдық округіне қарасты «Жоңғар» шаруа қожалығындағы соя дақылын өсіретін алқапта болып, агротехнологиялық іс-шаралармен танысты. Даниал Кенжетайұлы жергілікті диқандарға болашақта тамшылатып суару әдісін меңгеріп, суармалы егістік көлемін арттыруды тапсырды.

Сонымен қатар жасанды тоғанда балық өсірумен шұғылданатын «Шығыс» шаруа қожалығында болып, шаруашылық жұмысымен танысты. Балық өсірушілердің  жұмысына қызығушылық танытып, сауалдар да қойды. Сондай-ақ жұмыс барысына қаныға келе, болашақта осы жағажайдан ақылы түрдегі балық аулауды ұйымдастыруды неге қолға алмасқа деген ұсынысын жеткізді.

Осыдан кейін Зайсан ауданының орталық ауруханасының кіші диагностикалық орталығында болып, ұжымның жаңа медициналық құрал-жабдықтар арқылы халыққа сапалы қызмет көрсетіп отырғанына қанықты.

Облыс әкімі Зайсан ауданындағы құрылыс алаңдарын да өз назарына алды. Атап айтсақ, Даниал Ахметов осы сапары барысында Зайсан ауданының Сауыр тауы беткейінде орналасқан Сартерек ауылына да ат басын бұрды. Мұнда Сартерек ауылдық амбулаториясын салу жөнінде мәселе қозғап, мердігер компанияға аталмыш нысанды мерзімді уақытында халық игілігіне беру керектігін міндеттеп, арнайы тапсырма берді.

Аймақ басшысы Дайыр ауылында жаңадан салынып жатқан Мәдениет үйінің құрылысымен танысып, жұмыс қарқынына оң баға берді. Осыдан соң «СМУ-Шығыс»  ЖШС-нің құрылыс материалдары комбинатында болып, бүгінгі таңда сапалы өнім, жетістікті қызметі арқылы облыс көлемінде танымал болған мекеменің қызметімен танысты. Өндіріс басында жүріп материалдарын көріп, жоғары баға берді.

Зайсан ауданы — әсіресе ауылшаруашылық саласына маманданған өңір. Осы ретте аймақ басшысы өзінің сүт-тауарлы фермалар құру жөніндегі тапсырмасы аясында орындалып жатқан жұмыстармен де тереңірек танысты.  Атап айтсақ, сүт өнімдерін өндіріп отырған «Зайсан-Сүт» зауытында болып, өнім өңдеу процесіне куә болды.  Бұл жайында оң пікір білдіре келе, халқының басым көпшілігі ауыл шаруашылығы саласымен шұғылданатын ауданда бір сүт зауытының болуын  қалыпты жағдайға теңеді. Яғни, кәсіпкерліктің, өндірістің бұл түрінде әлі де болса жаңа жетістіктерді бағындыру қажет.

Облыс әкімі өңірдегі баға тұрақтылығын реттеп, ішкі нарықты тұрақтандыруда жергілікті жерде өндірілетін әлеуметтік азық-түлік тауарларына да назар аударды. Мәселен, тәулігіне 120 тонна ұн шығарып, аудан халқын толықтай ұнмен қамтып отырған «Икеп» шаруа қожалығының астық қамбасында және ұн зауытында болды. Мұндағы жұмыс барысымен таныса келе, болашақта оңтүстік өңірге тасымалданатын әлеуметтік ұн өндіру көлемін тәулігіне 1000 тоннаға дейін жеткізу жайын да айтып өтті. Бұл ретте аталмыш бағытта «Икеп» шаруа қожалығымен жұмыс жасау туралы сала басшыларына арнайы тапсырма берді.

Зайсан ауданын аралай келіп, сапарының соңында қорытынды жасаған аймақ басшысы өңірдегі мұнай-газ саласы бойынша сала мамандарына, жергілікті атқарушы билік өкілдеріне бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ал ауыл шаруашылығы жайлы сөз өрбіте келе, өңірде суармалы жерлер мол болғандықтан, бұршақты дақылдар өсіру арқылы жаңа нарыққа жол ашу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар облыс әкімі Даниал     Ахметов шекаралы аймақта орналасқан Зайсан ауданындағы ел игілігін еселейтін жұмыстар жайында сөз ете келе, алдағы жылдарда да осы қарқынмен өсіп-өркендеп, болашаққа еркін қадам басатынына сенім білдіріп, аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға берді.

Ардабек АҚБАБАҰЛЫ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

14 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

14 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

5 дней бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

5 дней бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС