"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АТМАЧИДИ АТЫНДАҒЫ ДӘРІСХАНА АШЫЛДЫ

25.09.2015
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта дүйсенбісінде қаламыздағы іргелі кәсіпорындардың бірі «Құрама темір-бетон ӨБ» ЖШС-де Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, «Алтын жұлдыз» орденінің иегері, Халық қаһарманы, аталмыш кәсіпорынды ұзақ жылдар бойы басқарған Аким Атмачиди атындағы дәрісхананың ашылу салтанаты болып өтті.

Аталмыш шараға қала әкім Ермак Сәлімов бастаған әкімдік өкілдері, Аким Ивановичтің әр жылдардағы өнегесін көрген шәкірттері, әріптестері мен жолдастары жиналды. Алдымен дәрісхананың ашылу рәсімі өтіп, лента қию рәсімі жасалды. Осыдан соң құрметті қонақтар дәрісханаға қойылған жәдігерлермен танысты.

 

{jcomments on}Кабинетте Аким Ивановичтің өмірі жайлы мол мағлұмат беретін көрнекіліктер қойылған.  Әсіресе, семейлік ерен еңбек адамының әр жылдарда Елбасы Н.Назарбаевтың қолынан түрлі марапаттар алған сәті көрініс тапқан  фотосуреттер қойылыпты. Сонымен қатар ол басқарған еңбек ұжымының жеңіп алған еңбек қызыл туы да төрден орын алған.

 

— Бүгін тағдыры аңызға айналған, Семей өңірі үшін, байтақ еліміз үшін елеулі еңбек сіңірген Аким Атмачидидің туған күні қарсаңында оның атына дәрісхана ашылып жатыр. Білетініміздей Аким Ивановичтің ізбасар шәкірттері көп. Ол сондай-ақ кейінгі буын үшін еңбек адамының үлгісі болып саналады. Ерен еңбегі мен көреген басшылығының арқасында артына жарқын естеліктер қалдырған тұлға бейнесі жерлестерінің жадында ұмытылмасы анық. Бұл кабинеттен Аким Атмачидидің адами болмысын, еңбектегі жетістіктерін ғана емес, өзі өркендеуіне үлес қосқан Семей өңірінің өндіріс саласындағы өткен тарихын да көргендей болдым, — деді өз сөзінде қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Сонымен қатар Е.Сәлімов дәрісханаға әкелген арнайы сыйлығын да тарту етті.

Дәрісханаға қойылған жәдігерлерді комбинатта қызмет еткен А. Атмачидидің әріптестері жинастырыпты. Алдағы уақытта оның есімімен байланысты деректер мен фотосуреттер, бұйымдар әлі де жинастырыла бермек. Бұл жайында түсінік беріп өткен іргелі кәсіпорын басшысы Баласұлтан Абдуллаев өзі ұстаз тұтатын адамның өмір жолдарына, көрсеткен қамқорлықтары жайында да кеңінен тоқталды.

Өндіріс саласындағы алғашқы еңбек жолын дәл осы темір-бетон құрастыру комбинатында техник-лаборант ретінде бастап, түрлі өндірістік қызметтерді атқарған Аким Атмачиди 1966 жылдан бастап осы кәсіпорынның бас директоры болған еді. Осы кезеңде ол басқарған кәсіпорын құрамында әр түрлі үлгідегі темір-бетон конструкциялары мен бұйымдарын өндіретін 3 комбинаты, 3 зауыты бар ірі бірлестікке айналды. Ол басшылық еткен уақыттың ішінде бірлестік өнім шығару көлемін 21 есе ұлғайтып, республикадағы ең негізгі базалық салаға айналды. Кәсіпорынның ішкі технологиясы жетілдіріліп, өндірістік процестер толықтай автоматтандырылды. Тағы бір маңызды жайт, Аким Иванович өндірісте шыңдалған көптеген шәкірттер тәрбиелеп шығарды.

Осы жайында пікір өрбіткен кәсіпорын басшысының орынбасары Бекболат Мусин Халық қаһарманының адами қасиеттері жайында да айтып өтті.

Халық қаһарманы атанған тұлғаның есімі жерлестерінің жадында ұзақ сақталатыны анық.

Қуаныш ЖОЛЫМБЕТ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

17.08.2026
Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Абай облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын...

Толығырақ...Details

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

17.08.2026
Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданғаннан кейінгі алғашқы Құрылтай сайлауы мемлекеттік басқарудың тиімді әрі жауапты форматына көшу үдерісін аяқтайды. Мұндай пікірді Сиань...

Толығырақ...Details

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

17.08.2026
Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

Абай облысындағы ірі су қоймаларында 2,12 млрд текше метр су жинақталған. Бұл олардың жобалық көлемінің 89,2%-ын құрайды. ҚР Су ресурстарын...

Толығырақ...Details

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

16.08.2026
Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауын кезекті сайлау науқаны ретінде ғана емес, Қазақстанның жаңа саяси архитектурасын легитимдеу ретінде қарастырған жөн. Мұндай...

Толығырақ...Details

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

14.08.2026
Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

13 тамыз күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Партиялар бәсекесі: идеялар, бағдарламалар және сайлаушы үшін...

Толығырақ...Details

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

14.08.2026
Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

Құрылтай қордаланған мәселелердің шешілуіне ықпал етеді. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының «Бүгін Live» бағдарламасында саясаттану ғылымдарының докторы Әсем Қайдарова айтты....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша 728 өтініш қаралды

8 часов бұрын

Жаңа сайлау жүйесі партияларды жауапкершілігін арттыруға ынталандырады — сарапшы

8 часов бұрын

Абай облысында су қоры суару маусымына жеткілікті

11 часов бұрын

Құрылтай сайлауы Қазақстанның жаңа саяси жүйесін қалай өзгертеді – сарапшы пікірі

1 день бұрын

Бағдарламалар бәсекесінен шешімдер бәсекесіне: сарапшылар «Сайлау-2026» партиялық науқанын талқылады

3 дня бұрын

Құрылтайдың саяси бәсекедегі рөлі қандай – сарапшы пікірі

3 дня бұрын

Мемлекеттік қызмет жастарға жаңа мүмкіндіктер ашады

4 дня бұрын

Партиялар өңірлерде еңбекақы, өндіріс және әлеуметтік сала мәселелерін талқылады

4 дня бұрын

Абай облысында экологиялық заңнама талаптарының сақталуына бақылау күшейтілді

5 дней бұрын

Абай облысында колоректальды обырды ерте анықтау көрсеткіші артты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС