"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АНА ҮЙІ ҮМІТ ОТЫН ЖАҒАДЫ

18.09.2015
22
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Алып та анадан туады» дейді дана халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, ақын да, батыр да ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана – барлық өмірдің бастауы. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер ананың ақ сүтінен дариды. «Ана бір қолымен бесікті тербетсе,  екінші қолымен әлемді тербетеді» деген тәмсіл де ана қадірін анық аңғартады. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір адам бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Алайда қазіргі таңда албырт жастықпен қателікке ұрынып, некесіз бала көтеріп, одан кейін ел-жұрттың алдында масқара болмас үшін баласынан бас тартып, құрсағынан шыққан шаранасын көшеге тастап немесе сәбилер үйіне қалдырып кететін аналар да жоқ емес. Бірақ, психологтардың айтуынша, олардың басым көпшілігі мұндай қадамға амалсыздан баратын көрінеді. Бұл тұрғыда ана мен баланы бір-бірінен ажыратпау үшін, ананың баласынан бас тартып немесе сәбилер үйіне өткізбеуі үшін, барар жер, басар тауы қалмаған кезінде,  бір жарым жыл пана болатын  Ана Үйі  деген мекеменің еліміздің барлық қалаларында бар екенін біреу білсе, біреу білмейді. Жақында аталмыш мекеме туралы Семей қаласындағы Ана Үйінің үйлестірушісі Айнагүл Нұртазинамен сұхбаттасудың реті келген еді.

{jcomments on}Бүгінде Қазақстанның 17 қаласында 28 Ана үйі жұмысын жүргізіп отыр екен. Жалпы, екі жыл бұрын жүзеге асырылған «Ана Үйі» жобасын кәсіпкер, BI GROUP холдингінің жетекшісі Айдын Рахымбаев ойлап тапқан. Ал Семей қаласында Ана үйі ағымдағы жылдың 22 сәуірінде ашылған. Қазір мұнда психолог маман мен медбике тұрақты түрде жұмыс істейді. Үйде барлық жағдай қарастырылған. Бүгінгі күнде 9 ананың тұрып жатқанын, олардың біреуінің аяғы ауыр екенін айтқан Айнагүл Ғалымбекқызы аталмыш мекеменің тәулік бойы күзетілетінін тілге тиек етті.

Ашылған күннен бері Ана үйі қаладағы барлық медициналық мекемелермен, перзентханалармен, қалалық әкімдікпен, қалалық ІІБ-мен тығыз байланыс орнатқан.

— Балаларының сәби кезінде, аналардың жұмыс істеуге ешқандай мүмкіндіктері  болмай, өздерін ештеңемен қамтамасыз ете алмайды ғой. Сондықтан 1,5 жыл, яғни 18 ай бойы, аналар сәбилерімен осында тұрады.  Бірақ оларды, 18 ай аяқталғаннан соң,  далаға қуып шықпаймыз. Жоба аясында осы уақыт ішінде аналарға жатақхана сияқты белгілі бір орын іздестіреміз, жұмыс та қарастырамыз. Сонымен қатар олардың құжаттарын да жөндеуге көмектесіп, балаларын балабақшаға орналастыру жағын да қолға аламыз, — дейді Айнагүл Нұртазина. – Негізінен, мұндағы аналардың жасы 30 жасқа дейін ғана болуы шарт. Ал егер ана балалар үйінің түлегі болса және бала денсаулығында (патологиялық) кемістігі бар болса, оларға 34 жасқа дейін рұқсат етіледі. Қазіргі уақытта мұнда қатты ауыратын баласы бар бір ана бар. Ол ешқай жерде жұмыс істемейді. Өйткені баласына үнемі күтім жасау керек. Бүгінге дейін еліміз бойынша осы жоба аясында 976 әйел адамға көмек көрсетілген. Қазіргі таңда 241 ана Ана үйін паналауда. Оның 32-інің аяғы ауыр болса, 11-і – кәмелет жасына толмағандар. 193 ананың биылғы жылы Ана үйінен өз үйлеріне қайтарылғанын да айта кеткен жөн болар. Олардың кейбірінің әкелері өз көліктерімен келіп алып кеткендерін де көзіміз көрді. Жалпы, Ана үйінен шығып кетсе де, біз олармен байланысты үзбейміз. Бірімен телефон арқылы тілдесіп, кейбірімен әлеуметтік желілерде хат-хабар алмасып тұрамыз. Олардың біразы осы жерді сағынатындықтарын, тіпті қайтып келгісі келетіндіктерін де айтады.

 

Айнагүл Ғалымбекқызының айтуынша, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсы отбасылардың қыздары да Ана үйінде тұратын көрінеді.

— Кейбір ата-аналар некесіз құрсақ көтерген қыздарын «ел-жұрттан ұят болады, осында болыңдар» деп Ана үйіне әкеліп тастайды. Ал егер біздегі аналар студент болса, онда олардың оқуын жалғастыруына да мүмкіндік береміз. Мысалы, осындағы аналардың бірі қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқиды. Қызының  аяғы ауыр екенін білген анасы, қызы босанған соң, баласын сәбилер үйіне өткізуін, ары қарай оқуын жалғастыруын қалаған екен. Алайда біз ана мен баланы екіге бөлуге жол бермедік. Оқу орны басшылығымен байланыс орнатып, жас ананың білім алуына мүмкіндік жасадық. Ол сабағын өте жақсы оқиды. Бұл оның өміріндегі тек уақытша қиындық қой. Бірақ неге ол сол үшін баласын немесе оқуын тастауы керек? Осылайша, біз жас аналарға қиын кездерде қол ұшын беруге әрдайым дайынбыз.  Бойжеткендеріміздің  балаларын тастағаны үшін өздерін ешқашан кешірмейтіні белгілі. Сұрай келе, ол қыздың жігіті де студент екенін білдік. Ол жігіттің де біздің аруымызға кейінірек үйленуге ниеті бар көрінеді, — дейді А.Нұртазина.

Жарнаманы көріп, түрлі мәселелерімен Ана үйіне хабарласатын қыз-келіншектердің көп екенін айтады Ана үйінің үйлестірушісі.

— Бізге хабарласушылардың кейбірі балаларына дәрі-дәрмек, жөргекше (памперс) алуға ақша беруімізді өтінеді. Алайда біз олай көмектесе алмаймыз. Егер шынымен көмекке мұқтаж жандар болса, мысалы, баласын емдету керек болса, онда Ана үйіне келіп тұруы керек. Олардың науқас балаларына қалайда емдеу шараларын жүргіземіз. Қажетті дәрілерін тауып береміз, — деген А.Нұртазина  болашақта сәбилер үйінің болмағанын қалайтынын айтады. —      Өйткені баланы 18 жыл бойы мемлекеттің асырауына жүктеп қойғанша, оның анасымен қалғаны анағұрлым жақсы ғой. Балалар үйінен түлеп ұшқаннан кейін де ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың ары қарайғы тағдыры кімді де болмасын алаңдатпай қоймасы анық. Одан да Ана үйінде сәбиімен 1,5 жыл тұрса, біз олардың барлық мәселелерін шешіп беруге тырысамыз. Мысалы, қажетті заттарын тек жаңадан алып береміз. Өткенде «Инстаграм» әлеуметтік желісінде «балаларға киім-кешек керек» деген жарнама жариялап едім, көп адам хабарласып, кейбірі балаларынан қалған киім-кешектерін әкеліп беріп жатты. Сонымен қатар аналарды шаштараздық, аспаздық сияқты кәсіптік мамандықтарға оқытамыз. Жұмыс табуға көмектесеміз. Егер жұмыс істесе, жалақыларын ұстатпай, жинауға кеңес береміз.  Балаларына төленетін төлемақыны да ұстатпауға тырысамыз. Өйткені ол жинаған қаржылары, Ана үйінен шыққаннан соң,  міндетті түрде қажет болады. Жалпы, біздегі аналарға бірер сағатқа жұмыстарымен шығу керек болса, қайда және қандай себеппен баратыны жайлы өтініш жазады. Яғни біз оларға жауаптымыз, — дейді.

Ана үйіне ана жасқа толмаған баласымен ғана, егер бір жарым жастан асқан басқа да балалары болса, онда оларды уақытша арнайы орындарға немесе туыстарының қолына бергеннен кейін барып қабылданатынын, мұнда келіп тұрмаса да, кеңес беріп те көмектесетінін айтады Ана үйінің үйлестірушісі.

— Мұндағы аналардың көпшілігі балаларын емізбейді, себебі жүйке жүйелеріне салмақ түсіп, көп уайымдағандықтан, сүт шықпай қалған. Кейде түннің бір уағына дейін осында болуыма тура келеді. Жас аналар ақымақтық жасап, терезеден секіріп кете ме деп те алаңдап қалатын кезім болады. Кейбірі түнімен жылап шығады. Оларға өз қызымдай қараймын. Олардың  кейбірі мені «мама» деп атайды. Бұл жерді мен де қазір өз үйімдей көріп кеттім. Жарты заттарым да осында. Егер жұмыста ер адамның  көмегі қажет болса, міндетті түрде жұбайымды шақырамын, — деген Айнагүл Ғалымбекқызы, — тек қана Семей қаласы емес, аудандарда да қиын жағдайға тап болған аналар бар болса, бізге келуіне болады. Ана үйінің бар екенін көпшілік қауым әлі де білмей жатқан сияқты. Бірақ біз тек көмекке расымен зәру, барар жер, басар тауы қалмаған аналарды ғана қабылдаймыз. Ниет білдірушілердің сұрақтары болса,  (87222) 54-07-44, 8 747 311 40 63 және 8 800 080 77 71 (Қазақстан бойынша байланыс тегін) жедел телефон желісі нөмірлеріне хабарласуларына болады, — деп атап өтті Айнагүл Ғалымбекқызы.

Нұрдәулет КӘКІШЕВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

5 дней бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

5 дней бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

5 дней бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

5 дней бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

5 дней бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

5 дней бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

5 дней бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

5 дней бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

5 дней бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС