"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

25.09.2015

«НұрОтан» партиясы Семей қалалық филиалының мәжіліс залында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде мемлекеттік органдардағы ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының орындалу барысы туралы және Семей қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы екі сұрақ қаралды.  Жиынға партиялық бақылау комиссиясының мүшелері, жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ қала әкімдігінің дербес бөлім басшылары қатысты.

 

{jcomments on}Бірінші мәселе, мемлекеттік органдардағы ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының орындалу барысы туралы Семей қаласы әкімдігінің құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы С. Байғалтинова баяндап өтті.

 

— Қалада жеке және заңды тұлғалардың  жазбаша және ауызша өтініштерін қарастыру жұмысы ҚР 2007 жылғы12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Аталмыш жұмыстың басты бағыты жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын ұйымдастыру, жазбаша және ауызша өтініштерін қарастыру, тұрғындардың шағымдарының туу себептерін анықтау болып табылады.  Қала әкімінің аппараты, жергілікті атқарушы органдар, ауылдық округ әкімдері азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдауды бекітілген кестелерге сәйкес жүргізеді. Барлық өтініштер бойынша белгіленген мерзімде түсініктер беріліп отырады. Жалпы ағымдағы жылдың 8 айында қала әкімдігіне 2152 арыз шағым келіп түскен. Олардың 1788 жеке тұлғалардан, 364 заңды тұлғалардан, — деп атап өтті Сайран Байғалтинова.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері аталмыш сұрақ бойынша мемлекеттік қызметкерлерге халықтан келіп түсетін әрбір өтінішті дер кезінде, жан-жақты және  толықтай қарау мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігіне тоқталды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе қаладағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайында Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы баяндады.

Марат Нүгеровтің айтуынша, қалада бағаны тұрақтандыру мақсатында арнайы штаб құрылған. Осыған орай, азық-түлік, дәрі-дәрмек бағаларының негізсіз көтерілуінің алдын алу мақсатында тәулік бойы арнайы сенім телефондары жұмыс істеуде. Қала тұрғындары бағаның негізсіз көтерілген фактілеріне куә болған жағдайда мына телефон нөмірлеріне хабарласуларына болады: 52-43-92.  Сондай-ақ М. Нүгеров бағаны бірқалыпты ұстап тұру өте маңызды екенін, алайда қаладағы барлық сауда нүктелерін тұрақты түрде бақылау мүмкін емес екенін, сондықтан бұл жұмыста сатып алушылардың да көмегі қажеттігін айтты.

Жиын соңында партиялық бақылау комиссия мүшелері мемлекеттік қызметкерлерге аталмыш маңызды мәселелерге жауапкершілікпен қарауға шақырып,  айтылған сұрақтардың барлығы партия назарында болатынын айтты.

Дархан ЖҰМАДІЛОВ, «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

57 минут бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

59 минут бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

1 час бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

5 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

18 часов бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

23 часа бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

23 часа бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

23 часа бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

23 часа бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС