"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТӨЛ ӨНЕРІМІЗ ФРАНЦИЯ ТӨРІНДЕ

11.09.2015
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Тамыз айында Франция елінде өткен әлем елдерінің «Мәдениет және Дәстүр» атты Халықаралық фестиваліне Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының «Кербез» фольклорлы ансамблі өнер көрсетіп қайтты.

Осыдан 90 жыл бұрын Әміре Қашаубаев салған сүрлеумен өміршең өнер иесі атындағы филармонияның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында аталмыш өнер ұжымы Франция елінде бір жарым ғасырға жуық уақыт үзіліссіз өтіп келе жатқан әлем халықтарының мәдениеті мен дәстүріне арналған фестивальға қатысып, халқымыздың төл өнерімен таныстырды.

 

{jcomments on}Фестивальға, Қазақ елімен қатар, Кения, Эквадор, АҚШ, Аргентина, Лаос, Румыния, Колумбия, Индонезия, Италия, Мексика, Испания сияқты елдер  қатысты.

 

Фольклоршылар фестивалінің ашылу салтанаты Парижден 450 шақырым жерде орналасқан Блан қаласында басталып,  Конфоле, Кюганд шаһарларында жалғасын тапты. Біздің өнерпаздар күніне сегіз мың көрерменге концерт қойып, халқымыздың  ежелден келе жатқан дәстүрі «Беташар», «Бесікке салу» рәсімін көрсетті.

«Кербез» фольклорлы ансамблінің әншісі Мапруза Өтеуленованың орындауында «Сәулем-ай», «Бипыл», «Дедімай-ау», «Дудар-ай» әндері шырқалды. (Айта кетсек, Мәриям Жәгөрқызы Мапрузаның нағашы әжесі болып келеді). Сонымен қатар хакім Абайдың «Төр жорға» күйі, семейлік композиторлар Кенжебек Алдекеновтің «Жаңа ғасыр» және Рахымбек Ноғайбаевтың «Атамекен» күйлері орындалды. Құрманғазының «Балбырауын» күйі павлодарлық «Шернияз» би тобының мың бұралған биімен көркемделді. Дәулеткерейдің «Қос алқа» күйіне астаналық «Ару-ай» тобының бишілері ұлттық әшекейлерімізді көрсетіп, француздарға оның пәлсапалық, эстетикалық мән-мағынасын түсіндіріп өтті. Концерттік бағдарлама соңында халқымыздың буын биі «Қара жорға» биленді.

Фестиваль соңында «Кербез» фольклорлы ансамблінің жетекшісі Гүлбахрам Мұсабекова, дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Шапағат» медалінің иегері Мапруза Өтеу-ленова,  дәстүрлі әншілер Алтын Смасейітова,  Айжан Салиева, Нұрлан Төкей, Аманғайша Қалиева, Алмагүл Малғаждароваларға арнайы сертификаттар табысталды. Блан қаласының мэрі «Кербез» фольклорлы ансамбліне арнайы Блан қаласының медалін және кітабын табыс етті.

Енді дәстүрлі орындаушыларымыз Бразилия еліне шақырту алып отыр.

Анар ҚУАНҒАЛИЕВА, Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

13 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

13 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

15 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

4 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

4 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС