"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТУАДЫ ЕРЛЕР ЕЛ ҮШІН…»

11.09.2015
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мәдениет үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ШҚО білім басқарамасы, өңірлік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы және Семей қаласы білім бөлімінің қолдауымен «Туады ерлер Ел үшін…» атты І Республикалық қазақ батырлық эпос жыршыларының байқауы өтті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бас сарапшысы Роза Мұхаметжанқызы, Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы Зәуреш Исабаева, қалалық білім бөлімінің басшысы Наталия Фесенко және зиялы қауым өкілдері көрермендер қатарынан орын алып, өрелі өрендердің өнерін тамашалады.

Байқаудың негізгі мақсаты — мектеп оқушылары арасында қазақ халқының батырлар жырын насихаттау, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу әрі ұлттық дүниетаным мен тарихи сана-сезімді қалыптастыру. Байқауға еліміздің барлық облысынан 100-ге жуық жыршы қатысуға ниет білдіріпті. Қатысушылар «Қайратты туған ер еді…» және «Алатаудай айбатың, ер екенсің айтулы» атты номинацияларында өзара бақ сынасты. Эпос жыршылары байқауының ашылу салтанатында алғашқы болып сөз алған Семей қаласы әкімінің аппарат басшысы Зәуреш Исабаева қала әкімінің атынан құттықтау лебізін жеткізіп, сайыскерлерге сәттілік тіледі.

— І Республикалық қазақ батырлық эпос жыршыларының байқауы адамзат дәуірінің өркениетіне, мәдениетіне, асыл сөз өнеріне баға жетпес үлес қосқан исі қазақтың перзенттері ұлы Абай, данышпан Шәкәрім, кемеңгер Мұхтар Әуезов дүниеге келген ұлылар мекенінде өтіп жатқанына қуаныштымыз. Биыл еліміз бойынша мерекеленіп жатқан мерейлі даталардың бірі  Қазақ хандығының 550 жылдығы болса, Қазақ тарихында ақылдылығымен алқа топты аузына қаратқан, біліктілігімен ел билеген, ерлігімен жаудың бетін қайтарған батыр бабаларымыздың аз болмағаны белгілі. Есімдері тарихтың беттеріне алтын әріппен жазылған баһадүрлеріміздің ерлігі мен даналығын бүгінгі ұрпақ өзіне үлгі-өнеге етуі тиіс. Осы орайда республикамыздың әр өңірінен келген жастарымыздың батырлық эпос жыршылары сайысына қатысуы көңілімізге қуаныш сезімін ұялатады. Құрметті жас дарындар! Халқымыздың рухани мұрасынан сусындап, сусындап қана қоймай, оны көпшілікке насихаттап жүргендеріңізді ұлтқа деген сүйіспеншіліктеріңіз деп білеміз. Сіздерге артылған үміт ақталып, Мәңгілік Елімізді қалыптастыруда жасаған қадамдарыңыз сәтті болсын,- деді Зәуреш Рамазанқызы өз сөзінде.

Алғаш рет ұйымдастырылған эпос жыршылары байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Ж. СҮЛЕЙМЕН,                                                                                                                                                                                            Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

13 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

13 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

15 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС