"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚҰРЫЛЫС ИНДУСТРИЯСЫНДА ҮЛЕСІ БАСЫМ

18.09.2015
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде қала әкімі Ермак Сәлімов Семейдегі іргелі өндіріс ошақтарының бірі  «СәтТранс» ЖШС-де болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кездесу барысында мекеме басшылығы бүгінгі таңдағы өндіріс пен  таяу болашақтағы жоспарлары жайлы мәліметтермен бөлісті.

{jcomments on}Айта кетер болсақ, «СәтТранс» ЖШС Индустриализация картасы шеңберінде 2013 жылдың желтоқсан      айында іске қосылған болатын. Бүгінде өндіріс қуаттылығы аса жоғары. Кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салуға қажетті құрылыс материалдарын өндіреді. Осы арқылы өңір тұрғындарын қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде елеулі үлес қосып келеді. Кәсіпорын қазіргі таңда толығымен автоматтандырылған, заманауи қондырғылармен жабдықталған.

Комбинатта шикізат материалдарын дайындаудан бастап дайын өнімді өндіруге дейінгі аралықта технологиялық үдерістің бүкіл тізбегі орналасқан. Зауытта сонымен қатар өз темір жол тұйық желісі, дайын өнімдер сақтайтын қоймасы және республикалық маңыздағы автотрассаға шығатын кірме жол бар.

«Сәт Транс» ЖШС-де шығарылатын материал ірі панельді үйлердегі материалдармен салыстырғанда екі есе жеңіл әрі құрамындағы темір үш-төрт есеге дейін аз. Бұл — өнімге жұмсалатын шикізат шығыны аза-йып, тұрғын үйлер анағұрлым арзанға түседі деген сөз. Сонымен қатар комбинат цехтарында әртүрлі пішіндегі бояулы тақтатастар шығарылады. Айталық, 1,20-дан 1,50 метрге дейін,  6 метрлік, 12 немесе 20 метрлік плиталарды арнайы  тапсырыс арқылы да жасатуға болады. Комбинат өнімдері, қолжетімділігімен қатар, жылдам тұрғызылатындығымен де ерекшеленеді. Өйткені құрастырмалы нысан материалдарының 95 пайызы дайын күйде осы жерден шығады.

 

Қала әкімі Ермак Сәлімов зауыт басшылығынан қазіргі қалыптасқан қаржылық-өндірістік ахуал жайлы сұрастырып, тың мағлұматтарға қанықты. Қазіргі күні аталмыш өндіріс орнында аса өзекті мәселе жоқ. Қайта аймағымыздағы құрылыс индустриясының қарқын алуы себепті, сұраныс көлемі жыл өткен са-йын артып келеді екен.

 

Отандық индустриялық құрылыс комбинаты өнімдері, Шығыс Қазақстан өңірінен өзге, Астана қаласы мен Павлодар облыстарына да жібе-ріледі. Ресейлік құрылғылармен жабдықталған комбинат әзірге жылына 50 мың шаршы метр бетон материалдарын шығаруға қауқарлы. Сондай-ақ өнім түрлерін жаңартуды да қолға алған. Мәселен, жер сілкінісі кезіндегі сақтық үшін қажетті сейсмикалық каркас шығаруға да қол жеткізілген. Қорыта айтқанда, кәсіпорындағы қызу еңбек уақыт өткен са-йын жанданып келеді.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

03.09.2026
Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

Абай облысында мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Заманауи электрондық сервистер азаматтар мен бизнес өкілдеріне қажетті қызметтерді қашықтан алуға...

Толығырақ...Details

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

03.09.2026
«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

3 қыркүйек – Тазы және төбет күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының өкілдері Семей қаласында ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген...

Толығырақ...Details

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

02.09.2026
Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

Кәсіпкерлік ортаның тұрақты дамуына қаржылай қолдау мен жеңілдетілген несиелер ғана емес, бизнестің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы да тікелей әсер ететіні...

Толығырақ...Details

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Кірістер мен мүлік туралы декларацияның ауқымы енгізілген өзгерістерге сәйкес қысқарды. Бұған дейін жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы үш кезеңі бойынша көптеген...

Толығырақ...Details

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вокзал инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында республика бойынша 124 вокзал,...

Толығырақ...Details

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

01.09.2026
Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

Семейде өңірдегі алғашқы жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School Semey ашылып, алғашқы қатысушылар оқуын бастады. Іс-шараға Абай облысы цифрлық технологиялар...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Мемлекеттік кірістер департаментінің цифрландыру бағыты: мемлекеттік қызметтер жылдам әрі ыңғайлы бола түсуде

4 дня бұрын

«22 наурызда босағама келді. Содан бері төрден орын алды»: Тауманның тағдыры – қазақтың тазыға деген құрметінің көрінісі

4 дня бұрын

Кәсіпкер құқығын қорғау: нақты істер, жүйелі шешімдер

5 дней бұрын

270.00 декларациясы: кім тапсыруы қажет және нені білу маңызды

6 дней бұрын

Абай облысында Жалаңашкөл теміржол вокзалы пайдалануға берілді

6 дней бұрын

Болашақ бүгіннен басталады: Семейде Tomorrow School жасанды интеллект мектебі ашылды

6 дней бұрын

Абай облысында жаңартылған үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

1 неделя бұрын

Таза Қазақстан — таза ел өзімізден басталады

1 неделя бұрын

Абай облысында «Таза жағалау» акциясына 14 мыңнан астам адам қатысты

1 неделя бұрын

ТАРИХПЕН ТІЛДЕСКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТУЫНДЫ

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС