"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ СЕМЕЙДЕ

22.09.2015

Астана қаласында бастау алған Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы 18 қыркүйек күні Павлодар облысынан Семейге келді. Экспедиция мүшелерін Қазақстан халқы Ассамблеясы ШҚО хатшылығының басшысы Еркімбек Аязбаев пен қалалық Достық үйінің директоры Аманғазы Тілеубаев және қалалық этномәдени орталықтарының өкілдері қарсы алды. Одан кейін қалалық Достық үйінде Павлодар облысынан келген экспедиция мүшелері кітап-күнделікті семейліктерге тапсыру рәсімін өткізді.

{jcomments on}«Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясының қасиетті Семей жеріндегі ізгілікті сапары қала тұрғындарымен, этномәдени бірлестік өкілдерімен өткізілген «Жер тарихы —  ел тарихы» атты дөңгелек үстелмен басталды. Салтанатты жиында Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова экспедиция мүшелеріне жылы лебізін білдірді.

— Ұлт Жоспары — 100 нақты қадамның негізгі ережелерін тиімді іске асыру мақсатында және 86-87-ші қадамдарға сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен бірлесе отырып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Ұлы Дала Елі» атты республикалық тарихи-мәдени экспедиция ұйымдастырылды. «Жер тарихы — ел тарихы»тақырыбындағы дөңгелек үстел осы республикалық тарихи-мәдени экспедициясы аясында қолға алынған болатын. Экспедицияның мақсаты — еліміздегі ұлттар достастығын, бірлігін және тұрақтылығын паш ету,- деді Н.Шарова.

Ал Қазақстан халқы Ассамблеясы Павлодар облыстық хатшылығының басшысы Сейсенбай Жетпісбаев өз кезегінде қазақ елінің тарихын халыққа танытып, насихаттауда «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы атқарған жұмыстың маңызы зор екенін атап өтті.

 

— Павлодар облысында бастау алған «Ұлы Дала Елі» республикалық тарихи-мәдени экспедициясы аясында біраз жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні барлық шаралардың қорытындысын жасай келе, атқарылған маңызды істерді мына кітап-күнделікке енгізіп отырмыз. Ал маған Семей қаласына келіп, осы күнделікті тапсыру міндеті жүктеліп отыр. Сіздерге де экспедиция аясында нәтижелі жұмыстар атқаруларыңызға тілектеспіз, — деген Сейсенбай Қалижанұлы экспедиция кітап-күнделігін ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Еркімбек Аязбаевқа табыс етті.

 

Дөңгелек үстел барысында сондай-ақ ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Еркімбек Аязбаев, қалалық Достық үйінің директоры Аманғазы Тілеубаев, шаһардың тарихшы-ғалымдары мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері сөз сөйлеп, қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық үлгісі жайында әңгімеледі.

Дөңгелек үстел аяқталысымен, қатысушылар қаладағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылған тақырыптық көрмені тамашалады. Айта кету керек, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Ұлы Дала Елі» тарихи-мәдени экспедициясы аясында Шығыс Қазақстан облысы аумағында 25 қыркүйекке дейін түрлі шаралар ұйымдастырылады. ШҚО-дан кейін экспедицияның кітап-күнделігі Алматы облысына табысталатын болады.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

1 час бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

1 час бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

1 час бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

5 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

18 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

23 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

23 часа бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

23 часа бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

23 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС