"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«СОЛТҮСТІК» САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

15.09.2015
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы бойынша қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде дәстүрлі түрде Отбасы күні аталып өтіледі. Отбасы күнін мерекелеу Семей қаласының Энергетик кентінде бастау алып, түрлі танымдық іс – шаралар ұйымдастырылды. Айтулы мерекелік шаралар барысында Энергетик кентінде «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығының да ашылу салтанаты болды. Салтанатты шараға қала әкімі Ермак Сәлімов арнайы барып қатысты.

Қала басшысы алдымен сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысып шықты. Кешеннің жалпы құны 750 млн. теңгеден астам қаржыны құраған екен. Нысанның құрылыс жұмыстары 3 кезеңге бөлініп, бүгінде, алғашқы жоспарға сәйкес, сауда орталығының құрылысы аяқталған. Енді  тауар сақтайтын үлкен қоймалар салынбақ. Ал шешуші сәтте осы маңнан әлеуметтік маңызы бар нысандар да бой көтеретін болады. Атап айтқанда, орталық басшылығы тұрғын үй кешені мен мектепке дейінгі мекеменің құрылысын бастауға ниетті екен. Себебі, алдағы уақытта Қарағайлы жаңа ауданы бой көтеретіндіктен, жергілікті тұрғындар балабақша тапшылығын көрмеуі тиіс екенін айтады «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығының директоры Руслан Әубәкіров.

 

{jcomments on}Қазіргі таңда аталмыш мекемеде 50 адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 150-ге дейін артады деп жоспарлануда. Мұнда сауда жасауға барлық жағдай қарастырылған. Санитарлық тазалықтан бастап, қасапхана мен зертхана орны тиісті талапқа сай ұйымдастырылған екен. Сондай-ақ Руслан Әубәкірұлы қойма терминалы іске қосылғаннан кейін, орталыққа темір жол желісінің де тартылуы ықтимал екенін атап өтті.

 

Аталмыш сауда орталығында ауыл шаруашылық өнімдерін саудалаған кәсіпкерлер мен тұтынушылар да қолайлы жағдай үшін және бағаның қол жетімділігі үшін айтар ал-ғыстары шексіз. Саудагерлер қыстың сары шұнақ аязында тоңбай, жылы орында өз нәпәқаларын табу мүмкіндігіне ие болып отыр. Тағы бір қуантарлығы, мұнда сақтық шаралары жақсы жолға қойылған. Мәселен, алыпсатарлар бұл жерде бой көрсетпейтін болады.

Мерекелік жәрмеңкені аралап, бірегей жобаның жүзеге асқанына ризашылығын білдірген шаһар басшысы бұл жердегі азық-түлік қала бойынша ең төменгі бағада саудалануы керек екендігін атап өтті.

— Өздеріңіз көріп тұрғандай, мұнда барлығы талапқа сай. Инфрақұрылым мен аумақтың санитарлық тазалығы да тиісті деңгейде. Осы кешеннің әкімшілігіне қойып отырған басты талап – бұл жердегі баға қаладағы басқа да сауда орталықтарынан арзан болуы шарт. Ол үшін жа-уапты мамандар мониторингтік зерттеулер жүргізіп отырады. Бұл тұрғыда тұтынушылардың алаңдауына еш негіз жоқ. Өйткені баға тұрақтылығы атқарушы биліктің бақылауында болады. Көпшілік тарапынан «Сары» базарын неге жауып тастадыңыздар?» деген сауалдар түсуде. Алайда ол базарды біз жапқан жоқпыз. Тек «Сары» базарының әкімшілігіне сын айтып, ескерту жасаған болатынбыз. Бірақ айтылған сын-ерскертпе беріл-ген уақытта түзетілген жоқ. Міндеттерін де толыққанды атқара алмады. Ол жердің тазалығы туралы айтпасақ та түсінікті. Ал жаңадан ашылып отырған орталықтың қызметі халықтың көңілінен шығады деген сенімдеміз. Әрине, қалалықтардың кейбірі маған осы маңға қоғамдық көліктердің қатынауы жөнінде өздерінің уәждерін айтты. Алайда ол мәселенің барлығын алдағы уақытта ретке келтіретін боламыз. «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығы маңызды жерде орналасқан. Бір жағында Энергетик кенті орын тепсе, екінші жағынан Қарағайлы шағын ауданы бой түзейтін болады. Сонымен қатар кешен басшысы бұл аумақта көп қабатты пәтер мен мектепке дейінгі орталықты салуды жоспарлап отыр. Біз оған өз тарапымыздан лайықты орын тауып береміз. Бұл ауданның келешегі жарқын болатынына күмәніміз жоқ. Сондай-ақ бірде-бір алыпсатардың сауда кешенінде кездеспеуі көңіл қуантады. Бұл да өз кезегінде әділ әрі тиімді сауданың жүргізілуіне септігін тигізеді,- деді Ермак Бидахметұлы.

Қала басшысы Энергетик кентіндегі Отбасы күніне арналған мерекелік іс-шараға да қатысты. Шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды берік ету, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, тұрғылықты жердің эстетикалық келбетін жақсарту әрі азаматтардың қоғамдық белсенділігін арттыру. Шара барысында көркемсурет байқауы, қолөнер көрмесі және спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрғындарға медициналық қызмет көрсетілді. Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі Ермак Сәлімов жиналған көпшілікті  мерекемен құттықтап, Отбасы мерекесінің халық бірлігін арттыруда маңызы зор екендігіне тоқталды.

— Отбасы күні аясында Энергетик кентінің күні де мерекеленуде. Отбасы күні Елбасының Жарлығы бойынша елімізде 2013 жылдан бастап аталып келеді. Халқымыздың дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде отбасының рөлі зор екені даусыз. Тәуелсіздік жылдары Семейде 100 мыңнан астам нәресте дүниеге келді. Бүгінде қаламызда халықтың саны 340 мыңнан асады. Бұл отбасылық демографиялық саясаттың жемісі деп айтсақ, артық айтқандық емес, — дей келе, — Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында көліктік, энергетикалық, индустриялық, әлеуметтік инфрақұрылымдық, шағын және орта бизнес салаларын дамытуға баса мән берілген. Біз үшін Мемлекет басшысы жүктеген тапсырманы орындауда Энергетик кентінің орны бөлек. Бұл жерде қаланың сауда-логистикасы мен әлеуметтік ин-фрақұрылымы дамитын болады. Заманауи үлгіде, барлық талаптарға сай салынған «Солтүстік» сауда-логистикалық орталығының ашылуы осы аумақтың болашағының жарқын екенін көрсетеді. Мәселен, мұнда коммуникация жүйелері ретке келтірілген. Ең бастысы, санитарлық қауіпсіздік мәселесінің толықтай түйіні шешілген. Бұл жоба қала халқының сұранысын толықтай өтей алады деген сенімдемін. Сауда-саттық алыпсатарлардан бөлек, емін-еркін жүргізілмек. Ол бағаның тұрақты болуына сеп болары анық. Ал Отбасы күні – баршамызға ортақ мейрам. Әр үйге тұрақтылық, береке-бірлік пен ынтымақ тілеймін. Қазақстандық отбасылардың шаңырағы биік, керегелері кең болсын, — деп жылы лебізін білдірді Ермак Сәлімов көпшілік алдында.

Бұдан кейін қала әкімі «Үздік үй», «Үздік аула» және «Үздік подъезд» аталымдары бойынша топ жарған жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен салтанатты түрде марапаттады. Олардың қатарында «Қуат» жекеменшік пәтер иелері кооперативіне қарасты № 2 және № 3 үйлер мен «Энергетик-8» жекеменшік ПИК-іне қарасты № 2 үйдің болғанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар қысқы маусымға алғаш-қылардың бірі болып дайындалғаны үшін «Энергетик-1» ПИК-і де марапатқа ие болды. Аталмыш іс-шаралар қалалық Мәдениет сарайының өнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,                                                                                                                                                           «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

10.09.2026
«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

Абай облысының Семей қаласында «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының 20 белсенді волонтері «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында жалғызбасты ардагер Каримов...

Толығырақ...Details

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

09.09.2026
БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

Бүгінгі университет үшін жасанды интеллектіні меңгеру – уақыт талабына сай болудың бір ғана шарты. Ал одан да маңызды мәселе –...

Толығырақ...Details

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

04.09.2026
Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

Абай облысында Қазақстан халқының Тілдері күніне орай 4-5 қыркүйек күндері 231 іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде тұрғындардың қатысуымен өтетін 63...

Толығырақ...Details

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

03.09.2026
Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

Абай облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмаған жасөспірімдер  арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

03.09.2026
Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері орманда өзін дұрыс ұстау, табиғатты қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»: ЖАСТАР ҚҰРМЕТТІ ІСПЕН КӨРСЕТТІ

2 дня бұрын

БІЛІМ МЕН ТЕХНОЛОГИЯ ТОҒЫСҚАНДА

3 дня бұрын

Абай облысында Тілдер күніне орай 231 іс-шара өткізіледі

1 неделя бұрын

Абай облысында балалар қауіпсіздігі бойынша 167 рейд өткізілді

1 неделя бұрын

Табиғатпен үндескен тәрбие: «Семей орманы» аумағында балаларға экологиялық экскурсия ұйымдастырылды

1 неделя бұрын

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

1 неделя бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

1 неделя бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

1 неделя бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

2 недели бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС