"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

22.09.2015

Өткен сенбі күні Семей қаласының «Спартак» стадионында шаһарымыздың мемлекеттік қызметшілері мен БАҚ өкілдері командалары арасындағы футболдан жолдастық кездесуі өтті. Мемлекеттік қызметшілер командасын Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов бастап шықты. Айта кетуіміз керек, БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы жолдастық кездесу дәстүрлі түрде өтіп келеді.

{jcomments on}Жасыл алаңға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мен қала әкімі Ермак Сәлімовтен өзге, қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов, мемлекеттік басқармалар мен бөлімдердің басшылары, депутаттар шықты. Ал қалам ұстаған қауымның командасы құрамына жергілікті телеарналар мен мерзімді баспасөз басылымдарының қызметкерлері кірді.

Жолдастық кездесу қала әкімі Ермак Сәлімовтің бастамасымен өткізілді. Негізгі мақсат жас-тар арасында спортты және дене шынықтыруды насихаттау болып табылады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер мен БАҚ өкілдері арасындағы қарым-қатынасты нығайту, қызметкерлердің бірлігін, корпоративтік мәдениет пен ұжымдар арасындағы ұйымшылдықты одан әрі жандандыра түсу. Са-йысқа қатысушыларды ең алдымен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар құттықтады.

— Құрметті семейліктер және жанкүйерлер! Спорт әр адамның серігі болуы керек. Сондықтан да бүгінгі БАҚ өкілдері мен мемлекеттік қызметшілер арасындағы кездесу қалың бұқараға спортты насихаттаудың бір түрі болып саналады. Өздеріңіз білесіздер, жақында біздің жа-уырыны жерге тимей жүрген   балуандарымыз бен қазақ өнерінің жұлдыздары осында бақ сынаған еді. Бүгін, міне, кезекті жолдастық кездесу өткізіліп отыр. Біз осындай шаралар арқылы жастарды спортты серік етуге шақырамыз,- деді облыс әкімінің орынбасары Ж.Омар.

 

Жалпы, жолдастық кездесу тартысты өтті. Ойынды БАҚ өкілдері белсенді шабуылдармен бастаған болатын. Дегенмен мемлекеттік қызметкерлер де қарап қалмай, қарымта шабуылдар ұйымдастыра білді. Осындай сәттерде Жақсылық Мұқашұлы тарапынан жеткен допқа иелік еткен Әсемхан Досқожанов есеп ашуға мүмкіндік алды. Осылайша, командалар үзіліске 1:0 есебімен тарқасты.

 

Үзіліс барысында тілшілер қауымына сұхбат берген қала әкімі Ермак Сәлімов пен ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омар жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеуде осындай спорттық шаралардың аса қажет екенін атап өтті.

— Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спортты, оның ішінде футболды осылайша өзіміз ойнау арқылы насихаттау-ды қолға алдық. Мұндай спорттық ойындар өте қажет. Алдағы уақыттарда спорттың шаңғы, коньки, веложарыс сияқты түрлерін де насихаттайтын боламыз. Ал мұндай шараға жастарды кеңінен тартуымыз керек, — деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың айтуынша, өңірде, ең алдымен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халықтық спорт түрлерін кеңінен насихаттау — күн тәртібіндегі жұмыстардың бірі.

— Атқарушы билік пен бұқара халықтың арасындағы алтын көпір журналистер дейтін болсақ, біз,  мемлекеттік қызметкерлер, әрқашан да халықтың ішінде жүрген мамандармен бірге жұмыс істеуіміз керек. Осындай жолдастық кездесулер нәтижелі жұмыстардың негізі әрі бастамасы болады, — дейді Жақсылық Мұқашұлы.

Кездесудің екінші жартысында журналистер командасы өз қақпаларына тағы бір доп өткізіп алды. Жолдастық кездесу 2:0 есебімен мемлекеттік қызмет-шілер командасының жеңісімен аяқталды. Сайыс соңында үздік ойыншылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Асан МЫРЗАХАНОВ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

1 час бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

1 час бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

1 час бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

5 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

18 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

23 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

23 часа бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

23 часа бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

23 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС